Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Скринкаст дегеніміз не және оның түсірудің 3 құпиясы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей – Ертай. Бүгінгі тақырыпта, таза тәжірибеге негізделген ақпараттар беремін. Ол – скринкастинг.

“Бұл не өзі?” – деген сұрақ туындайды, егер батыстан болсаңыз: “Нізат ол?” – деуіңіз мүмкін. 🙂

Скринкаст дегеніміз – компьютердің экраны арқылы жасалатын видеолар. Мысалы мендегі барлық видеолар осылай істелген. Жәй ғана арнайы бағдарламаны іске қосамын да, компьютердің экраны арқылы, қандай да бір ақпаратпен бөлісемін.

Яғни бұны – скринкастинг дейді. Бұндай видеоларда адамдар өздерін көрсетпейді, тек даусы естіліп тұрады және видеода экран ғана.

Компьютер ғана емес, телефон арқылы да жасалуы мүмкін. Осылай видео түсіретіндер бар.

Скринкаст дегеннің не екенін, түсінген боласыз. Енді бұның қандай пайдасы бар? сол жағына тоқталайық.

Біріншіден, жаңадан видео түсіруді бастағандар, өздерін көрсеткісі келе бермейді, яғни камераны алдыға қойып, соған сөйлеу деген сияқты. Ал скринкастта тек экранды видеоға түсіресіз де, қажет дүниені дауыспен айта бересіз. Ең бастысы бұл, кейінірек камера арқылы видеолар түсіргенде көмегін тигізеді, осы арқылы біраз тәжірибе жинап аласыз.

Екіншіден, қазіргі уақытта ақпараттық дамыған заман болғандықтан, компьютерлік технологиялар өте сұранысқа ие. Ал ол жағынан біраз дүние білетін болсаңыз, ақпаратты скринкаст арқылы түсіндірген ыңғайлы.

Мысалы мен солай жасаймын, қайсы бір видеомды алсаңыз да, тек экран арқылы түсірілген. Себебі маған оны камера арқылы түсіндірген өте ыңғайсыз.

Бұл аталған дүние компьютердің экранымен байланысты кез-келген видеоны түсіруге ыңғайлы. Мысалы фотошоп, сайт жасау, баннер жасау, таргетинг жасау, smm – маркетинг.

Ал компьютердің ішін ашып, процессорын қалай дұрыс орнату керек деген сияқты видео сабақтар, өзіңіз түсініп тұрғандай, келмейді.

Скринкаст түсірудің 3 құпиясы

Негізі бұлар айтарлықтай құпия емес, бірақ Қазақстандық ютуберлердің видеосын қарап, құпия – ау деген ой кетті. Себебі олардың көпшілігі қолданбайды.

  1. Экранның көлемін дұрыс таңдау. Скринкаст түсіргенде экранның көлемін әртүрлі қылып алуға болады. Мысалы толық көлемді немесе өте кішкентай қылып. Көбі мониторының көлемі қандай, сондай қылып үлкен қылады. Ал оны кішкентай экранмен қараған кезде, дұрыс көрінбейді.

Менің ұсынатыным және өзің әрқашан қолданатыным 1280×768. Осындай жүйеде, видео түсіруге мүмкіндік беретін ең танымал бағдарлама – Camtasia Studio арқылы бұны дұрыстау өте оңай.

  1. Дауыс сапасына мән беру. Мойындау керек, дәл осы пост жазылған уақытта ютубте қазақша каналдар арасында, айтарлықтай бәсеке жоқ, сондықтан техникалық тұрғыда сапасына көңіл бөлетіндер аз, дегенмен бәсеке аз екен деп бұған жәй қарай салуға болмайды. Дыбысқа мән беру керек. Егер осындай видеолар түсіргіңіз келсе, өзіңізге бір микрофон алып алыңыз. Жаңадан бастаушыларға әрі кетсе 10 мың теңгеліктері жарайды.

  2. Сөйлеу мәнері төмендеу. Бірден айтып қояйын, бұл жаңадан бастаушылардың 90% — дан астамында болады. Яғни сөйлеу мәнері нақтылау емес және кейбіреулері өте жәй сөйледі. Басында менде де осындай болған. Бірақ тәжірибе жинай келе, бұл қателіктер жойылуда.

Ең басында түсірген видеоларымды көрсем, өшіріп тастағың келіп тұрады. Уақыт жұмсап, монтаждап күш жұмсағасын қимайсың.

Бірақ мен нашар сөлейді екенмін деп, видеоны түсіргеннен кейін жәй жоя салу дұрыс емес. Осылай жасайтындар да бар. Жеке тәжірибемнен айтатын болсам, пікірге сөйлеу манераң нашар деп ешкім жазбапты. Сондықтан осыған бола қысылудың қажеті жоқ. “Көп жүре түзеледі” – деген бар. Қайта біз қазақ тілінде ақпараттар санын арттыруымыз керек, қашанғы орысша не ағылшынша қараймыз?

Есте ұстау керек: “1% талант, 99% еңбек.

Бүгінше осы, келесі жазбаларда кездескенше. Сізге сәттілік тілеймін. Тек алға.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
НұрпейісЕртай ҚуанышовБерік Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Берік
Қонақ
Берік

Ертай иә расында. Көшің жүре түзелуде. Барған сайын жазған посттарыңда, мақалаңда, видеоларыңда сапалануда. Қазақ тілінің және қазақ интернетінң дамуына үлес қосып жүрген бірден бір жігітсің. Тек алға. Тоқтап қалма. Шаба бер.

Ертай Қуанышов
Қонақ
Ертай Қуанышов

Рахмет, Берік.

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Басынан бастап көріп келе жатырмын. Барлығы да жақсы шыққан. Ал, жаңағы қазақ тілінде ақпарат көп болу керек деген ойыңды қос қолдап құпптаймын. Барлық жұмыстарыңда тиянақтылық, ең бастысы — сауаттылық бар. Тек сәттілік тілеймін. Бәрекелді!