Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Маңызды құжаттар мен файлдарды қайда сақтаған дұрыс немесе мен ұсынатын заманауй тәсілді білгіңіз келе ме?

Сәлем, құрметті оқырман.

Қазіргі уақытта халықтың жұмысы компьютерге қарай ауысып келе жатыр, яғни ең маңызды құжаттар мен файлдарды да сол компьютерінде сақтап жатады. Бірақ сіз білесіз бе? бұл қауіпті. Мысалы сіз бір апта бойы 4 жыл бойы оқыған дипломдық жұмысыңызды жаздыңыз деп алайық, бірақ ол сақталған компьютер бұзылып ішіндегі барлық файлдар өшіп қалды, бұндай жағдайда сіз не істеуіңіз мүмкін?

Дәл осындай жағдай болмаса да, осыған ұқсас жағдайлар басыңыздан өткен шығар, ойланып көріңіз. Ал бүгін біз осындай жағдайдан қалай сақтануға болады, сол жағын заманауй тәсілдер арқылы шешіп қараймыз. Ендеше кеттік…

Жалпы компьютер пайда болғаннан бері әртүрлі ақпарат, тасығыштар: диск, флешка тағы да басқа көмекші құралдар пайда болды, бірақ бұл заманауй өмірде, маңызды ақпаратты сақтауда тиімсіз. Сондықтан басқа шешім керек, ал бұндай жағдайда бұлтты технологияны қолдануға болады.

Бұлтты технологиялар бізге үлкен мүмкіндік беріп отыр, себебі кез-келген қажетті файлды, жүктегеннен кейін, кез-келген ғаламтор бар орынға барып сақтаған ақпаратымызға қол жеткізе аламыз.

Қандай бұлтты серверлерді қолданған тиімді?

Қазіргі уақытта оның да көптеген түрлері бар, мен өзім Яндекс Дискті қолданамын. Сізге де осыны қолдануды ұсынамын.

Әрине басқа да, түрлерін байқап көрдім. Олардың ішінде Dropbox, Google Drive сияқты түрлері де бар, бірақ бізге қолайлысы Яндекс Диск деп есептеймін.

Осы сілтеме арқылы тіркелуіңізге болады.

Осы сервисті қолдана бастағаныма шамамен 1 жылдан асып қалды. Ішінде менің маңызды құжаттарым, әртүрлі файлдарды, қажетті суреттер бар.

Көлем жағына келетін болсақ, Яндекс Дискте тіркелген кезде 10GB тегін береді, бұның өзі біраз ақпаратты сақтауға болады, тек құжаттарды сақтайтын болсаңыз, бұл сіз үшін жақсы шешім деп есептеймін.

Яндекс Диск сервисін қолдану үшін, Яндексте аккаунтыңыз болса, жеткілікті. Егер жоқ болатын болса, оны ашуға әрі кетсе 3 минут уақыт кетеді.

Қазіргі заманауй технологиялар қажетті файлдарда сақтауға мүмкіндік беретін көптеген жүйелерді жасады, бірақ мен сізге айтайын, дәл қазіргі, яғни осы пост жазылған уақытта, бұлтты серверге жететін қауіпсіз файл сақтау жүйесі жоқ.

Әртүрлі флешкалар мен дисктерге маңызды құжатты сақтауды ұсынбаймын, оны тек белгілі бір ақпаратты алмасу үшін қолданған дұрыс болады.

Ал сіз қандай тәсілді қолданып жүрсіз немесе маңызды файлды жоғалтып алған сәтіңіз болды ма?

Жазбаға өз пікіріңізді қалдыра кетіңіз.

7
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
7 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
6 Авторы комментариев
КайнарЗұлхижаSeifollaНасихатСағатбек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Талгат
Қонақ
Талгат

Жарайсын бауырым бурын сонды блог туралы естигенмен жазып окып кормеппин бугин бир сати туды. Ал акпараттарды сактау туралы усынысын оте жаксы менде сол Яндикс дискпен жумыс жасаймын манызды керек акпараттарымды сол жерге сактаймын жане де кез келген жерден карай аламын. Бир кызыгы маган 250Гб орын берди. Жалпы болисетин менде де коптеген дуниялар бар сиякты бирак мен созге жетиммин агай айткандай физик технар коп созге жокпын

Сағатбек
Қонақ
Сағатбек

Керемет ақпарат. Өте орынды. Кәзір қазақ тілде осындай ақпараттар аз. Көп адам біле бермейді. Енді осыны толықтырып жазсаңыз. Видео фотоларды қайда сақтаған маңызды. Сол туралыда айтып өтсеңіз

Насихат
Қонақ
Насихат

Мықты, мықты. Көптен ойланып жүр едім.

Seifolla
Қонақ
Seifolla

Маган унады пайдаланайн деген ем

Seifolla
Қонақ
Seifolla

Телеграммыныз кандай

Зұлхижа
Қонақ
Зұлхижа

Рахмет. Дәл осы тақырыпты іздеп едім. Ойдағыдай жауап алдым.
Қазақша осындай пайдалы ақпарат тарды көп салып тұрыңыз.

Кайнар
Қонақ
Кайнар

Меніңше google drive керемет 15 G тегін! әрі мобелді болсын компьтер жағдайында да өте қолайлы! мен оны 3 жылдан бері қолданып келемін!