Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Сәтті жарнаманың 5 құпиясы

Кез-келген тауар немесе қызымет түрі болсын сәтті жарнама арқылы көп табыс әкеле алады. Жарнама арқылы көптеген кәсіп орындар өз табысын еселеп отырады. Ал жарнама болмаса олардың банкрот болуы да мүмкін, қысқаша түрде айтатын болсақ жарнама кез-келген бизнесті алға жылжытушы басты құралдардың бірі.

Қазіргі уақытта жарнаманың көптеген түрлері бар. Мысалы: теледидар, радио, көшедегі жарнамалар, ғаламтор арқылы бірілетін жарнамалар, e-mail маркетинг және әр-түрлі баннерлер. Атай берсек көп кездеседі, ал осыларға басты қойылатын талап олардың сәтті шығуы, ал жарнаманы қалай сәтті жасауға болады?

Тақырып. Жарнамада ескерілетін бірінші дүние ол бәрінен ерекшеленіп тұратын тақырып. Мысал ретінде “Үстел сатылады” деп алайық, бұл басты тақырып және осы қараған адамның назарын бірінші аудартады. Сондықтан бұны дұрыс таңдау өте маңызды. Жоғарында келтірген мысалымыз адамдардың назарын аудара алады дей алмаймыз, себебі бұл жерде тек “Үстел сатылады” деп жазылған, бұл қызықсыз және көп тұтынушы тартуы қиын. Оған басқаша тақырып таңдау керек, мысалы: “Барлық отбасың бір дастарқанның басында” көріп отырғаныңыздай бұл жерде үстел деген сөз қолданылмаған және қараған адам ең жоқ дегенде тақырыпты оқиды, бірақ үстелге қатысты түрде айтылған.

Сиқырлы сөздер. Сиқырлы сөздер дегеніміз жараманың ішінде тұтунышуның назарын аудару мақсатында қолданылатын сөздер. Мысалы: Жеңілдік, тегін, жаңа, сапалы, кепілдік. Осы сөздер арқылы көп тұтынушы тартуға болады. Бұл сөздерді қолданып былай жарнама жасауға болады: “Екеуін сатып ал да біреуін тегін ал”, “Кез-келген тауарға 25% жеңілдік”, “Барлық тауарға 3 жылға кепілдік”.

Кепілдік беру. Өзіңізде әр-түрле жарнамалардан байқаған боларсыз, егер тауар ұнамаса ақшасын қайтарып береміз деп жарнама жасайтын дар көп кездеседі. Бұл тұтынушылардың сеніміне кіруге көмектеседі және сауда жасар алдында тауарды сеніммен алады.

Мерзім белгілеу. Жоғарыда айтып өзкеніміздей жарнама берерде сиқырлы сөздерді қолданар болсақ көп тұтынушы тартуға мүмкіндігіміз бар, бірақ оған сиқырлы сөздерден кейін мерзім белгілеу де өте маңызды. Мысалы “1 қаңтар мен 28 қаңтар аралығында кез-келген тауарға 25% жеңілдік”. Осы көрген тұтынушы ойлайды мерзім шектеулі тезірек үлгеру керек деп осыған асығатын болады.

Пікірлер. Туарды немсе қандай да бір қызыметті тұтынған адамнан пікір алып оны әлеуметтік желедігі немесе басқа да ресурстарға орнататын болса, оны көрген басқаларының сізге сенімі арта түседі.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Нұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Өте пайдалы жазба! Маған көмегі тиері анық. Рахмет көп көп.Үйренеріміз көп екен