Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Неге SMM маркетингті қазіргі уақытта, көптеген компаниялар қолдануда?

Сәлем, құрметті достар.

Соңғы уақытта байқағаным, ғаламторда және қолданыс аясында SMM деген кеңінен қолданылуда. Бірақ сіз неге бұлай деп ойлайсыз немесе сіз осы жүйені қолданасыз ба? Тіпті SMM арқылы бизнес бастап, айына 1000 000 теңге тапқандарды да көріп жатырмын. Ендеше бұның қандай сиқыры бар, сол жағынан қарастырып көрейік.

SMM (Social Media Marketing) маркетинг дегеніміз, әлеуметтік желіні, қандай да бір нысанды алға жылжыту ретінде қолдану.

Негізі ортасына мән беретін болсақ, бірден байқауға болады. SMM – әлеуметтік желімен байланысты жүйе болғандықтан, адамдардың аудиториясы үлкен. Мысалы facebook – ті  2 миллиардтан астам адам қолданады. Бұл ғана емес басқа да әлеуметтік желіні алып қараңыз мысалы Қазақстандықтар ең көп қолданатын: Вконтакте әлеуметтік желісі.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда оны қолданушылар саны 2 миллионға жуық, былай қарап отырсақ, өте көлемді аудитория.

Әртүрлі бизнеспен айналысатын компаниялардың басты мақсаттарының бірі: көбірек тұтынушылар табу және табысын арттыру болып табылады, оны өзіңіз де білетін шығарсыз? Ал тұтынушы қайда көбірек болады, әрине адам көп жерде, ал әлеуметтік желі болса, дәл сондай орындардың бірі.

Біріншіден адам саны көп. Instagram әлеуметтік желісін алатын болсаңыз, онда әртүрлі тауарларды сататындар көптеген қолданушылар бар және әлемдік брендттерден бастар, ел басқаратын тұлғалардың, саясаткерлердің парақшаларына дейін табуға болады.

Адам саны көп жерден, тауар немесе қызмет түрін сатып алатын адамдар да көбірек кездеседі.

Екіншіден, бұл үнемді тәсіл. Тағы да тауар сату жағына оралайық. Егер сіз дүкен немесе сондай бір орынды ашып тауар сатқыңыз келсе, біраз шығын кетеді, ал бұл болса үнемді тәсіл. Бар керегі қажетті әлеуметтік желіден, парақша ашып жұмысты бастап кетуге болады.

Егер осы саланың маманы болғысы келетіндер болса, айта кетейін. Бұл туралы көптеген кітаптар жазылды және пайдалы ақпараттар ғаламторда том-том болып жатыр. Оның біреуін қазір сіз оқып отырсыз.

Көптеген отандық және шетелдік компаниялар табысын SMM маркетинг арқылы, өзі ойлағаннан да көп нәтижеге көтеріп жүр.

Мысалы мен танымал деген көптеген әлеуметтік желіні қолданамын дегенмен Instagram мен Вконтактіні көбірек қолданамын. Екіншісін қолдану жағы жеңіл, ал біріншісінен өзіме қызықты деген бірнеше компанияның парақшасын қарап отырамын. Мысалы Microsoft.

Осы аталған компания парақшасы арқылы өзінің өнімін жарнамалап отырады.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

Ал сіз әлеуметтік желіні қандай мақсаттарға қолданасыз? Пікірге жаза кетіңіз, егер ештеңе жазбайтын болсаңыз, сізді әлеуметтік желіде құр уақытын өткізеді деп есептеймін.

P.S Менің Telegram каналыма қосылыңыз.

4
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
4 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовӘбдіәшімГалым ББ-13 студентіМаңғыстау Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Маңғыстау
Қонақ
Маңғыстау

Біріншіден пайдалы ақпара ретінде
Екіншіден табыс табу үшін
Үшінші сөйлесу үшін қызық қарау үшін

Галым ББ-13 студенті
Қонақ
Галым ББ-13 студенті

Қазақстандық Етуб каналдардың, Вк группалардың, Фб страницалардың, Инста аккаунттардың ең ірілерінің ондығын жазып жіберсеңіз тіпті керемет болар еді, бұл өте көп адам қызығатын сұрақтар қатарына жатады.

Әбдіәшім
Қонақ
Әбдіәшім

Ертай, қарағым сәлеметсің бе! Сенін блогыңды біраз ұақыттан бері қарап келемін. Қазақ тілінде замануи мәліметтермен бөлісіп жүрсің, ол әрекетіңе шын ризашылығымды білдіремін. Үйрет қара көздерге қалай Интернет арқылы табыс табуға болатынын. Мен де білмейтінімді үйренуге әзірмін.