Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? 5 сұрақ арқылы анықтаңыз

Ассалаумағалейкум.

Менің таныстарымның арасында, оқу бітіргенімен өз саласын түсінбейтіндер бар. Қалай мамандық таңдау туралы жаздым. Мамандықты дұрыс не бұрыс таңдағаныңызды 5 сұрақ арқылы біле аласыз:

Жұмыстан кейін де, осымен айналысасыз ба?

Ерікті түрде салаңызбен айналыссаңыз, тамаша!

Бос уақытта айналысасыз ба?
Жұмысында басқа, бос уақытында басқа іспен айналысатындар көп. Айталық аспаз болып жасайды, бос уақытында тігінмен айналысады. Онда тігінші болуы керек еді.

Мамандық бойынша қосымша ізденесіз бе?
Нағыз мамандар, қосымша ізденетіндер. Егер универден кейін, өз қалауыңызбен жаңа дүниелер үйренбесеңіз, артта қалып қоясыз. Қосымша ізденбеу сізге ұнамағаннан.

Демалыс күндері айналысасыз ба? Кейбір мамандар, күнде демалыс болса да өз саласымен айналысады.

Салаңыз бойынша, аз дегенде 2 сағат айта аласыз ба? Қанша көп айта алсаңыз, сонша жақсы.

Қанша»Иә» — деп жауап берсеңіз, мамандықты сонша дұрыс таңдағансыз. Ал керісінше болса, таңдаған мамандығыңыз дұрыс емес. Басқа салаға ауысуды ойлаңыз.

Мектеп оқып жүргенде, «мұғалім болмаң» — дейтін ұстаздарымыз болды. Дәл осылай айтатын ұстаздардан, қандай оқушы шығатынын ойлап көріңіз.

Универ бітірейін деп тұрса да, маған дипломдық жұмыс жазу туралы ұсыныс жасағандар да 4-5 рет кездесті. Дипломдық жұмысты қарасаң, қиын жұмыс емес. Әрине диплом жазып беретіндей ақымақ емеспіз.

Қарапайым жұмысты жасай алмаса, дипломмен не істемек деген сұрақ туындайды. Бәрі дұрыс таңдалмаған мамандықтан.

Қазірден бастап, қызықты мамандық таңдаңыз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar