Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Кітап оқу, жаңа көзқарасты қалыптастырады

Сәлем, құрметті оқырмандар!

Кез-келген бір кітапты оқып шыққан кейін, жаңа ойлар, жаңа көзқарас қалыптаса бастайтынын байқайсыз ба және бұл таным көкжиегін кеңейте түседі.

Жылына 1 кітап оқитын адам мен айына 1 кітап оқитын адамның ойлау жүйелері әртүрлі және олардың айырмашылығын да байқауға болады.

Адамның тұлғалық қалыптасуына, кітаптың беретін әсері мол. Мысалы мен мейілінше көбірек оқуға тырысамын және басты ереже: оқығаныңды іс жүзінде пайдаға асыру.

Соңғы рет Майкл Хаяттың “Платформа” – деген кітабын оқып шықтым. Осыдай кейін блогинг туралы және де басқалай тұрғыда да жаңа ойлар, сонымен қоса жаңа көзқарастар қалыптасты дей аламын, әрине дұрыс жағынан.

Әркімнің талғамы әртүрі екені ескеруіміз керек, мысалы мен интернет маркетинг туралы сонымен қоса, жаңа қалыптасып келе жатқан салалар туралы және өздігінен даму туралы, яғни мотивация беретін кітаптарды көбірек оқимын. Себебі бұл маған қызықты. Кейбіреулер үшін, әдеби кітаптар қызықты болуы мүмкін.

Мен кітапты оқымас бұрын, оның авторы, сонымен қоса кітаптың қанша танымалдылығы бар? сол жақтарына мән беріп қараймын. Егер ол әлемдік бестселлер десе әрине, кітапты бірден оқып шығуға дайын тұрасың. Сосын оның авторы, егер әлемдік деңгейде танымал дүниелердің авторы болса, жазған жазғанындай оқып шығуға болады. Бұл дегеніміз, белгілі бір тұлғаның аудиториясы боламыз деген сөз.

Кітапты көп оқу пайдалы емес, ондағы ақпаратты қолдана білсең ол пайдалы, ең жоқ дегенде оқыған ақпаратыңды біреуге айтсаң да – бір пайда.

Кітапта оқығаныңды есте сақтаудың, ең тиімді тәсілдерінің бір ол – оқыған бөлігіңнен үзіндіні жазып отыру және біраз уақыттан кейін қайта оқу.

Мысалы кітаптың бір бөлімін оқып шығасыз да, қысқаша етіп компьютерге немесе кез-келген бір қағазға жазып қоясыз. Одан кейін, қайталау арқылы оқылған ақпаратты еске түсіріп отырасыз, осылай ақпарат есте, ұзақ сақталады және оны іс жүзінде қолдануымызға үлкен мүмкіндік пайда болады.

Қысқаша айтатын болсақ, кітап оқу дегеніміз – жаңа көзқарасты қалыптастырып, таным көкжиегін кеңейту.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
TolegenЕркежанОмарбеков Ержан Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Омарбеков Ержан
Қонақ
Омарбеков Ержан

Кітап оқу шыныменде ой-өрісті дамытады, толықтай келісемін.

Еркежан
Қонақ
Еркежан

Дұрыс айтасыз, кітаптың беретін пайдасы мол. Сондықтан көбірек оқып, оны пайдаға асыра білген дұрыс.

Tolegen
Қонақ
Tolegen

Сенімен толық келісемін!
Бірақ өзім әлі есте сақтап пайдаға асыра алмай жүрмін!