Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қашықтан жұмыс істеу жүйесі немесе үйде отырып жұмыс істеу туралы

Сәлем, құрметті оқырмандар.

Халықты жұмыспен қамту қазіргі уақытта үлкен мәселелердің бірі және Қазақстан халқының 4-5% жұмыссыз қатарында. Бүгінгі блог бұған емес, керісінше қазіргі уақытты қалыптасып келе жатқан жұмыс істеу жүйесі туралы болмақ. Егер сіз де жұмыссыз жүрен болсаңыз, құлағыңызға алтын сырға.

Бұл аталған жүйе – қашықтан жұмыс істеу. Бұл негізі ғаламтормен байланысты, осы жүйе арқылы офиске бармай, тікелей үйде жұмыс істеуге болады. Орысша айтқанда “Удаленная работа”. Әрі қарай осы туралы әңгіме қозғайық, себебі бұл жұмыссыз жүргендер үшін өте пайдалы.

Қазіргі заманда кейбір мамандық түрлеріне сұраныс жақсы, ал кейбіріне сұраныс төмен. Қашықтан істеуге болатын мамандықтарға сұраныс жақсы. Мысалы егер сіз дизайнер, аудармашы немесе бағдарламашы болсаңыз қашақтан жұмыс істеу аласыз. Бұл әрине бәрі емес, тек осы блогты жазып отырған кезде ойға түскендері.

Дәл қазіргі уақытты кез-келген мамандықта қашықтан жұмыс істей алмаймыз. Дегенмен заман ағымына сайт компьютерлендіру дамыған сайын көптеген мамандықтар да осы жүйеге бейімделе түсе бастағанын айтқым келеді. Мысалы мұғалім мамандығы. Иә бұны да қазіргі технологиялар арқылы қашықтан істеуге мүмкіндік бар. Бірақ барлық жерде жоқ, кейбір елдерде оқушылар да, мұғалімдер де мектепке бармай үйден оқып, үйден оқытып жүр. Бұл да қашықтан жұмыс істеуге бір мысал. Бірақ менің айтпағым мұғалім болып та қашықтан істеуге болады деген ой емес, керісінше заманауй технология қашықтан басқаруға бейімделіп жатыр.

Болашақта барлығымыз да офистік жұмысты ұмытып ғаламтор арқылы жұмыс істеуге көшуіміз әбден мүмкін.

Енді ең негізгі тақырыпқа оралайық. Менің өзімнің жеке байқағаным аудармашыларға қашықтан жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік бар. Бір жағынан ойлап қарасаңыз аудару үшін офиске барудың да керегі шамалы, сондықтан қандай да бір шет тілін білетін болсаңыз, жұмыс тауып алуға мүмкіндік бар.

Қашықтан жұмыс істеу жүйесі ғаламтор мен компьютерді қажет етеді деп айта аламыз. Егер осы түрде жұмыс жасағыңыз келсе сізге бірінші қажет болатындары осылар.

Жалақы жағына келетін болсақ, бұл үлкен мәселе емес, қашықтан істеуге болатын мамандықтарға сұраныс жақсы және жалақысы да жақсы.

Осы жүйеде жұмыс істегіңіз келсе мен сізге бірнеше мамандықты ұсынып қарайын:

Бағдарламашы – нағыз заманауй мамандықтардың бірі және ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатады, табысы да жақсы. Көптеген компаниялар бағдарламашыларды қашықтан жұмыс істеуге шақырады, жұмыс іздеуші сайттардан осындай жарнамаларды кездестіруге болады.

Бағдарламашының негізгі міндеті компьютермен байланысты болғандықтан, арнайы түрде офиске баруды да қажет етпейді, сондықтан бағдарламашыларға қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болып тұр.

Дизайнер – толығырақ айтатын болсақ, әртүрлі сайттар, баннерлер және сол сияқты жұмыстарды жасайтын мамандарға ғаламторда сұраныс жақсы.

Веб-дизайнер болсаңыз толық түрде қашықтан жұмыс істей аласыз.

Копирайтер – жарнамалық ақпараттар және мақалаларды жазушы маман. Бұл соңғы уақытты ғана пайда болған мамандықтардың бірі және сұранысқа ие, сонымен қоса оның жұмысы кейбір орталарда өте маңызды. Мысалы жарнамалық мәтіндер жазатын копирайтер жұмысының маңызы зор, себебі жарнама жасалатын тауардың немесе қызмет түрінің қанша рет сатылатыны осыған тікелей байланысты. Көптеген жарнама агенттіктері немесе компаниялары осы мамандарды қажет етеді және қашықтан істеуге мүмкіндік беріп қойған.

Аудармашы – бір тілден екінші бір тілге аударатын маман. Бұл туралы жоғарыда да ғана айтып өткен болатынбыз. Аудармашы мамандар соңғы кездері көптеп сұранысқа ие. Айтпақшы, сіз де естіген боларсыз, Қазақстан латын әліпбиіне көшетін болады. Ал енді осыдан кейін аудармашылар қанша көп болса да сұраныс бірден артып кететініне сенімдімін. Аудармашыларға Қазақстанның латын әріптеріне көшуі үлкен жұмыс сыйлап отыр. Осы орайда айта кетейін, Қазақстанның латын әрпіне көшуін мен де қолдаймын, себебі халықаралық қатынастарды жақсарту біз үшін аса маңызды, ал әлем халқының 80% — дан астамы осы латын әрпін қолданатындықтан бұл біздің өзге де халықтармен тығыз қарым-қатынасымызды жақсартады деп есептеймін.

Сатушы менеджер  — берілген тізім арқылы сатылым жүргізуші маман. Бұл үшін сіздің адамдармен жақсы тіл табыса алатын қабілетіңіз болғаны сіз үшін де, жұмыс беруші үшін де жақсы болады. Себебі сатылым менеджерінің негізгі міндеті берілген тізім бойынша хабарласып берілген тауарды немесе қызмет түрін сату, ал бұл үшін адамдармен жақсы тіл табыса білу маңызды.

Сатылым менеджері болып офисте де, қашықтан да жұмыс істеуге болады, көптеген компаниялар бұл жұмысты қашықтан істеуге мүмкіндік беріп отыр және табысы да жақсы. Көптеген жұмыс беруші орындар менеджерлерге жалақыдан бөлек, сатылымнан түскен ақшаның да белгілі бір мөлшерін береді.

Жалпы қашықтан жұмыс істеу жүйесі, жұмыссыз жүрген халық үшін жаңа бір мүмкіндік, сондықтан пайдаланып қалу керек. Бұл мемлекет экономикасының дамуы үшін де пайдалы.

Егер жазба ұнаса өз пікіріңізді де қалдыра кетіңіз және блог жаңалықтарына жазылуды ұмытпаңыз.

Келесі блогта кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar