Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Сайттағы жарнаманы не үшін қояды?

Ғаламтор ресурстарын пайдаланып біз көптеген жаңалыққа қанық бола аламыз. Жалпы әр-түрлі сайттарды қарап отырған кезде бізге әр-түрлі жарнаманың кедергі келтіретіні де, бірақ ол жарнама не үшін қойылады? Енді осы сұраққа жауап іздейік.

Әр-түрлі танымал сайттарда және де басқа ресурстардың басым көпшілігінде жарнама орнатылған. Мысалы: кейбір сайттарға кіріп қалған кезде баннерлер қаптап кетеді. Бұл біріншіден сайт иелерінің табыс көзі десе де болады.

Facebook компаниясынң жылдық табысы миллиардтаған долларды құрайды оның басым көпшілігі сайттағы жарнама сервисінің арқасында келіп түседі. Ал жарнаманы берушілер үшін facebook сияқты танымал сайттар аудитория жинауда таптырмас ресурс. Екіншіден шығында жабу көзі десе де болады жарнамадан түсетін табыс арқылы олар өз шығындарын жаба алады. Қазіргі заманда сайтқа жарнама қою бизнестің бір түрі деп айтуға болады. Осы арқылы айына миллиондап ақша табатындар аз емес.

Әлеуметтік желілердің және де басқа ресурстардың басты табыс көзі осы жарнама десе де болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Адамдар арасында өз тауарын немесе басқа да өнімін жарнамалағысы келетіндер көп кездеседі. Қазіргі кезде ғаламтор жарнамасы ең тиімділерінің қатарында болғандықтан олар өз тауарын жарнамалайтын сайтты іздейді.

Мысалы: Vk.com әлеуметтік желісі. Бұл жерде сіз өзіңізге қажетті аудиторияны оңай таба аласыз. Қорыта айтқанда сайттарда орналасқан жарнама бізге қолайсыздық туғызғанымен бұл жаңа заманның тренді десе де болады.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar