Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Көп ақпарат мида қалу үшін, мен кітапты былай оқимын + құнды кеңес

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Сіздермен бірге Ертай Қуанышов.

Бүгін кітап оқитындар үшін, өте пайдалы ақпарат болмақ. Бірінші мынаны айтқым келеді, кітап оқылғаннан кейін, одағы көптеген ақпараттар есте сақталмайды, сондықтан оны ұмытып қаламыз, ал ұмытатын болсақ, қолдана алмаймыз деген сөз. Сондықтан бұл тапсырманы да шешу керек.

Мен осы тұрғыда мынадай тәсілді қолданамын. Кез-келген кітаптың әрбір бөлімін оқыған сайын, шағын түрде мазмұнын жазып отырамын. Оған мен Evernote деген бағдарламаны қолданамын, мүмкін естіген боларсыз.

Кез-келген кітапта, көп ақпарат бар, бірақ маған оның бәрі керек бола бермейді, оқып отырған кезде, ‘Ох’ – дейтін бір пайдалы ақпарат болады, яғни саған шынымен керек екенін түсінесің, кейін ұмытып қалмас үшін, мазмұнын жазып қою керек.

Бұл дегеніміз бәрі үтір нүктесіне дейін көшіру деген сөз емес. Тек саған пайдалы болған жерлерін ғана.

Оның жазып қоюдың да бірнеше тәсілі бар. Мысалы жәй ғана, қағазға қолмен жазып қоюға болады немесе компьютерге жазып, сақтаса да болады. Мен соңғы нұсқасын қолданамын және соның ішінде айтып өткенімдей Evernote деген, керемет бағдарлама бар. Сізге де қолдануды ұсынамын.

Осы айда 3 кітап оқып шықтым, әрине олардың ішінде маған пайдалы көптеген ақпараттар болды, қазір мен әрқайсының шағын мазмұны жазылған, кейін оны қайта оқып шығамын, сондықтан ол ақпараттар менде ұзаққа сақталады деген сөз, керемет тәсіл!

Сізге де дәл қазір осы тәсілге көшуді ұсынамын, пайдасын бірден түсінесіз.

Мен қазір ойлап отырмын да, мүмкін сіздің де басқаша қолданатын тәсіліңіз бар шығар, егер ондай болса, қуаныштымын, пікірге жазып қалдырыңыз.

Адам миы ақпаратты оқыған кезде, белгілі бір бөлігін, жазған кезде белгілі бір бөлігін, көрген кезде және айтқан  кезде, белгілі бір бөлігін есінде сақтайды. Бұл дегеніміз жазып қана қоймай, біреуге айтып беруге де болады. Ол кезде де ақпарат, жақсы сақталады.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar