Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мен қалай 1,5 жылдың ішінде бағдарламашы болдым?

Сәлем, бүгін мен өзім туралы айтқым келіп тұр. Сіз автор туралы деген бөлімді оқыдыңыз ба? Мен сонда қысқаша өзімнің әуесқой бағдарламашы екенімді жазып өткен болатынмын, ал бүгін сол туралы толығырақ айтып берейін. Сонымен мен қалай 1,5 жылдың ішінде веб-бағдарламашы болдым?

Сонымен бәрі 2015 жылдың қаңтар айында басталды, толығырақ айтатын болсам қаңтардың 3 – інде. Сол күні маған несиеге наудбук алып берді. Ондан бұрын да мен бағдарламалауға қызға бастаған болатынмын және ол уақытта телефон арқылы әр-түрлі сервистерді пайдаланып жәй сайттар ашып жүретінбіз, ешқандай бағдарламалау тілінсіз тек сайт-конструкторлар арқылы.

Бірнеше күн бойы ары-шұқып, бері-шұқып барынша меңгеруге тырыстым, себебі компьютерді дұрыс білмейтінмін және мектептен басқа жерде қолданып көрмегенмін. Содан бірнеше аптадан кейін веб-сайт жасауда басты құралдардың бірі HTML – ге үңіле бастадым.

Онымен бірнеше веп-парақшалар жасаумен шектелдік және ол өте қарапайым болды. Бұл арқылы бағдарламашы бола алмайсың.

Бірнеше айдан кейін  CSS стилдер жазуға арналған белгілеу тіліне JavaScript бағдарламалу тілімен айналыстым. Егер сіз осымен айналысқан болсаңыз түсінген боларсыз, css – бұл сайт дизайнын жасауда басты құралдың бірі, онсыз сайтты әдемі етіп жасау қиын.

JavaScript болса бағдарламалу тілдерінің бірі ол арқылы сайтқа әр-түрлі ақылды функциялар қосуға болады. Мысалы: слайдшоу тіпті көптеген браузерлік ойындар осы арқылы жазылған. Шыны керек, JavaScript аса қиын болмаса да ана екеуіне қарағанда басында  сәл-пәл қиындау болды. Бірақ бастапқы деңгейін меңгеріп шықтым.

Айтпақшы, айтуды ұмытып кетіппін мен JavaScipt – кейін jQuery – ді және Ajax – ты қоса үйрендім. Бұл аса қиын емес. jQuery ол — JavaScript – ке арналған Фреймворк.

Фреймворк дегеніміз қандай да бір бағдарламалу тіліне арналған жабықтама десе де болады. Осы арқылы жұмысты бірнеше есе тіпті ондан да көп жеңілдетуге болады. Бұған мысал ретінде мынаны алуға болады: мысалы JavaScript қол ара, ал jQuery – ол маторлы ара. Қайсымен ағаш кесу оңай?, әрине маторлы ара.

Тағы бір үйренген JavaScript бөлшегі жоғарыда айтып өткенімдей Ajax.

Бұл арқылы деректерді фондық режимде жіберуге немесе қабылдауға болады. Бұрдың бәрі әрине серверлік бағдарламалауға жатпайды. Көп функционалды және заманауи түрде сайт жасау үшін ең жоқ дегенде бір серверлік бағдарламалау тілін білген дұрыс. Мысалы: php, python сиқты. Мен php – ді таңдадым.

PHP – әлемдегі ең танымал серверлік бағдарламалау тілдерінің бірі. Facebook  — тың алғашқы нұсқасы осы тілде жазылған, қазіргісін білмедім. Вконтакте әлеуметтік желісі де солай.

Мен жәй-жәй php – элеменнтерін үйрене бастадым. Көбін әр-түрлі видеосабақтар арқылы меңгердім десе де болады. Себебі маған осы тәсіл ыңғайлы және түсінікті. Оны Youtube – тен көп кездестіруге болады. Сіз қарап отырған осы сайт php арқылы жазылған.

4-5 айда бастапқы деңгейін оқып шықтым, тіпті шағын динамикалық сайттар да жаза алатын болдым. Динамикалық сайт дегеніміз сайтты жаңалап отыруға мүмкіндік беретін жүйе, мысалы пікір жазу, жазба қосу деген сияқты функцияларды жатқыза аламыз.

Ең қызығы мен осының арқасында өзім оқитын мектептің сайтын жасадым. Осы үшін тіпті сабақ уақытында компьютер кабинетінде отыратынбыз. 3-4 ай сабақ дегенді қойдық. “Ертай қайда жүрсің, сабаққа қатыспай?, Апай мен сайт жасап жатырмын.” – негізгі сұраққа жауап осы еді.

Мектеп сайтын жасау барысында көп тәжірибе жинадым. Сайтқа MySQL – ді тәжірибе жүзінде қолданып қарадым. Ол сайттағы мақалалар, пікірлер тағы басқа да ақпаратты базада сақтауға мүмкіндік беретін жүйе. MySQL cайттың ең құнды жері, оны адам миымен салыстыруға болады. Динамикалық сайттағы ақпараттар қандай да бір базада сақталады. Егер оған зақып келсе бәрі бүлінеді деген сөз, құнды деп отырғанымыз осы.

Бұнымен бәрі біткен жоқ, ондан кейін де ОББ(Обектіге Бағытталған Бағдарламалау) мен айналыстым, әрине php – де бұл жұмысты жеңілдетеді және өте ыңғайлы. Бірақ бірінші php – ді білу керек.

Осы мақаланы жазылған кезде AngularJS(JavaScript), Yii2(PHP) – сиқты Фреймворктермен жұмыс жасап жүрмін. Егер қарайтын болсақ бағдарламалық жасақтама жасаушыларға мүмкіндік көп.

Жоғарыда айтылғандармен қоса мен сізге Bootstrap(CSS),  Less.js(CSS) – ті де үйренуді ұсынамын. Бұлар аса қиын емес және өте пайдалы.

Жақшаның ішінде қай тілде қолданылатыны жазылған. Сізге де осыларды ұсынамын. Веб-бағдарламалау туралы айтылатын әңгіме көп, қысқаша тарих осылай. Егер сіз осыларды білетін болсаңыз бағдарламашы бола аласыз.

Қорыта айтатын болсақ қолда компьютер бар ма? Бағдарламалаумен айналыс. Компьютер тек ойын ойнау құралы емес!

11
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
11 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
9 Авторы комментариев
БекзатAskarWalterCallyАманжолЕркебұлан Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Қазыбек
Қонақ
Қазыбек

Мен де бағдарламашы болғым келеді!!!

b.
Қонақ
b.

Өзіңдікіндей сайт ашып бере аласың ба? Ақысы қанша болады?

Наоко
Қонақ
Наоко

Мен ғылыми жұмыстармен айналысушы едім, көптеген жұмыстарымды сайт ашып жазып отырайын деген ойым бар))Мысалы, Сіздікі сияқты сайт жасау бағдарламалау тілін əлі меңгермегендерге күрделі ме?

Наоко
Қонақ
Наоко

Логикалық тапсырма "Қ" əрпі ме?

Ertai Kuanyshov
Қонақ
Ertai Kuanyshov

Наоко — дұрыс айтасың

Еркебұлан
Қонақ
Еркебұлан

Керемет! Қате сөз "бағдармалу" "а"

Аманжол
Қонақ
Аманжол

Фрейбок емес фреймворк

WalterCally
Қонақ
WalterCally

<a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/futbolka-hot-shapers.html>футболка hot shapers</a>

Усиливают потоотделение в 4 раза
У вас уменьшатся объемы в ненужных местах, а мышцы станут более рельефными.

Изготовлены из ткани NEOTEX
Её внутренний слой усиливает работу потовых желез, наружный — впитывает пот, не давая ткани промокать.

Комфортны в повседневной жизни
Они не заметны под одеждой, не пропускают пот и не оставляют следов на теле.

Читать полностью <a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/poyas-hot-shapers-iz-materiala-neotex-otzivi-izhevsk.html>пояс hot shapers из материала neotex отзывы ижевск</a>

http://dom-48.ru/hot-shapers/mayka-korset-hot-shapers-hot-sheypers-yakutsk.html
<a href="http://dom-48.ru/hot-shapers/zakazat-bridzhi-dlya-pohudeniya-hot-shapers-magadan.html">заказать бриджи для похудения hot shapers магадан</a>

Askar
Қонақ
Askar

Keremet kiska ukit iwinde uyrenip alipsin bolawakta isterine tabis tileym alla jar bolsin.mende osilardin barin bolmasada sayt jasau instagram targetingti uyrenip alsam dim birak neden bastau kerek bilmim.

Askar
Қонақ
Askar

Менде бағдарламашы болғым келеді

Бекзат
Қонақ
Бекзат

Ертай Жарайсың! осындай жастардың өсіп кележатқанын мені құантады…