Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қаражатсыз бизнес – аңыз ба, шындық па?

Сәлем, құрметті оқырман.

Менің бүгін айтатыным ол қаражатсыз бизнес бастау мүмкіндігі туралы. Соңғы уақытта мен әлеуметтік желіде отырғанда байқаймын, “Баршаңызды қаражатсыз, сатусыз бизнес шақырамын” – деген мағынадағы жарнамалар көп кездеседі. Соның көріп ойлайсың: “Қаражатсыз сатусыз ол қандай бизнес?”. Дәл қазір осы тақырыпты әрі қарай өрбітейік.

Бірінші бизнес дегеннің не екенін түсініп алайық. Бизнес — табыс табу мақсатында жасалатын жекелей заңды істер. Оны бастау үшін көлеміне байланысты әрқалай ақша кетеді және соны дұрыс жарата білетін ақыл керек екені бесенеден белгілі.

Мен жеке өзім көптеген адамдарды көрдім, бизнесті қаражатсыз аштық деп айтатын. Менің пікірім ешқандай бизнес қаражатсыз құрылмайды, бизнес ашу үшін аз да болса, қаржы керек. Белгілі бір орынға көлікпен жеттім дегеннің өзінде, сол көлікке міну үшін аяқпен жүру керегін ұмытпаған жөн. Бұл сол сияқты.

Өзіңіз ойлап көріңізші қаражатсыз не бизнес жасауға болады? Негізі бизнесті қаражатсыз аштым дейтіндерді ел арасынан көптеп кездестіруге болды. Істеген істеріне қарасаң қаржы кеткен, бірақ оны шығын деп есептемейді. Мысалы ғаламторда офферлік тауарларды сататындар бар. Ісіне қарасаң шынымен шығын жоқ сияқты, бірақ ғаламторға кететін шығынды ескеру керек. Ол үшін айына ең жоқ дегенде 1000 теңге шығындалады. Шындығына келетін болсақ бұны аз ақшамен бизнес бастау десе дұрыс болады.

Жақсы ақша табу үшін, жақсы ақшаны айналымға салған дұрыс. Егер дұрыстап жұмыстанса шығынды ақтап алуына болады.

Сатусыз бизнес болуы мүмкін бе?

Ғаламторда сатусыз бизнес деп жарнамалап жүрген желілік маркетингпен айналысатын адамдарды көп кездеседі. Бірақ бұл қып-қызыл өтірік. Кейбір бизнес түрлерінің сатылымға тәуелсіз болуы мүмкін, бірақ бұл жобалар тікелей сатылымға негізделген және түбі бір сатылымға келіп тірелетіні рас, мен оған кепілдік беремін.

Қазіргі уақытта сатылымға тәуелсіз бизнес түрін де жолықтыру қиын, бірақ сәл болса да кейбір жерлерде аздап жолықтыруға болады. Бірақ бизнестің кем дегенде 95% сатылымға тәуелді. Ақша табу үшін бірінші сатуды үйренген дұрыс.

Тауардан бастап, қызмет түрлеріне дейін сатып жақсы ақша табуға болады. Сіз сатылымға тәуелсіз қандай бизнес түрлерін білесіз?

Мен өз басым мысал ретінде сатылымға тәуелсіз бизнес түрлерін жазайын десем, ойыма келмей тұр. Егер сіз білсеңіз пікірге жазыңыз.

Бизнес ашуға жаңа мүмкіндік

Жоғарыда айтып өткеніміздей көлеміне байланысты бизнес ашуға кететін шығын да әртүрлі болады. Көлемін баланысты негізгі 3 топқа бөлінеді: шағын, орта, ірі бизнес. Елімізде экономиканы көтеру үшін шағын және орта бизнесті алғы қоюға күш салып жатыр. Егер осы бір түрлерін таңдап айналысқыңыз келсе мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі және салық жағын да оңтайландырып береді. Егер білетін болсаңыз кейбір шет елдерінде бизнесмендер табысының 60-70% мемлекетке салық ретінде өткізуге міндетті, ал бізде ол көрсеткіш 3%, бұл барлығына арналған, қосымша көмекті ескермегенде.

Өз бизнесін ашқысы келген тұлғалар DAMU – сияқты ұйымдардан аз пайызды несие алып кәсібін алға қоюына болады.

Қандай кәсіп түрі болса да оңай жағына қарай ұмтылмағанымыз дұрыс, соңғы жаңалықтарға қарап отырсам, әртүрлі қаржы пирамидасына немесе мол қаражат табамын деп казино ойнап тақырға отырғандар көп. Өйтіп, қораға кіргенше ой өрісін кеңейтіп, әрі қарай дамыған дұрыс емес пе? Ешқандай ақша оңай жолмен келмейді. Нағыз ақша асфальтпен келеді(қалжыңдаймын).

Бүгінше осы, негізі бизнес турлы кейбір сұрақтарға жауап болды деп есептеймін.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
Бахтияр АктуМаңғыстау Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Маңғыстау
Қонақ
Маңғыстау

Асфальтпен дегенде ойланып қалдым) Керемет мәлімет. Осындай пайдалы ақпараттарды көбейте бер.
Рахмет

Бахтияр Акту
Қонақ
Бахтияр Акту

Жақсы ақпараттар Ереке