Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Сайтты қалай жасауға болады? Егер мен ештеңе білмесем немесе жасым үлкен кісі болса!

Қайырлы күн! Бұл әдеттегідей – Ертай.

Сайт жасау, осы постты оқып отырғандардың көбін қызықтырады. Сан жүзінде қарайтын болсам, менің ютубтегі каналымда сайт жасауға қатысты видеолар ең көп қаралған екен және де осыған қатысты электронды почтама да жазғандар болды, сауалнама жасап қарап едім, біразы осыған дауыс берген.

Сондықтан мен бүгінгі тақырыпта сайт жасаудың компьютер жағынан аз білетін немесе жасы үлкен кісілерге қолжетімді түрі туралы айтамын.

Дәл қазіргі уақытта сайтты жасаудың сұмдық көөөөп түрлері бар. Өткен 5 жылмен салыстыруға да келмейді. Ал дәл осы пост жазылған уақытта сайт жасаудың ең оңай жолы – онлайн конструктор қолдану. Бұл туралы бұрын да жазып едім. Бірақ бүгін солардың ішінде қайсысы жеңілдеу соны айта кетейін.

Ескерту! Конструктор жеңіл болғанымен, онымен жұмыс жасау үшін де компьютерден аз да болса, білуіңіз керек. Онсыз болмайды. Егер сізге электронды почтаңызға кіріп, келген хатты оқып, оған жауап қайтару қиын болса, ондай ештеңе айта алмаймын, әрі қарай оқымай-ақ қойыңыз, одан да компьютермен азырақ жұмыс жасауды үйренгеніңіз дұрыстау болады.

Сонымен әрі қарай кеттік, не айтып жатыр едік? Иә, онлайн конструкторлардың оңай түрлері!

Жалпы мен де, біразымен жұмыс жасап қарадым. Соның ішінде, ең оңай деп есептейтінім: platformalp сервисі. Ол туралы бұрын видео жасап едім, төменде тұр:

Платформа LP сервисі.

Айта кететін тағы бір сервис, Қазақстандық Zhebe деп аталады. Бірақ бұл бір беттік өте қарапайым сайттар жасауға арналған, мүмкіндігі шектеулі, есесіне 100% тегін.

Дәл қазіргі пост жазылған уақытта, сайтты жасаудың ең оңай жолы осы.

Жалпы біз оңай дүниені жақсы көреміз, оңай жұмыс істегіміз келеді, бәрі оңайынан болса екен деп отырамыз, бірақ белгілі бір нәтижелерге жету үшін, еңбектену керек. Бірінші қадамдағы сәтсіздіктерге бола, белгілі бір дүниелерден бас тарту ақымақтық.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

 

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
НұрпейісҮйренуші Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Үйренуші
Қонақ
Үйренуші

Ертай аға, көбіне осылай пост күйінде шығарыңызшы!

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Ассалаумағалейкум Ертай бауырым. Егер өзім вордпрессте жасайтын болсам қандай хостинг таңдаған дұрыс?