Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Мен оқитын авторлар

Сәлем, құрметті оқырман. Бүгін өзімнің қай авторлардың кітаптары оқитыным туралы блог жазып отырмын.

Шынымды айтсам соңғы жылдары біраз кітаптың бетін ашып, оқып қарадық. Тағы бір дүниені айтып қояйын, жеке өзім әдеби тақырыптағы кітаптарды оқи бермеймін, көбіне тұлғалық даму, маркетинг, бизнес және соңғы уақытта психология сияқты тақырыпта жазылған қызықты кітаптарды оқимын. Әрине ондай тақырыпта қазақ тілінде жазылған туындылар аз, тіпті әзірше жоқтың қасы десе де болады.

Менің оқитын кітаптар көбіне электронды түрде, яғни компьютерге жүктеп алғаннан кейін оқи беруге болады. Әркімге әртүрлі тақырып қызық және өзінің оқитын авторы немесе авторлары болады. Мен өзім оқитын авторлар туралы айтамын.

Андрей Парабеллум – бизнес, маркетинг, сатылым және басқа да өзекті тақырыптарда әртүрлі кітаптар жазады және бестселлерлер қатарына енгені аз емес. Жеке өз басым авторы осы кісі екенін білсем оқуға тырысамын. Бірнеше кітаптарын оқып шықтым, өте пайдалы етіп жазылған.

А.Парабеллум негізі бизнес-тренер, әртүрлі тренингтер өткізеді тренингіне қатысқандардың ішінде Қазақстандық бизнес-тренерлер де бар.

Жазылған кітаптары орыс тілінде, бірақ орысша сәл түсінетін болсаңыз бұл қиындық туғызады деп ойламаймын.

Дәл қазіргі уақытта “77 секретов копирайтинга” – деп аталатын кітабын оқып жатырмын, бітіріп қалдым десем де болады.

Бодо Шефер. Бұл автордың кітаптары әлем бойынша танымал және сұранысқа ие. Мен өз басым “Законы победителей” – деп аталатын бестселлерін оқығаннан кейін Шефер мырзаны тани бастадым. Сізге де осы кітапты оқуды ұсынамын, ішіндегі кеңестерді кез-келген салада қолдануға болады.

Николай Мрочковский – Ресейлік бизнес-тренер, жоғарыда ғана айтып өткен Андрей Парабеллумның ең үздік шәкірттерінің бірі. Жалпы жазған кітаптарының көбі қаржы, бизнес, сатылым туралы.  Бірнеше электронды түрдегі кітабын оқып шықтым, алуға тұрарлық пайдалы кеңестер мен ақпараттар көп.

Аманжол Рысмендиев – Қазақстандағы ең танымал бизнес-тренер және ораторлардың бірі. Кейбір маңызды тақырыптарда жазылған қазақ тіліндегі кітаптар аз. Дегенмен А.Рысмендиевтің шығып жатқан кітаптары осы оқылықты толтырады деген ойдамын. Соңғы рет “Озіңіді оят” – деген кітабын оқыдым. Ішіндегі негізгі айтылатын тақырып жоғарыда айтып өткен Бодо Шефердің “Законы победителей” кітабынан кем түспейді және айтылатын ой ұқсас.

Жалпы қандай кітаптар оқысақ та, оның қандай да бір пайдасы болуы керек. Бәрінің пайдасы бар, тек оқығаннан кейін оны пайдаға жарата білу бұл басты заңдылық деп есептеймін.

Ал сіз кімдерді оқисыз немесе қандай кітаптар оқыдыңыз?

Келесі блогта кездескенше.

 

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
PeterEmoth Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

<a href=http://writepapersonline.org>college essay for admission</a>

http://writepapersonline.org