Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мен көп қолданатын 10 компьютерлік бағдарлама

Барлығына сәлем, мен бүгін, бүгін болғанда дәл қазір өзім қолданатын компьютерлік бағдарламалар туралы сіздерге айтып беремін. Ендеше кеттік…

Бірінші операциялық жүйе туралы айтайын. Мен windows оның ішінде windows 8 жүйесін қолданамын. Неге бұны айтып жатырмын? Себебі бұдан да басқа операциялық жүйелер бар, мен тек осы мен қолданатын операциялық жүйеге арналған бағдарламалар туралы айтымын. Егер сіз Linux, Mac OS немесе басқа жүйені қолданатын болсаңыз да әрі қарай оқи беріңіз, себебі кейбір бағдарламалардың көптеген операциялық жүйеге арналған нұсқалары бар.

Adobe Photoshop CS6 – ең белсенді қолданатын бағдарламалардың бірі. Бұл тікелей әр түрлі графикалармен жұмыс жасауға арналған. Мен де оны сол үшін қолданамын. Егер сізде қандай да суреттермен немесе мен сияқты графикалық элементтермен жұмыс жасайтын болсаңыз осы бағдарламаны сізге де ұсынамын, себебі бұл өте танымал және жәй ғана танымал болған жоқ, өте функционалды. Бұны фотографтар, дизайнерлер, суретшілер, аниматорлар айта берсек қолданылу аясы өте кең.

Бұл арқылы мен сайт дизайнын, баннерлер және да басқа шағын графикалық элементтер, блогтың басты суреттерін сызамын, қысқасы қай көптеген салаларға өте пайдалы.

Photoshop – пен жұмыс жасауды үйренгіңіз келсе photoshop-master.ru сайтын қарасаңыз болады, бұл жерде фотошопқа арналған көптеген сабақтар мен қажетті дүниелер бар және танымал ресурстардың бірі.

Жұмыс жасауды бастау үшін бірінші фотошопты мына жерден орнатып алыңыз.

Notepad++ — функционалды редактор. Жұмыс істеу жүйесі қарапайым блокнотқа ұқсас, бірақ оған қарағанда көптеген басқа да пайдалы функциялары бар. Мысалы мен оны код жазу үшін де қолданамын негізі бағдарламашылар арасында кең таралған және ыңғайлы.

XMind – интеллект карта жасауға арналған бағдарлама. Интеллект карта жасау арқылы жұмыс жоспарлап алуға болады және жұмыс өнімділігін арттыруға көмектесетін құралдардың бірі. Егер сіз бұл туралы естімеген болсаңыз уайымдамаңыз, мен келесі блогта осы интеллект карта туралы жазамын. Сол жерден толығырақ білуіңізге болады.

Evernote – кез-келген жазбаша ақпараттарды осында сақтаймын. Мен осы жерде Evernote бағдарламасы туралы жазып өттім. Қысқаша айтатын болсам бұл мен қолданатын тағы бір басты софттардың бірі болып есептеледі. Бұл қарапайым блокнотқа ұқсайды, бірақ көп функциясы бар және ақпараттар серверде сақталады. Жазылғаннан кейін жоғалып кетпейді.

Көптеген адамдар негізі қажетті ақпаратты блокнотқа жазып жұмыс үстеліне немесе компьютердің басқа бір жеріне сақтап қояды. Ал біраз уақыт өткеннен кейін ұмытып немесе қай жерге сақтағанын естен шығарып алуы мүмкін. Сондықтан да оның орнына Evernot-ты қолданған дұрыс, ненің қай жерде екені көз алдыңызда.

Сіз бұған көптеген ақпаратты жазып қоя аласыз: телефон номер, мекен жай, құжаттың номері немесе сканерлеп көшіріп қоюға да болады, мәтіндік кез-келген ақпарат, аудио және видео ақпараттар.

Chrome, Firefox – браузерлері. Бұл екеуі де өте танымал браузерлердің бірі. Ғаламтордағы әртүрлі ақпараттарды оқу немесе әртүрлі ресурстарға шолу жасау үшін мен Chrome-ды қолданамын, себебі маған осы ыңғайлы және жылдамдығы да жақсы. Ал Firefox – қа келетін болсақ, ол маған әртүрлі сайттар немесе скриптілер жазғанда көмектеседі. Бағдарламашылар арасында бұл аталған браузер кеңінен қолданылады, осыған арналған плагиндер және функциялары бар.

Kaspersky Password Manager – әртүрлі сайттарға тіркелгенде паролді есте ұмытпауға көмектеседі. Сіз осы бағдарламаны компьютерге немесе смартфонға жүктеп алып әртүрлі паролді жазып қоя аласыз. Бағдарлама туралы осы жерде жазып өттім.

Wunderlist – тізімдермен жұмыс жасауға арналған. Бұл туралы да мен блогта жазып өттім мына жерден оқып көріңіз.

Қысқаша айтатын болсам, мен осы бағдарлама арқылы күндік және айлық жоспар жасаймын. Мысалы осы айда қандай жұмыстармен айналысу керек немесе бүгін немен айналысамын деген сұрақтар туындамас үшін осы арқылы жоспар құрып аламын. Сіз де қай уақытта не істеуіңіз керек екенін осы жерге жазып қойсаңыз болады. Бұл уақытты үнемдейтін және жұмыс өнімділігін арттыруға арналған керемет бағдарлама.

WinRar – архивтермен жұмыс жасауға көмектеседі. Бұл менің есептеуім бойынша көптеген қолданушыларға көмектеседі, себебі көп жағдайда қандай да бір файлды архивтеуге немесе архивтен шығаруға көмектеседі. Мен де бұның жиі қолданамын. Архивтермен жұмыс жасауға арналған көптеген бағдарламалар жасалды, бірақ WinRar осылардың ішінен ерекшелене білді.

Word – мәтіндік редакторы. Енді бұл туралы көп айтудың да қажеті жоқ. Қолдануды білмесе де атын білетіндер көп кездеседі. Мәтіндік құжат жазу қажет болса бұл нағыз көмекші құралдардың бірі.

Мен де блогты осы бағдарлама арқылы жазамын, қазір де осы блогты жазып отырмын, сіз де оны оқып отырсыз.

MediaGet – торренттік файлдарды іздеуге және жүктеуге арналған. Қазіргі уақытта үлкен көлемді файлдарды торрентке салып қойған және сол үшін оны жүктейтін бағдарлама қажет болады. Осы бағдарлама арқылы үлкен көлемді торренттік файлдарды жүктеуге арналған.

Total Commender – файлдық менеджер. Компьютердегі файлдарды басқаруға арналған өте пайдалы бағдарлама. Басты артықшылығы екі басқару панелі бар, сондықтан компьютерде жұмыс істеуге өте пайдалы. Сізге де ұсынамын.

Бұлар мен ең көп қолданатын бағдарламалар. Әрине бәрі емес, себебі кейбір мен қолданатын бағдарламалардың қарапайым қолданушыларға қажеті жоқ, мысалы мен тек бір notepad++ туралы айтып өттім бұдан басқа да бағдарламашылар арасында көп қолданылатын тағы 3 бағдарлама бар, өз кезегінде олардың қарапайым қолданушыларға қажеті бола қоймас.

Маған бұл жерде қызық болып тұр, сіз басқа қандай бағдарламаларды қолданасыз?

Блог соңында сізге бір қызық жұмбақ жасырайын жауабын дәл осы блогтан таба аласыз:

“Сіз осы блогта  бірдеңені байқамадыңыз, ол не?”

Егер сіз байқағыш адам болсаңыз бұны тез табасыз.

Егер сізге мақала ұнаса пікір жазып, төмендегі батырмалар арқылы әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.

Келесі блогта кездескенше.

6
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
5 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
6 Авторы комментариев
ЕртайЗауреНазгүлЕртай Қуанышовгулнар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Өмірбек
Қонақ
Өмірбек

Ертай жұмысыңа сəттілік.

гулнар
Қонақ
гулнар

Салем Ертай.
ен биринши сатылымга шыккан китабынызды алу ушин кивиге счетынызга толеймин бе
багасы жазылгандай 600 тенге ме
ешкандай комп.хабары жок адам фотошопты менгере алады ма

Ертай Қуанышов
Қонақ
Ертай Қуанышов

Гулнар — иә, qiwi — ге төлейсіз. Фотошопты меңгеру үшін компты мықты білеудің керегі жоқ.

Назгүл
Қонақ
Назгүл

Блогта сурет көп қойылмаған

Зауре
Қонақ
Зауре

11 бағдарлама көрсетілген ба?

Ертай
Қонақ
Ертай

Иә, дұрыс айтасыз.