Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қытаймен бизнес жасау туралы

Сәлем достар.

Бизнестің ең көп кездесетін түрлерінің бірі ол – сауда. Иә, біреуден алып екінші бір адамға қымбаттау бағаға сату арқылы кіші бизнестен, үлкен бизнеске дейін жасауға болады.

Саудада ескерілетін жайттардың бірі, саудадан түсетін пайда. Яғни сіз бір тауарды 3000 теңгеге алып, басқа жерге 4000 теңгеге өткізе алуыңыз мүмкін, бірақ баға айырмашылығы деген бар. Егер дым көбірек қоятын болсаңыз, саудыңыз сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан тауарды мейілінше аз бағада алып, басқа жерде қымбатырақ бағада сатуға мүмкіндік беретін басқа бір тәсіл керек. Өзіңіз түсінген боларсыз? Қазіргі уақытта Қытайдан тауар алып Қазақстанда 2-3 есе қымбат бағада сатып жүргендерді мен өз көзіммен көргенмін. Ал бұны сол Қытайдан тауар алып жүргендер ғана, бағасындағы айырмашылықты байқауы мүмкін. Ал басқасы бұны байқай бермейді.

Саудада көбірек табыс табу үшін, көбірек сата білу жеткіліксіз, сонымен қатар тауарды мейілінше арзанырақ жерден алған тиімді. Ал Қытай мен Қазақстанда сатылатын сырттары мен көлемі бірдей тауарлардың баға айырмашылығы үлкен. Мысалы Қазақстанда 13000 теңгелік тауарларды, Қытайдан 2000-3000 мың теңгеге сатып алуға болады. Шамасы баға айырмашылығын түсінген боларсыз?

Қытайдан тапсырыс жасау дегенде, кейбіреулердің ойларына аса қиын бір жұмыстар елестейді. Мысалы өткенде бір жігіт Вконтакте желісі арқылы менен, бір тауарды қайдан алуға болатын сұрады. Мен айттым “Қытайдан тапсырыс берсең арзандау болады” деп. Сонда ол айтады маған: “Қытайға барып келу керек, оған аудармашы керек”, Ол қиындау деген сияқты қылып. Енді оған түсіндіріп жібердім бәрін. Ал былай қарасақ оның әңгімесін 90 – шы жылдар болса түсінуге болады, бірақ қазір бұл үлкен мәселе емес, ғаламтор деген бар.

Ғаламтор арқылы зат сатуды, ағылшындар ойлап тапса, ал оны жалғап кеткен Қытайлықтар болды. Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар бағасының айырмашылығы үлкен екенін айтып өткен болатынбыз, сондықтан Қытайдан тауар алып бизнес жасауға болады.

Бұның тиімді жақтары

Тиімді баға. Көптеген тауар түрлерін арзан бағада алып, үстіне 2-3 есе тіпті одан да көп баға қойып сатсаңыз болады.

Таңдау көп. Ең танымал деген бір ғаламтор дүкенін алатын болсаңыз, ішінен 100 миллионға жуық тауарды табуға болады. Сондықтан сатқан кездесе бәсеке жоқ болатын тауар түрін таңдап алуға мүмкіндігіңіз бар.

Әрқашан байланыста. Тауар сатушылардың бәсекесіне байланысты, Қытайлықтар әрбір сатып алушыны жоғары дәрежеде бағалайды. Оған менің де көзім жетті, себебі мен де бірнеше тауар түрін алып қарадым, сатушылары қойылған сұраққа толық жауап береді, тіпті алдын ала саудаласып тауарды одан да арзан бағада алуға болады.

Сіз ойлауыңыз мүмкін: “Егер Қытайдан алуға болатын болса, онда 2-3 есе бағада қойсам кім алады?” – деп. Бұдан қорқудың керегі жоқ, себебі қазіргі адамдардың уақыты аз, олардың көбі Қытайдан алдырып уақыт жоғалтқаннан өзіне ең жақсын тұрған жерден алуға тырысады, екіншіден бәрінің де Қытайлық ғаламтор дүкендерінен тауар алу туралы білейді.

Жалпы қорыта айтатын болсақ, саудамен айналысатын болсақ Қытайдың беріп тұрған мүмкіндігін де пайдаланған дұрыс. Әрине кейбір тауарларды қытайдан алған тиімсіз. Мысалы дәрі-дәрмек немесе азық-түлік деген сияқты.

Бүгінге осы келесі жазбаларда кездескенше.

12
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
11 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
10 Авторы комментариев
ТолкынKuralАрайлымБағдатАдам Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Еркебұлан
Қонақ
Еркебұлан

Қытаймен бизнес жасау, сонау 90 жылдары басталды емес пе, сондықтан ол қазіргі кезде де негізін жойған жоқ деп есептеймін. Өте жақсы ақпараттар болды, толығымен келісем.

Ернат
Қонақ
Ернат

Мақала өте жақсы жазылған. Ең керекті мәселелер көтерілген.Жалғасын тосамыз.

Асқар
Қонақ
Асқар

Алиэкспрес сияқты сайттар сілтемесі барма? қазақ адамдарынан тауар алып сататын. садамен айналысатын ойым бар

Хорезм Серекенов
Қонақ
Хорезм Серекенов

Қытаймен бизнесті қалай жасауға болады,мен Али баба ком сайытына тіркеле алмай ақ қойдым,Олар Англисше жауап береді мен оған түсінбеймін,Не істеуге болады,

Хорезм Серекенов
Қонақ
Хорезм Серекенов

Ойым Қытай сайытына тіркеліп 200000 теңгемен бизнес жасауға болама,Осы ойымды іске асырсам деймін,

НАЗЫМ
Қонақ
НАЗЫМ

Ертай салеметсізбе.мен Қытаймен бизнес бастағым келеді.интернет аркылы заказ беріп.сіз дурыс жол корсете аласызба яғни өндіріс сайтын.комектесіңізші өтініш.баламен уйде отыр едім куры отканша отагасының табысына табыс косып уйдің берекесін келтіргім келеді.Алматыда курсы бар екен 90 мын екен оған каражат жок сол 90 мынға товар алсам деп ойлайм артык акша болса қанеки.Сізге Алла разы болсын комектесіңізші.вк дан таппадым жазыпсыз гой бір адамга ондіріс адресін бердім деп.магандс беріңізші.

НАЗЫМ
Қонақ
НАЗЫМ

ЕРТАЙ нрмеріңді болама.өтініш.өте қажетсің

Адам
Қонақ
Адам

Бизнес бастау курысыне барыңыз,сол жерде сізге бірін түсіндіреді.

Бағдат
Қонақ
Бағдат

Ага кандай жаксы саиитар бар

Арайлым
Қонақ
Арайлым

Калай бизнес бастасам болады

Kural
Қонақ
Kural

Дұрыс айтасың,ісіңе сәттілік!

Толкын
Қонақ
Толкын

Салем мен кытайдан тауар алгым келеди калай алсам болады оптом багамен