Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мен неге Telegram – ды қолдануды ұсынамын?

Сәлем, құрметті оқырман!

Соңғы уақытта, хат алмасуға арналған көптеген сервистер пайда болды. Менің есептеуім бойынша олардың ішінде бір-біріне мықты бәсекелес бола алатын: Telegram және WhatsApp.

WhatsApp – тың дәл қазіргі уақытта қолданушылар саны Telegram – ға қарағанда жоғары. Бірақ мен сізге Telegram – ды қолдануды ұсынамын.

Оған бірнеше себеп бар:

Telegram – барлық танымал платформада қолжетімді. Мысалы windows, ios, android және басқалары. Бірақ сізге айта кетейін, WhatsApp – тың компьютерге арналған нұсқасын қолдану әзірше, ыңғайсыз, оған қарағанда Telegram – дігі ыңғайлы.

Үлкен көлемде топ құруға болады. WhatsApp – та арнайы бір топқа 256 адамнан артық сыймайды, ал Telegram – да бұл көрсеткіш 5000 адам.

Канал ашу жағы WhatsApp – та жоқ. Каналдың топтан айырмашылығы, онда тек, каналды ашқан адам ғана ақпарат жаза алады. Бұл мүмкіндікті қазіргі уақытта көптеген сайттар қолданып, өз оқырмандарына жаңа жазбалар туралы ескерту жіберу үшін қолдануда.

Менің Telegram каналыма қосылыңыз.

Әртүрлі боттармен жұмыс жасауға болады. Telegram – ның қызық жері сол, әртүрлі боттар бар. Мысалы арнайы сұраным бойынша, қажетті суреттерді тауып беретін немесе қажетті ақпаратты браузерсіз-ақ іздеуге мүмкіндік беретін боттар. Бұдан басқа да мыңдаған пайдалы боттар жасалды және жасалып жатыр.

Қауіпсіздік және жылдамдық жағынан жақсы қамтылған. Мен қолданатын Telegram – да, хабарламалар өте жылдам алмасады. Себебі Telegram – ның әлемнің әртүрлі нүктесінде серверлері бар, соның арқасында өте жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік жасалып отыр.

Қауіпсіздік жағы дегеніміз мынада. WhatsApp – та болсын, Telegram – да болсын, криптография деген термин бар. Түсінікті түрде айтатын болсақ, біздің екінші бір адамға жазған хаттарымызды, басқа адам оқып қоймас үшін, түсініксіз бір символдармен алмастырылады, ол тек қажетті жеріне жеткен кезде ғана, яғни біз хатты жіберген адамның құрылғысына түскен кезде барып түсінікті мәтінге ауысады.

Telegram – ның бұл тұрғыда қауіпсіздік жағы мықты ойластырылған.

PlayMarket – тен немесе AppStrore жүйелерінен жүктеп алуға болады, сонымен қоса айтып өткенімдей басқа да операциялық жүйелерге арналған нұсқалары бар.

Бүгінше осы келесі кездескенше, ал сіз Telegram – ды қолданасыз ба?

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
АрдаккенесЖәнібек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Жәнібек
Қонақ
Жәнібек

Мен де осыны қолданамын.

кенес
Қонақ
кенес

жақсы

Ардак
Қонақ
Ардак

Телеграмды колданамын, бирак жуктеу оте жай