Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Бірнеше ірі сайтты бұзғандығым туралы шағын оқиға! Осы үшін қанша жылға сотталдым?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі тақырыпта бірнеше қызықты оқиға туралы айтамын. Әрине менің айтатын тақырыбым – киберқауіпсіздік туралы болмақ.

Жалпы мынадай жағдай, мен шамамен 17 жасымнан бастап компьютерлік бағдарламалаумен айналыстым. Әрине одан кейін, яғни осыны біраз меңгеріп алғаннан кейін, хакизм, киберқорғаныс деген сияқты дүниелерге қызығушылық болды. Айтпақшы осы туралы, кітап жазған болатынмын.

Сондықтан әртүрлі DDOS немесе DOS шабуылдар, сонымен қатар сайттағы қателерді табуға көмектесетін қара тізімдегі біраз бағдарламалармен жұмыс жасап қарадым. Біріншіден бұл маған қызық болды, екіншіден қалай бұзатынын білген адам, оған қарсы шараны қалай жасау керектігін де біледі.

Әрине осылармен жұмыс жасауды біраз қарағаннан кейін, қай сайтқа кіретін болсам да, ойған түскен кезде, бір қателік табуға тырысатын едім және олай болды да. Біраз сайттан, ода бірааааз қызық дүние жасауға мүмкіндік беретін қателер болды. Мысалы сайтқа кірген кезде, кірген адамды басқа сайтқа бағыттап жіберу немесе басты бетке басқа бір сурет немесе ақпарат орналастырып қою. Олардың ішінде ірі порталдар да болды.

Енді сізде сұрақ туындауы мүмкін: “Ертай, ал қатені таптың, сосын әрі қарай не істедің?” – деген сияқты. Әрине сайттың әкімшілігіне айтасың.

Оның қандай сайттар екенін жазбай-ақ қояйын себебі, жойылмаған қателері бар, осы постты кімдердің оқитынын білмеймін J

Әлем бойынша күн сайын, мыңдаған тіпті одан да көп сайттар кибер шабуылған ұшырайды, шет елді былай қоя тұрайық, Қазақстанның өзінде, киберқауіпсіздік үлкен мәселе. Тіпті 10 жасар бала, банкті көк тиынсыз қалдыруы мүмкін. Мысалы инстаграмнан 10 жасар бала, кез-келген пікірді өшіруге мүмкіндік беретін қателік тапқан.

Бұл жерде үлкен мәселе, жаман ойлылар көп, қате табатын болса, соны өз пайдасына асырып кетуі мүмкін.

Кім кінәлі?

Бұндай жағдайға екі жақ та, кінәлі деп айта аламын. Себебі мен бірнеше сайтқа, осындай қателік бар деп жазып жібергеннің өзінде, кейбіреулері әлі күнге дейін, ешқандай шара қолданбаған. Толық сеніммен айта аламын, оны шешу үшін, әрі кетсе 3 минут уақыт кетеді. Дегенмен көп уақыт, уақыттары жоқ болар J

Сонымен қорыта айтатын болсақ, айтпақшы, тақырыпта сотталу жайлы бірдеңе жазып қойып едім, соны айта кетейін, жалпы заң бойынша осындай әрекеттер жасап, біреуге зияның тиетін болсақ, біраааааааааааааз жылға кетіп қалуың мүмкін. Бірақ менде ондай болған емес, себебі мен ешкімге зиянымды тигізген жоқпын, қайта қателік туралы сайт әкімшілігіне айттым.

Қорыта айтатын болсақ, қысқаша тарих осы.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

 

 

6
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
4 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
Dauren BuribaevСандуғашЕртай ҚуанышовСакеБерік Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Берік
Қонақ
Берік

Өтірікші.

Саке
Қонақ
Саке

Тақырыбың таза маркетинг болып тұр ғой! Қанша жылға кетті екен деп оқып едім)))

Сандуғаш
Қонақ
Сандуғаш

жарайсың

Dauren Buribaev
Қонақ
Dauren Buribaev

Қуаныш, біздің арамызда осындай сирек, күрделі салаларды зерттеп, меңгеріп жүрген бауырлардың барына ризамын. Жеке өзіме де біраз қателіктер тауып, кеңесіңді бергенсің. Рахмет көп-көп! Ісіңе сәттілік! Жоғары белестер алатыныңа толықтай сенімдімін! Жарайсың!