Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Контекстік жарнама дегеніміз не және оның қандай пайдасы бар?

Ассалаумағалейкум құрметті достар. Бүгін контекстік жарнама дегеніміз не және оның қандай пайдасы бар? деген сұрақтың жауабын қарастырамыз.

Жарнаманың бұл түрі, іздеу жүйелерімен тікелей байланысты. Мысалы Google, Yandex. Осы жарнама түрі арқылы, сайтыңызды белгілі бір сөздер бойынша, бірінші орынға, ақылы түрде шығаруға болады.

Мысалы

Бұл жерде көріп тұрғанымыздай, сайт жасау қызметін ұсынатындар жарнама беріп қойған және ол сайт бірінші орында тұр, қасында реклама деген сөз бар. Яғни “создание сайтов” деп жазған кезде, осы сайт бірінші орынға шығып тұрады. Контекстік жарнаманың қызметі осы.

Енді бір сұрақ туындайды: “Егер сайтым бірінші орында тұрса, оның қандай пайдасы бар?” – деген. Бұл өте пайдалы, себебі іздеген адам, алғашқы орында тұрған сайттарды қарап көреді, көп жағдайды, соңғы орында тұрғандарына назар салмайды. Сондықтан бұны біз, тиімсіз деп айта алмаймыз.

Біздің елімізде Google және Yandex іздеу жүйелері, ең көп қолданылатындары, сондықтан контекстік жарнаманы осы жүйелерге жасайды, сонымен қатар Google – дің Google Adwords және Yandex – тің Yandex Direct – деп аталатын, жарнаманы беруге арналған сервистері бар.

Ішіне кіресіз де, белгілі бір кілтсөздерді белгілеп, осылар ізделген жағдайда сайтыңызды алғашқы орынға шығара аласыз.

Бұны SEO – мен шатастырудың керегі жоқ, себебі SEO – дегеніміз, сайттың техникалық және де басқа көрсеткіштерін дұрыстау арқылы, алғашқы орынға тегін шығару, ал контекстік жарнамада сатыңызда қате көп болса да, ақылы түрде алдыңғы орынға шара аласыз.

Бүгінше осы келесі жазбада кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar