Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Landing Page  дегеніміз не және бизнеске қандай пайдасы бар?

21 ғасыр ол ғаламторға тәуелді адамдар уақыты емес, ол нағыз ғаламтор бизнесі шарықтап келе жатқан уақыт.

Ғаламтор ол – нағыз ойын-сауық алаңы, ақпарттар және білім көзі, ең бастысы керемет бизнес. Айта берсек ғаламторда бизнес жасаудың да көптеген түрлері бар және жаңа түрлері қалыптасып келе жатыр. Солардың бірі таурады ғаламторда сатып бизнес жасау. Бәріміз білетіндей ғаламтор дүкендері көп және бәсеке де жоғары, бүгінгі тақырыбымыз ғаламтор дүкендері емес, сатушы сайттар, яғни landing page – дер туралы. Қазір түсіндірем.

Landing Page  — дегеніміз ғаламтор дүкендері сияқты жұмыс істейтін шағын үлгідегі сайт. Онда тек бір ғана тауар сатылады және көбіне бір бетті болып қана келеді.

Мысалы мына Landing Page –дер.

http://friendhostel.kz/ — Қонақ үй.

http://fix.kz/ — Компьютерлік қызымет.

http://regentcalder.kz/ — Тіл үйрену курсы.

Бұл қазіргі уақытта көп қолданылады, себебі бұл өнімділігін әлдеқашан дәлелдеп үлгерді. Бұның басты артықшылығы тауар туралы көптеген ақпараттар беруге болады және тұтынушыны тарту жағы жақсы ойластырылған.

Егер сіз ғаламтор дүкеніне кіріп көрген болсаңыз онда тауар саны көп, бір бетте 10-20 шақты тауар түрлері орналасады. Оны сатып алу үшін бірінші себетке саласыз, ондан кейін тапсырысты растайсыз. Бұл ғаламтор дүкенінің жұмыс істеу жүйесі. Ал мен жаңа ғана айтып өткен Landing Page олай жұмыс істемейді. Онда ешқандай себет жоқ, себебін өзіңіз де түсінген боларсыз, тек бір тауар сатылады. Мысалы: сағат. Landing Page – де сағатты сату тиімді және көп жерлерді қолданылып жұр.

Мына жерде қарап көріңіз. Осында сатылатын сағаттың Landing Page орналасқан.

http://promo-landing.com/landingtest1000/1280-casi-casio/

Landing Page басты қойылатын талаптардың бірі – оның дизайны. Дизайн көркем және әдемі болуы керек, себебі бұл сатылым көрсеткішіне тікелей әсер етеді.

Қандай тиімді жақтары бар?

Landing Page – ғаламтор дүкеніне қарағанда арзан және басқару оңай.

Ғаламтор дүкендері көлеміне байланысты функциасы да көп болады. Егер сіз ғаламтор дүкенін ашқыңыз келесе оған, оның жұмысын қадағалап отыратын бағдарламашылар және басқа да техникалық жағына жауап беретін адамдар керек болады. Сіз бұның бәрін өзім істеймін дегеннің өзінде оны жасату үшін 100-300 мың теңгеге дейін кетуі мүмкін. Әрине егер білсеңіз оны өзіңіз жасауыңызға немесе дайын платформаларды қолдануыңызға болады. Бұл да қосымша қиындықтар туғызады және ғаламтор дүкенін жасау үшін бірнеше ай уақыт кетеді.

Landing Page – ол тек бірнеше, көбіне бір бетті сайт, сондықтан көп функция жоқ және басқару жеңіл, бірақ айтып өткенімдей оның дизайны жақсы болуы керек.

Landing Page – жасау үшін әр кетсе 3-4 күн уақыт кетеді. Оны басқарып отыру үшін айтарлықтай техникалық мамандардың да керегі жоқ, сондықтан жасатып болғаннан кейін өзіңіз басқара аласыз. Оны жасату бағасы 50-60 мың теңгедей болып қалады.

Тауар сату жағына келетін болсақ, Landing – те сатуға арналған бір өнімді таңдап алып сатуға шығаруға болады.

Landing жасатпас бұрын тауарды таңдап алыңыз себебі бұл оның дизайны мен келбетіне әсер етеді.

Онлайн бизнесте бір-беттік сайттар көп табыс әкелуі ықтимал және солай болып жүр. Қарапайым бір туарды Landing – арқылы сатып айына 100-200 мың теңгеге дейін табыс тауып жүрген кәсіпкерлер көп кездеседі. 100-200 мың емес кейбір Landing – тер күніне осылай түсіріп жүр. Сондықтан бұл қатып қалған баға емес. Бұл тікелей таурға, дизайынға, жарнамаға және landing- тің жасалу тактикасына байланысты деп айта алам.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
khanНұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Біраз үйреніп алуға болатын нәрсе бар екен. Ертай Қуанышов сізге рахмет түсінікты етіп жазған екенсіз

khan
Қонақ
khan

+