Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Сатушы мәтін дегеніміз не және қандай пайдасы бар?

Сәлем құрметті оқырман.

Жарнама саласы кез-келген бизнесте қажет және көптеген компаниялар осы үшін миллиондаған ақшасын аямайды. Бірақ сіз білесіз бе? жарнаманың көптеген түрін жасағанда бірінші ескерілетіні – оның мәтіні. Яғни көп жағдайда жазылған мәтін тауардың немесе қызмет түрінің көптеген сатылуына әсер етеді.

Кезінде Ден Кеннедиден сұраған: “Бүкіл жинаған біліміңізден, біреуін ғана қалдыру керек болса қайсысын таңдар едіңіз?”. Осы сұраққа Д. Кеннеди мырза “копирайтинг” деп жауап берген екен. Копирайтингкке біз айтып отырған сатушы мәтін де кіреді. Көбіне осы сатушы мәтінді жатқыза аламыз.

Мен көбіне байқаймын да, көптеген әлеуметтік желіде әртүрлі жарнамалар тұрады, бірақ мәтінді көбіне дұрыс жазбайды. Егер сіз сатушы мәтін жаза алсаңыз, кез-келген тауар түрін жылдам және көптеп сатуыңызға мүмкіндік болады.

Сатушы мәтінді жаза алу да бір өнер болып есептеледі және қазіргі уақытта сұранысқа ие деп анық айта аламын. Көптеген ландинг сайттарда сатушы мәтін қолданылады. Тауардың қаншалықты көп өтетіні осыған тікелей байланысты.

Мен осы тақырыпты біраз қарап шықтым және көптеген ақпараттар алдым. Соңғы рет А. Парабеллумның “77 секретов копирайтинга” – деп аталатын кітабын оқыдым, сізге де ұсынамын.

Көп мыжымай, қысқаша айтатын болсақ сатушы мәтін кез-келген бизнесте пайдалы, сонымен қатар сізге де пайдасын тигізері анық.

Жоғарыда мен бірнеше пайдалы жақтары туралы айтып өткен болатынмын. Бірақ басқа қандай жерлерде қолдануға болатыны туралы кеңірек айта кетейік.

Сатушы мәтін тауарды сататын бірінші құрал

Кез-келген жарнаманы қарайтын болсаңыз, көбіне әртүрлі жазбалар түрінде болады, ал сатушы мәтін дегеніміз осы жазбалардың ішінен ерекшелене білінуі керек, бұл сіздің жарнамалаған тауарыңыз немесе қандай да бір қызмет түрін жылдам және көптеген сатуға себеп болады. Сондықтан сатушы мәтін жарнама жасалғанда ескерілетін бірінші құрал. Бұл ескерілмеді деген сөз, жарнаманың сәтсіз болуымен немесе жарнамаға кеткен шығынды ақтамаумен аяқталады.

Сатушы мәтінді қайда орналастыруға болады?

Кез-келген сатушы мәтін жазылып болғаннан кейін қандай да бір жерге таратылуы керек. Осы арқылы сатушы мәтінде жарнамалаған қызмет түрін немесе тауарды көптеп сатуға болады, бұл оның негізгі міндеті болып есептеледі. Ал енді оларды қайда орналастыруға болады? Осы мәселені қарастырып көрейік.

Сатушы мәтінді мен ұсынатын мынадай жерлерге орналастыруға болады:

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасайтын халық саны көп және уақыт өткен сайын бұл желілер арқылы жасалатын жарнама саны да арта түсуде. Таргетингтік жарнамадан бастап, әртүрлі топтарға дейін жарнама бере аламыз. Кез-келген біз қолданатын әлеуметтік желіде хабарландыру беруге арналған топтар бар, халықтың көбі осындай топтарды қолданып әртүрлі жарнамаларын қалдырады. Жарнама көп болғаннан кейін, көптің ішінен ерекшелене білеу керек. Ал жарнаманы ерекше ете түсетін бұл – сатушы мәтіндер.

Тауар түрін немесе осындай бір өнімді сатушы үшін жазған мәтініңізді әлеуметтік желі арқылы тарату тиімді шешім. Қалай сатушы мәтін жазуға болатынын келесі бір блогтарда жазатын боламын.

Тауар сатушы сайттар(Landing Page)

Егер есіңізде болса біз ландинг сайттар туралы жазып өткен болатынбыз. Бұл негізгі бір тауарды сататын шағын сайт. Ал бұндай сайттардың басты бөлігін алатын – дизайны және ішіндегі сатушы мәтіні. Айтпағымыз ландинг сайттарға сатушы мәтін міндетті түрде керек. Бірақ бұл үшін сізге сайт ашуды білу керек болады.

Хабарландыру тақталары

Бұл онлайн емес, оффлайн түрдегі хабарландыру тақталары. Сіз де көрген боларсыз, кейбір орындарда арнайы тақта қойылған. Оған кез-келген адам өз хабарландыруын қалдырады. Сатушы мәтін де осындай жерлерге келеді.

Хабарландыру сайттары

Бұл барлық ғаламтор қолданушыларына қол жетімді жүйе. Қазақстан бойынша olx, satu, market сияқты қолданушылар саны көп хабарландыру сайттар бар. Сатушы мәтінді де жерлерге орналастыруға болады.

Басқа да ресурстар

Біз тек негізгі деген бірнешеуін жоғарыда атап өттік, бірақ сатушы мәтінді басқа да жарнама түрлерінде қолданушы болады. Мысалы газет, медиа жарнама, радио, әртүрлі журналдар.

Бүгінгі тақырыбымызды қорыта айтатын болсақ, сатушы мәтін кез-келген жарнаманың негізгі бөлігі. Ендеше келесі блогтарда сатушы мәтінді қалай жазуға болатынын әңгімелейміз.

Келесі кездескенше.

6
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
6 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи

Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
PeterEmoth Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

college essay for admission

http://writepapersonline.org