Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мамандық ретінде оқытылмасада, сұранысқа ие 3 мамандық

Сәлем, достар.

Бүгін бір маңызды және пайдалы тақырыпта, әдетте мен пайдалы тақырыпта жазамын, бірақ бұл жолғысы ерекше, себебі мамандық ретінде оқытылмаса да сұранысқа ие 5 сала туралы айтатын боламыз, сонымен бұл қандай салалар болды екен? Білгіңіз келсе әрі қарай оқыңыз.

Кезінде Англияда өндіріс машиналары пайда болған кезде, жұмысшылар арасында көтеріліс болып, өндіріс машиналарын сындыруға тырысып еді. Себеп өте қарапайым, жұмысшылар өздерін жұмыссыз қаламыз деп ойлады. Жұмысшылардың жағдайын түсінуге болады, әйтсе де кейбір оқымыстылар да әлем біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалады, себебі өндірісті роботтар алмастырады деп топшылады. Бірақ олар осы машиналарды жасайтын жаңа  мамандықтар пайда болатынын түсінген жоқ. Мысалы компьютер пайда болғаннан кейін біраз адам жұмысынан айырылған шығар, дегенмен оған қатысты 10 – нан тіпті одан да көп сала бар. Мысалы: Техник-программист, Веб-программист, Жүйелік админ, т.б.

Осы сиықты жаңа уақыт қалыптасқан сайын, жаңа мамандықтар қалыптасуда, оның кейбіреулері, жоғары оқу орнында мамандық ретінде оқытылмайды, бірақ сұраныс жақсы. Сонымен сұранысқа ие, бірақ мамандық ретінде әзірше оқытылмайтын мамандықтардың ТОП – 3 –дігін қабыл алыңыз:

SMM – менеджер

Түсінікті түрде айтатын болсақ SMM ( Social Media Marketing ) дегеніміз – әлеуметтік желімен жасалатын маркетинг. Мысалы кез-келген компания өздерінің парақшасын, әлеуметтік желіден ашып туарларын халық арасында насихаттайды. Егер сіз әлеуметтік желіні пайдаланатын болсаңыз іздеу жолағына танымал компаниялардың аттарын енгізіп көріңіз, 95% — ы табылатынына 100% кепілдік беремін.

Халықтың, уақытының біраз бөлігін әлеуметтік желіде өткізеді, сондықтан компанияларға немесе дүкендерге және сол сияқты орындарға, жаңа тұтынушыларын табу үшін таптырмас құрал болып отыр.

Бизнесті былай қоя тұрып, мемлекеттік ұйымдар немесе қандай да бір мекемелер әлеуметтік желіден парақша ашып сол арқылы ақпарат таратып отырады. Оған көз жеткізу үшін, жей ғана министрліктердің парақшасын әлеуметтік желілерден іздеп көріңіз біразы бар.

Ал осындай іспен айналысатын адамдар, яғни әлеуметтік желідегі парақшаны жүргізетін адамды, SMM – менеджер деп атайды.

Бұл мамандықтың жұмысына тек ақпарат жариялап отыру кірмейді, сонымен қатар аудиторияны анықтап, сол арқылы қажетті посттар жариялап отыруы өте маңызды. Егер сіз осы саланың маманы болсаңыз, сұранысқа ие болғандықтан жұмыс табу қиындық тудырмайды.

Копирайтер

Жарнамалық мәтіндер мен ақпараттар жазатын адам. Бұл саланың дамуы, тікелей жарнама саласының алға жылжуымен байланысты, себебі бұл саланың негізгі қызметі жарнамалық мәтіндер жазу. Теледидардан, радиодан немесе көшедегі, сонымен қатар әртүрлі сайттардағы сөзді копирайтер жазады.

Өзіңіз ойлап көріңіз, теледидардан бір жарнама көрсетілді және ода әртүрлі сөздер айтылады. Мысалы біреуін алсаңыз, екіншісі тегін деген сияқты. Осындай сөздердің басын қосып, майын тамызып жазып беретін ол – копирайтерлер.

Мықты копирайтерлер көп. Мысалы Ден Кенеди 20 минутта жазып берген, жарнамалық мәтіні үшін 70-80 мың долларға дейін алады. Бұндай ақшаға, кім оған тапсырыс береді деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ ірі компаниялар оның тұтынушылары.

Ал былай қарапайым копирайтердің алатыны әрбір 1000 симболға 2-3 доллардай болады.

SEO – маман

Сайттардың іздеу жүйесінде алға жылжытушы маман. Ғаламторда әртүрлі іздеу жүйелерін тұрғанда, бұл мамандық өз мәтін жоймақ емес.

SEO – маманның негізгі қызметі, әртүрлі сайттарды іздеу жүйесінде алғашқы қатарға шығару. Егер сіздің Веб-программист болсаңыз бұның қаншалықты маңызды екенін айтпай-ақ түсінген боларсыз.

Бұл саланы меңгеру үшін, іздеу жүйелерінің жұмыс істеу жүйелерін меңгеріп, html гипертексттік тілін меңгерген дұрыс. Бұл ең негізгілері, менің өзім де бұл салада мықты маман емеспін сондықтан, ең негізгі екеуін жазып отырмын.

Осымен 3 түрлі мамандыққа шолуымызды аяқтаймыз. Егер байқаған болсаңыз, біз қарастыра кеткен мамандықтардың көбі ғаламтормен байланысты, болашақта барлық жұмыс ғаламтормен жасалып та кетер. Сондықтан кез-келген салада алда тұру үшін, бірінші ғаламтордың мүмкіндіктерін жақсы меңгеруді ұсынамын.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовШолпанг Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Шолпанг
Қонақ
Шолпанг

Жаксы пайдалы статья екен. СММ менеджер болуды кайдан уйренсе болады?

Ертай Қуанышов
Қонақ
Ертай Қуанышов

SMM туралы көптеген пайдалы ақпараттарды видесабақтардан қарауға болады, Олардың көбі Youtbe желісінде бар.