Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Ландинг сайтта болуы тиіс 3 элемент

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Сіздермен  бірге әдеттегідей – Ертай Қуанышов.

Байқасам, қазақ елі, кәдімгідей дамып келе жатыр. Менің айтқым келіп тұрғаны, бұрын ғаламторды пайдалы іске көп пайдаланбайтын едік, ал қазір бәрі басқаша, ғаламторды да, өз ісімізге қалай пайдалану керектігін білеміз.

Оған тәжірибе жүзінде көзім жетті және қызығушылығы басым екенін байқадым. Себебі әртүрлі интернет – маркетинг, сайт жасау, инстаграм бойынша курстар өттім, оған қатысқандардың көбі, орта жастағы кісілер. Әрине бұл қуанатын жағдай.

Көп сөйлемей, негізгі тақырыпқа көшейін, бүгін ландинг сайтта болуы тиіс 3 элементті айтамын.

Алдында, бір видеода, бірнеше осындай сайтты алып, анализ жасап көрсеттім.

Ландинг сайт арқылы, бәріміз білетін шығармыз, тек белгілі бір тауарды сатады. Шағын интернет дүкен десек те болады.

Бастадық:

Тұтынушылардың пікірлері

Адамдардың психологиясы мынадай да, егер сен өз тауарыңды мақтап мынау жақсы деп, 1000 рет айтсаң, ал екінші жақтан біреу келіп, мынау жаман деп 1 рет айтатын болса, әлгі кісі екінші адамға сеніп кетуі мүмкін.

Сондықтан, осыны ескере келе, біз клиенттердің пікірлерін ысырып қоя алмаймыз. Тауарыңызды сатып алатын болса немесе қызмет түрі, білмеймін енді, кім немен айналысады, соған байланысты ғо! Міндетті түрде, пікірін жазып алыңыз және оны сайтқа салып қойыңыз.

Алынатын пікірлердің бірнеше түрі бар: жазбаша, видео, аудио. Алғашқы екі нұсқасы жақсы қолданылады. Ал мен сізге – видео пікір алуды ұсынамын.

Себебі бұған сенім жоғары және видеоның қасына, жазбаша түрін де, жазып қоюды ұмытпаңыз, әрине пытырлатып бәрін жазу міндет емес, қызық жерлерін ғана.

Тағы да пайдалы бір фишка бар. Ол пікір жазған адамның әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме қою. Егер қараған адам, оның шынай екені көрсе, сенімі арта түседі, тіпті әлеуметтік желі арқылы, хабарламамен, сұрауы да мүмкін: “Бұл тауарды шынымен сатып алдың ба?” – деген сияқты қылып. Ол растағаннан кейін, күдік болады деп есептемеймін.

Пікір алудың ең қарапайым жолы, оған сыйлық ұсыну. Мысалы: “Егер бізге видео пікір жазып берсеңіз, осындай және осындай затты сыйлыққа береміз. Ал жазбаша пікір жазып берсеңіз, осындай затты сыйлыққа береміз” – деп. Өзіңіздің фантазияңызды іске қосып, ойланасыз ғой!

Сұрақ – жауап

Ең маңызды деген, клиентте туындауы мүмкін деген сұрақтарды жинап аласыз да, сайтта сұрақ – жауап форматында орналастырып қоясыз.

Бірінші сұрақ, иииииии жауап, сұрақ ииииииии жауап. Осылай – осылай.

Онлай чат

Көптеген ландинг сайттардан, онлай чатты байқауға болады. Бұл әрине дұрыс. Тәжірибе бойынша, онлайн чат сатылым санын 30% — ға арттырады.

Бірақ ол үшін, онлайнда отыратын адам керек. Себебі сатып алатын адамның қашан кіретінін, болжай алмаймыз, сондықтан кім жазар екен деп, бақылап отырған дұрыс. Егер сұрақ қоятын болса, бірден жауап бересіз.

Мынадай мүмкіндік те бар, егер оператор онлайнда болмаса, байланыс ақпараттарын жазып қалдырады, кейін ол бойынша хабарласып сұрақтарына жауап бере алады. Бұл да бір жағынан тиімсіз, біріншіден сұрағы туындаған жағдайда бәрі, байланыс ақпараттарын қалдыра бермейді, екіншіден клиент сұрағына жауапты тезірек тапқысы келеді.

Осындай мүмкіндігіңіз болмаса былай істеуге болады. Тек жарнама жасаған уақытта ғана, онлайнда отырасыз. Мысалы таргетингтік жарнама жіберіп қоясыз. Яғни бұндай уақытта сайтқа кіретіндер болады, сондықтан онлайнда болатын бір адамды қоясыз немесе өзіңіз отырасыз.

Онлайн чатқа, JivoSite қызметін қолдануға болады.

Бүгінше осы келесі, жазбада кездескенше. Өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз.

P.S Бүгіннен бастап маған арнайы форма арқылы, сұрақтарыңызды жібере аласыз. Егер мен қажет деп тапсам, блог немесе видео жасаймын.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
АрдақЕртай Қуанышовmr N Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
mr N
Қонақ
mr N

Жақсы жазба. Осы жолы маған ұнай бастадың