Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Несиені қай жағдайда алған дұрыс?

Сәлем, бүгін өте бір сондай өзекті тақырып болайын деп тұр, себебі тақырып біреудің соры, біреудің зары немесе біреудің жансыз туысына айналған несие туралы болмақ. Бұл ұғым басқасын қайдам бірақ бізге өте жақын, сіз де білетін шығарсыз? Бізде несие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады және қажетті затты несиеге беретін жерлер көп кездеседі. Көлемді ақшадан бастап телефонға дейін несиеге алуға болады.

Ал сіз білесіз бе? Біз несиені аламыз бірақ дұрыстап қолдана алмаймыз. Бірден 5-10 мың доллар аламыз да той жасаймыз немесе көлік сатып аламыз, болмаса тағы басқа да бір қажетсіз затқа жұмсаймыз. Шыны керек бұл үшін несие алуды дұрыс деп есептемеймін. Ал енді несиені қандай жағдайда алуға болады?

Сіздің де осы сұраққа бірнеше жауабыңыз боларына сенімдімін, енді соны әрі қарай өрбітіп қарайық.

Оқу үшін

Оқу әрқашан маңызды және солай болып қала береді. Егер сіз осы үшін несие алсаңыз бұл әрине жақсы. Білімді жастар әрқашан мемлекет экономикасына жаңа серпін берері анық, сондықтан бұл тиімді нәтиже береді егер алуын алып-алып қуып кетпей дұрыстап оқысаңыз.

Елдегі оқу орындар саны көптеп ашылғанына қарамастан оқу ақысын бәрінің қалтасы көтере бермейді, соны ескере келе несиенің тиімді жағын осыған бағыттай аламыз. Ақшасы жоқтар енді не істейді? Ауылға барып қой баққанан, несие алып оқығаны тиімді.

Бизнес ашу үшін

Бизнес – екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің санын азайтып қана қоймай, экономиканың белсенді дамуына жағдай жасайды. Осыған орай әркімде әртүрлі бизнес жобалар бар болуы мүмкін, бірақ бәрі ақшаға келгенде тоқтап қалып жатады. Халықтың өз-өзін асырауға ақылдары жеткенімен қалтасындағы қағаздары жетпей жатады және солай болып та жүр. Солай емес пе? Осындай жағдайды неге несие арқылы шешпеске.

Тың ойлы бизнеспен айналысқысы келетін азаматтар мен азаматшалар үшін  Damu кәсіпкерлікті дамыту қорынан берілетін пайызы аз арнайы несиелер бар.

Осы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған кісілер көп кездеседі. Ол үшін сізде бизнес жоспар болуы керек әрине, одан кейін қажетті қаражатты қолға алып бастап кете аласыз.

Үй сатып алу үшін немесе салу үшін

Баспана ел бойынша ең бір басты мәселелердің бірі, әсіресе осы қалалық жерлерде. Жаңадан үйлер салынып халыққа таратылып жатыр, бірақ 1 үй салынса оған тағы 100 отбасы қосылатын заман болып тұр. Кезекке тұрып аламын дегеннің өзінде оған жылдар кетеді, 10-20 жыл кезекте тұрды дегенді естіп жатырмыз. Жас отбасылар оны күтем дегенше ата-әже болып ана жаққа кетіп те қалатын шығар. Тіпті немере шөбересіне кезегін аманаттап кететін заманға да жетіп келеміз.

Ойлайтын болсақ қазір “алам піс, аузыма түс” дейтін заман емес. Өз жағдайыңды өзің ойлауың керек, мемлекет бәріне бірден үлгермейді. Үй кезегіне тұр, тұрған дұрыс, бірақ соны күтіп, үй жалдағанда кезегің келем дегенше 2-3 пәтердің шығыны шығып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда әдеттегі Мистер проперс емес несие көмекке келеді. Белгілі бір мерзімге несие алып үй салып алған немесе сатып алған дұрыс бұл жағдайда. Сатып алу жағы қалалық жер болса өте қымбатқа түсуі мүмкін, тіпті ең арзан дегенінің бағасы адам аузын алты метрге ашып жібереді. Мен ұсынатын тәсіл жер сатып алып, үй салып алу. Бұл арзанырақ және өзіңіз қалағандай істей аласыз.

Медициналық көмек үшін

Денсаулық әрқашан маңызды. Кейбір ауру түрлері бар, емделу ақысы да өте қымбат және оны кез-келген адамның қалтасы көтере бермейді. Шұғыл ақша керек болса оны табу қиындық туғызары анық, осындай бір жағдайда әрине несие алуға болады.

Негізі қазіргі жағдайда несиенің тиімді жұмсалу аймақтарының бірі осылар. Ал сіз тағы да қандай нұсқаны ұсынасыз?

Несие тек той жасау, көлік алу немесе шетелге қыдыру сияқты тағы да басқа қажетсіз дүниелер үшін ғана алу дұрыс емес екенін сіз де біз де білеміз негізі, бірақ белгісіз күш тартып тұратыны белгілі. Несиеге қатысты былай ойлайтындар бар, ойласам күлкім келеді: “Миллион несие алып той жасаймын, мынау мынанша әкелсе, анау анаша әкелсе барлығын қосып несиені жауып жіберемін, тіпті үстінен пайда да қалады”, бірақ ойлағанындай болмай қарызға кетіп қалады, сондықтан бұған бизнес деп қарамаумыз керек.

Қорыта айтатын болсақ аса қажеттілік туындамаса несиеден алыс жүрген дұрыс.

Анекдот

Бір жігіт екіншісінен сұрап жатыр дейт:

Осы сенің жағдайың бар, көлік, үй, қымбат телефон не қаласаң бәрі жетеді. Ал жасың болса біразға келіп қалды неге үйленбей жүрсің?

Екіншісі:

Сен де қатырасың, қызды несиеге бермейді ғой!

 

Келесі блогта кездескенше.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
howardБерік Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Берік
Қонақ
Берік

Несиені мүлдем алуға болмайды. Олай жұртты жамандыққа шақырмаңыз. Алғаш кредит шығып бастаған қазақтар қырып алды. Есіңізде болар. Басқа ұлттар бұның жаман нəрсе екенін біліп алмады. Болмаса жағдай тең еді. Енді сол несие алған мен алмағанын жағдайы салыстыруға келмейді.

howard
Қонақ
howard

Мен керемет емеспін 100 000 доллар несие алдым, мен несие берушіден несие алғаныма қуаныштымын, ол менің несиеіме көмектесті, әртүрлі қызметті сынап көрдім, бірақ бұл қызметтен несие ала алмадым. олардың кейбірі мені көп құжат толтыруды сұрайды және күннің аяғында жақсы аяқталмайды. бірақ мен HOWARD CREDIT FUNDS-мен кездескеннен кейін бақыттымын, бұл жаңа несие даңқы, менің $ 100,000 несиемді ала алдым, енді менің бизнесім жақсы жүріп жатыр және бүгін сіздер білесіздер, себебі олар тез және 100 % сенімді. Қазір мен компаниядан алған қарызды төлеймін (HOWARD CREDIT FUNDS), олармен хабарласыңыз және сол несие берушімен бірге уақытты жұмсамаңыз Email: (howardloanfundsk@gmail.com)