Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мен түк дайндалмасамда үздік оқыдым, қалай сонда?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар!

Мектеп бітіргенім бірнеше жыл болды, бірақ әңгіме ода емес, мен компьютерлік программалауға пиар жасағым келіп тұр.

Мен мектеп кезінде, жалпы нашар оқыған жоқпын, шамамен 10 сыныпта компьютер қолға тигеннен кейін, сабақты мүлде оқуды қойдық, шамасы бәрі сондай болар? Бір қызығы мынада да, сабақ түк оқымайсың, бірақ алатын  бағаң бұрынғыдай, жақсы. Себеп өте қарапайым, мен сол уақытта компьютерлік программалаумен әуестендім. Ол өз кезегінде адамның ойлау жүйесін өзгертеді екен.

Бұл дегеніміз көптеген алгоритмдерден тұрады, ал оның түсінсең басқасын да миың жетеді деген сөз. Маған әсер еткені осы, осымен айналысқандықтан интелектуалдық ойлау жүйем жетілді. Бұл өте пайдалы.

Негізіне келетін болсақ, сыныптастарымның және ұстаздарымның ойлауы бойынша мен, өөөөөте, сондай, қалай айтсам болады, сабаққа ылғи дайындалып келем екен да! Ойпырым-ай. Негізі жаңа айтып кеткенімдей, мен сабаққа үйде оқымайтынмын, тек компьютер және мен.

Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мейілінше жас кезден бастап балаларды компьютерлік программалауға баулу керек, осыған арналған балаларға арналған курстарға қатыстырған дұрыс. Мектепте үйреніп алам деудің керегі жоқ, ол 9 сыныптан ғана басталады. Ал нағыз керегі 10 – 11 – ші сыныптарда ғана.

Егер білетін болсаңыз code сияқты сайттар бар, ол жерде 4 жастағы баларға дейін осын саланы меңгеріп бастапқы алгоритмдерді түсініп алады.

Осы жобаға, атақты: Microsoft, facebook сияқты көптеген компаниялардың басшылары көмек көрсетуде. Себебін айтатын болсам, олар да жас кезінде, программалаумен айналысқан және оның пайдалы екенін түсініп отыр.

Ал бізде бір жаман түсінік бар, бала – бала болып ойнауы керек, миын ашытудың керегі жоқ – деген сияқты. Бұны мүлде ұмыту керек, әсіресе ата — аналар.

Қазір көптеген үйлерде компьютер бар, ода ойын ойнағанша осымен айналысқан дұрыс. Мен мысалға, компьютерім жоқ кезде, осыған қызыққанмын. Қазір көріп тұрғандарыңыздай….

Бүгінше айтарым осы, не айтуға болады енді, қалғанын келесіде айтамын.

Айтпақшы, осы туралы ойыңызды пікірге жазып қалдырыңыз, байқаймын, постты көп адам оқиды да, пікір жазуға ерінеді. Ерінбеңіз.

11
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
9 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
10 Авторы комментариев
ГулнарканшайымAskarДанаЕртай Қуанышов Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
mr N
Қонақ
mr N

жақсы пост. әрі қарай да жаза бер.
ps: өз өзіңді қатты жақсы көресің. бұл айналаңа жақпас деп ойлаймын

Нұрбол
Қонақ
Нұрбол

Керемет Ертай

Темірхан
Қонақ
Темірхан

Менің тақырыптан тыс қояр сұрағым бар еді.
Криптовалюта немесе, электронды валюта дейді ме? Соңғы уақыттары жиі жарнамаланып, айтылуда.
Сіз жаңа замандық үдеріс пен жаңалықтарға жақынсыз, білетін ақпарыңызбен бізбен бөліссеңіз және алдағы уақытта осы сала бойынша мәліметтеріңізбен тұрақты бөлісіп отырсаңыз?

Жеңіс
Қонақ
Жеңіс

Керемееет бауырым! Жас болсаңда сенің жазған жазбаларыңды оқып жүрем) тыңдайтын құлақ, ұғатын сана болса жақсы дүниелерді жазып жүрсің! Рахмет саған. Шығармашылық шабыт, табыс тілеймін. Қаламың еш мұқалмасын.

Данагүл.
Қонақ
Данагүл.

Мен бұл ойыңа косыламын,дұрыс.Қазір компьютер,интернеттің заманы.бізде де үйде комп бар,балам көөөп оиырады өзі соған үйір болып алған,бірақ ,одан мультфильмдер мен баска да өзіне не кажет соны карап көреді.сонда сүрайын дегенім,қалай баланы программалауға баулу керек?

Дана
Қонақ
Дана

Ия керемет, мен баламды осы салага уйреткім келеді. Неден бастарымды білмей журмін. Кайда апарам?

Askar
Қонақ
Askar

Саган карап қызығып отырмын інім керемет алла пайдалы білімдерді нəсіп етсін халқыңа пайдаң тиеберсін.

каншайым
Қонақ
каншайым

раккмет коп коп балам омир жасын узак болсын

Гулнар
Қонақ
Гулнар

сіз айтқандай компьютерді бағдарлауды уйрететін курс жоқтың қасы. барі ағылшын, логикалық есептеуге арналған садиктер