Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Апталық логикалық сұрақтар #1

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Адам ойлау жүйесін, қанша деңгейге дейін көтерем десе де, өзі біледі. Осы орайда адам миын жаттықтыруға арналған әртүрлі бағдарламалар бар және логикалық сұрақтар.

Логикалық сұрақтарды шешу өте қызықты. Сондықтан көпшілігіміз оған қызығамыз.

Жоғарыдан тақырыптан оқыған боларсыз, апталық логикалық сұрақтар деп тұр, енді блогымда апта сайын, логикалықтар сұрақтар жариялап тұрамын және бәрін өзім шығарамын.

 

Бүгінгі логикалық сұрақ мынадай:

Ауылда 500 адам тұрады. Олардың 60% қыздар. Қыздардың 30% — ы күйеуге шыққан. Ал күйеуге шыққандарының, 60% — да, 5 баладан бар, 20% — да, 3 баладан, ал қалған 20% — да, 6 баладан бар. Сонда барлығы, ауылда, қанша бала бар?

Жауабын пікірге жазып қалдырайық. Біраз уақыттан кейін, жауабын жариялаймын. Жауабын ғаламтордан іздеп жүрмеңіз, себебі оны өзім шығардым.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
AlmasЕртай ҚуанышовТемірхан Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Темірхан
Қонақ
Темірхан

Қызық екен! Ақыры, бұл логикалық сұрақ болса менде жауаптың бірнеше нұсқасы пайда болды. 1. Егер, автордың көрсеткен сандық және пайыздық көрсетіштерін зерделейтін болсақ, ауылдағы санаққа қосылмаған 432 бала бар. Бұны есепке алсақ, ауылда шамамен 932 адам тұрады, тиісінше пайыздық көрсеткіштер өзгереді. 2. Меніңше, көрсетілген 60 пайыз қыздардың 30 пайызын тұрмыстағы әйелдер деп өкөрсету керек секілді. Мейлі, ол тұрмыс құрған қыз болсын, әйел болмай бала таба алмайды ғой.) Қыз күйеуге тиіп, қыз болып жүре бермейтін шығар?!) Түсінбейтінім, сол ауылдың еркектері не бітіріп жүр, күйеуге тиген қызды, қыз күйінде тек бетіне қарап отыру үшін алғанба, әлде бала дегенді аспаннан жауады деп ойлайды… Толық оқу

Almas
Қонақ
Almas

432 бала бар…