Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Сайт ашудың тиімді тәсілдері

Сәлем, бүгінгі тақырып тікелей ғаламторға арналады, соның ішінді сайт ашу туралы болмақ. Сіз де білетін боларсы халық, мемлекет және де көптеген кәсіпорындар, бизнесмендер ғаламторға көшіп жатыр. Ғаламтордың біз ойлағаннан да көп мүмкіндігі бар және осыны онан сайын тиімді етуге тырысуда.

Бил Гейтц бір сөзінде айтқан “Егер сіздің бизнесіңіз ғаламторға қатысы болмаса ол бизнес емес”. Яғни ғаламторды әр-түрлі мақсатта қолдануға болады. Көптеген бизнесмендер ғаламтор арқылы табыс табуда. Мысалы ғаламтор дүкендерін алайық, ол арқылы тапсырыс беретіндер күн сайын өсуде, менің сөзімді статистика дәлелдеп береді. Ал сол ғаламат ғаламорда кеңінен таралған ол сайттар. Жілідегі қандай ақпарат болсын белігілі бір веб-парақшада орналасады, ал ол болса өз кезегінде сайт болып есептеледі. Жоғарыда айтылған ғаламтордың мүкіндіктері де осы сайт арқылы беріледі. Енді бір сұрақ туындайды “Сайтта қалай жасауға болады?”. Айтпақшы сайттан түсетін пайда туралы мен мына блогта жазып өттім. Бұл жерде әрине барлық мүмкіндіктер туралы айтылған жоқ. Барлығын айтатын болсақ том-том кітап жазуға болады.

Бағдарламалу тілдері арқылы

Бұл нағыз бағдарламашылар қолданатын тәсіл және ең танымал жобалар осы тәсіл арқылы жазылады. Осы тәсіл арқылы сізге сайт ашу үшін веб-техналогияларды білуіңіз керек: HTML, CSS, JavaScript, PHP, MySQL. Егер осы аталған техналогияларды білетін болсаңыз күрделі жобаларға дейін жасай аласыз. Бұл тәсілдің басты артықшылығы бәрі сіз қалағандай болады. Яғни, бүге-шүгесіне дейін өзіңіз жасайсыз. Ал кемшілігі жаңағы аталған техналогияларды оқуға туралы келеді, оларсыз жылжу қиын.

CMS жүйесі

Бұл алдын ала жасалған сайт және сізге бірінші тәсілде айтылған веб-техналогияларды білудің керегі жоқ. Аз уақыттың ішінде сайт ашуға болады. Бұны меңгеруге көп уақыт керек емес, тіпті бір күннің ішінде үйренуге болады. Басты артықшылығы ешқандай артық білімнің керегі жоқ, сайтты тез ашуға болады, көптеген дизайндер және плагиндер қолжетімді. Ал кемшілігі бұл ашық кодды жүйе, барлығына қолжетімді болғандықтан басқа біреудер бұзып кіруі мүмкін. Бірақ олардан қорғануға арналған плагиндер бар. Тағы бір кемшілігі қалаған жерді басқа бір түрге ауыстыру қиындық туғызады, мысалы: стандартты шаблонға тіркелу функциясын қосу.

Ғаламторда таралған көптеген сайттар CMS жүйесінде жұмыс жасайды. Егер сіз блог жазумен айналысқыңыз келсе онда сізге WordPress дәл келеді. Желідегі танымал блогерлердің көпшілігі осы жүйені қолданып жүр.

Қазіргі таңда ең танымал CMS жүйелері: Joomla, WordPress, DLE, Droupal.

Онлайн конструкторлар

Бұл сайт ашудың ең жеңіл тәсілі. Сайт ашу барасында бәрі визуалды түрде жүзеге асады. Қай жерге не орналастыру керек екенін қолданушы өзі көрсетеді де бірнеше батырманы басса болды сайт дайын. Басты артықшылығы сайт визулды түрде ашылады және ешқандай артық баптаудың керегі жоқ. Кемшілігі бұл тәсіл динамикалық сайтқа арналмаған көбіне бір-екі бетті сайт ашуға болады. Осы тәсіл арқылы landing жасауға мүмкіндік беретін сервистер бар. Егер landing жасағыңыз келсе бұл жақсы шешім. Себебі жоғарыдағы екі тәсілді біле тұра осы тәсіл арқылы landing – ті сәтті жасауға болады, көптеген кәсіпкерлер осыны қолданады, ал динамикалық сайт болса, бұл шешім тиімсіз.

Сіз қарап отырған осы сайтты мен бірінші тәсіл арқылы жасадым, сондықтан бағдарламашы болғыңыз келсе бірінші тәсілді ұсынамын.

Келесі блогта кездескенше.

6
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
6 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
НАЗЫМErtai KuanyshovГулнар АралбаеваНаокоНұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Қысқа әрі нұсқа, тиімді жолмен түсіндіріпсіз.Сізге көп рахмет! Қазақтарға қазақ көмектеспегенде кім көмектесет?

Наоко
Қонақ
Наоко

Авторға сұрақ )) Осы сайтты қарапайым адамдар аша алады ма? Ол үшін қандай да бір қаражат болуы керек пе? Бір сайт ашу үшін 100 мың тг қаражат керек деп оқып едім бір блогшының жазбасынан.

Гулнар Аралбаева
Қонақ
Гулнар Аралбаева

Салем Ертай. Сенин жазбаларын оте пайдалы, болгандыктан жи! окып турамын. Китабынды калайсатып алуга болады

Ertai Kuanyshov
Қонақ
Ertai Kuanyshov

Гулнар, — осы жерден онлайн арқылы төлеп сатып алуыңызға болады, егер қиындық туындаса вк арқылы жазыңыз.

Ertai Kuanyshov
Қонақ
Ertai Kuanyshov

Наоко, 100 мың емес тегін де ашуға болады. Ондай қымбат болатын ғаламтор дүкендерін жасау.

НАЗЫМ
Қонақ
НАЗЫМ

Ертай номеріңді болама.Өте қажетсің