Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Пассивті табыс дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

Сәлем, достар

Табыс табудың  көптеген түрлері бар, солардың ішінде ең жақсысы менің нұсқам бойынша пассивті түрде келетін табыс. Бұл дегеніміз сіздің араласуыңызды қажет етпей-ақ сізге табыс әкелетін жүйе.

Пассивті табыс – сіз араласпасаңыз да, ақша түсіріп тұратын жүйе. Оған анықтама жазудың да керегі, әркім әртүрлі түсінеді.

Пассивті табыстың қандай түрлері бар?

Өзіңіз ойлап көріңіз, қандай жүйе сізге араласпасаңыз да ақша түсіріп тұрады?, бір жағынан бұл мүмкін емес болып көрінеді. Бірақ бұндай жүйелер көп. Мысалы жылжымайтын мүлікті алайық.

Егер үйді жалға беріп қойсаңыз сізге белгілі бір уақыт аралығында табыс әкеліп тұрады, бұны өзіңіз де түсінген боларсыз? Сол сияқты акцияны да алып қарайық, ол да дәл солай көбінде сіздің араласпай-ақ табыс әкеліп тұрады.

Пассивті табыс деген сөзбен инвестиция термині қатар жүреді, себебі инвестицияның көптеген түрле пассивті табыс әкеледі.

Шамасы пассивті табыс дегенде сәл де болса түсінген боларсыз, енді пассивті табысты қалай алып отыруға болады, сол жағына тоқтала өтейік.

Акция

Менің нұсқамдағы пассивті табыстың ең тиімді түрі – акция. Егер экономикадан жақсы хабарыңыз болса, бұл сізге тиімді тәсіл.

Қазір арнайы акция сататын биржалар арқылы акцияға жылдам қол жеткізуге болады. Себебі көптеген компаниялар өздерінің акцияларын сатылымға шығарып отырады.

Бір кемшілігі сәл де болса, акция туралы түсінігіңіз болмаса, пайда таба алмауыңыз мүмкін. Себебі кез-келген акциясы бар компания бүгін немесе ертең банкрот болуы мүмкін. Сондықтан сатып алмас бұрын, акцияны шығарып отырған компания туралы ақпарат жинап талдау жасаған дұрыс.

Ешкімде 100% мынадай деп айта алмайды, тек болжауға болады. Мысалы әлемдік мұнай бағасы түсіп кеткен кезде Қазақстандық мұнай компанияларының акциялары түсіп кеткен болатын, ал бұл акционерлер үшін үлкен апат.

Жылжымайтын мүлік

Бұл туралы біз жоғарыда ғана айтып өткен болатынбыз. Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бағасы өте жоғары және сұраныс та бар, сондықтан бұны пассивті табысқа айналдыруға болады. Бірақ бұнымен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде қаражат қажет.

Интелектуалдық жүйе

Егер сіздің қандай да сала бойынша талантыңыз болса, мысал кітап жазу немесе өнертабыс деген сияқты, осы арқылы пассивті табыс жасауға болады.

Ойланып көріңіз егер бір пайдалы жаңа өнертабыс ойлап тапсаңыз, әрбір шығарылымнан сізге пайда түсіп тұрады, кітап та солай әрбір тираждан пайда әкеледі.

Бұлар пассивті табыс түсірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі, бұдан басқа да көптеген нұсқалары бар.

Ал сізге қай тәсілі ыңғайлы?

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
АлмазСəлімжанЖанар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Жанар
Қонақ
Жанар

расында пайдалы акпарат…

Сəлімжан
Қонақ
Сəлімжан

Керемет екен. Əсіресе ұнағаны акция жайында ж азылғаны. Мен жақында мастер клаус өткіземін деген ойдамын. Пайдалы ақпарат болса хабарласып, ақылдассақ қарай қарайсыз? Тел: 8 747 398 78 33

Алмаз
Қонақ
Алмаз

осы акция,дивидент,ipo туралы казак тiлiнде акпараттар оте аз, тiптi жок десек те кателеспеймiз.сондыктан казак тiлдi казактар бундай пассивты табыстардан кур калып жур.сол сiзге усыныс?осы такырыптарга терен зерттеулер ,талдаулар жасап кiтап кылып шыгарсаныз?мумкiн осындай бизнес саласында казак тiлiнде кiтап жазган алгашкы автор боларсыз?мумкiн осы саладагы жасаган енбегiнiз казактын тарихында «алтын арiптермен» жазылар.ойткенi осы акция туралы казакша кiтап жазган немесе шет тiлден аударган адамды бiлмейдi екенмiн.