Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Ешқандай мәселе болмас үшін, қазіргі уақытта неге көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Жалпы алатын болсақ, қазір айналысуға тұрарлық жұмыстар, сондай көөөөөөөп. Кейбіреулер немен айналысарын білмей жүр.

Сондықтан мен дәл қазіргі уақытта неге көбірек көңіл бөлуіміз керек, солардың тізімін сіздерге ұсынамын.

Жастардың сапалы білім алуы

Бұл қай ғасыр болсын, қай патшаның заманы болсын алғашқы орында тұрған дүние. Егер бұл болмаса, көштің соңында қалып қоямыз, оған да ере алсақ әрине. Сондықтан жастардың сапалы түрде білімді болуы керек, мен оқуы керек деп тұрған жоқпын, сапалы түрде білім алуы керек. Яғни қорадағы малға сенбей, бастағы шарикке сенетіндей дегенім ғой жалпы.

Бұған да жақсы жағдайлар жасалып отыр, әсіресе осы Қазақстанда. Оқимын деген адамға мүмкіндік жақсы жасалып жатыр. Ал сылтау керек адамға, сылтауды да табуға болады.

Бұның бәрі мектеп қабырғасында басталатыны белгілі, ал оларға білім беретін ұстаздардың да жағдайын, бірінші кезекте жоғарылату керек болады. Ұстаздың дәрежесі қоғамда төмендеу екені, жасырын емес.

Заманауй технологияларға бейімделу

Заманауй технологиялар деп отырғаным , интернеттен бастап үйдегі компьютерге дейінгінің барлығы. Жастар жағына енді, әңгіме жоқ, бірақ орта жас пен одан жоғарылары бұған қатты бейімделмеген, іс жүзінде солай.

Қазақстан қазір цифрлық технологияларға көшіп жатыр, бұған жастар ғана емес барлығымыз ілесіп отыруымыз керек.

Модадан қалмай киінеміз ғой, осыған да солай қарауымыз қажет.

Діни сауаттылық

Жоғарыдағыларға қарағанда бұл жағынан әлсіз болатын болсақ, соңы жаман болады. Қазір неше түрлі секталар, діни ағымдар, экстремизм, тағы не бар? салафизм өршіп тұр. Егер дінге келгенде әлсіз болып, жоғарыдағы айтылғандарды жетік білетін болсаң, соңында біреудің қолшоқпары болып кетуің мүмкін. Сондықтан күшті мұсылмандар қатарында болуымыз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай – күшті мұсылман, әлсіз мұсылманнан артық.

Осы темада әңгіме айтылып жатқа кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, соны ажырата алатында деңгейде болғанның өзінде, біз біраз бәледен аулақ жүреміз.

Бұл жағына да, біраз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектептерде, жоғары оқу орындарында, мешіттерде және осы сияқты тағы да басқа орындарда уағыз — насихаттар жүргізіп жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз, бұл жерде басты рөл, мен ойлаймын ата-анада. Егер әркім өз баласына дұрыс ілім бере алса, жаман діни ахуалдың ешқайсысы болмас еді, қой терісін жамылған, қасқырларға ермей аулақ жүретін еді.

Жұмыс істеп, елге қызмет ету

Халықты жұмыспен қамту да, алдыңғы қатарлы, шешілуі тиіс тапсырмалардың бірі. Қазір істеймін деген адамға жұмыс көп.

Сондықтан жылы креслоны армандамай, ода отырғандарды жамандамай, қолдан келіп тұрған жұмысты істей беру керек.

Жақсы жұмысқа орналасу үшін, әрине жоғарыдағыларды білуіміз керек.

Жалпы менің көзқарасымда басты қажетті дүниелер осы деп есептеймін. Ал сіз нені ұсынар едіңіз?

 

7
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
7 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
ГулнарСагынгалиЖанболатАйғанымЖандарбек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Жандарбек
Қонақ
Жандарбек

Өте дұрыс, қазіргі уақытта осылар керек.

Айғаным
Қонақ
Айғаным

Ертай, тағы да осындай ақпараттар жазыңыз шы, өтінем.

Айғаным
Қонақ
Айғаным

Плиииз

Жанболат
Қонақ
Жанболат

Өте дұрыс жазып отырсың бауырым.

Сагынгали
Қонақ
Сагынгали

Керемет акпараттар жарайсын Ертай

Гулнар
Қонақ
Гулнар

Таң қалып отырмын. біліміміңді жетілдіріп IT ТЕХНОЛОГИЯны мектеп жасындағы балаларға оқытатын ақылы оқу орталығын ашсай Ертай інім

Гулнар
Қонақ
Гулнар

өте білімдісің қай жағынан алсаңда, мен баламды сенен білім уйренуге берем, бала оқутуға қалай көзқарасыңыз