Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

SEO – маман. Қандай мамандық? Неге оған көп ақша төлейді?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі постта SEO – маманның қандай мамандық екені туралы айтамын. Ең қызығы бұл, сұранысқа ие және табысы жоғары. Шамасы бұл сізге де қызықты болар?

Бұл сұранысқа ие мамандық туралы айтпас бұрын, сайт туралы айта кетейін. Оның не екенін бәріміз білетін шығарымыз. Сайтты қалай жасауға болады немесе сайтты жасаудың ең тиімді тәсілдері туралы, мен бірнеше пайдалы мақала жазған болатынмын және ол туралы видео сабақтар да жасадым. Бұны не үшін айтты деген сұрақ туындауы мүмкін, себебі аталған мамандық осы сайтпен де тікелей байланысты.

SEO – маманның негізгі қызметі, белгілі бір сайтты іздеу жүйелерінде жоғары қатарға шығару. Мысалы алатын болсақ, Google – ге жазамыз: “Машина сатып алу” – деп, дәл осы кезде, қанша сайтқа сілтеме шығады. Біз әдеттегідей, алғашқы орында тұрған бірнешеуін ғана ашып қараймыз және көп жағдайда сол жерден қажетті дүниені тауып жатамыз, солай емес пе?

Енді seo – маманның негізгі қызметі, мыңдаған сайттың ішінен белгілі бір сайт жоғары бөлікке шығару, сонда ол сайтқа көп адам кіріп, егер интернет — дүкен болатын болса, сатылым санын арттырады. Дәл осылай, осы маман арқылы, жарнамаға бір тиын шығармай, көптеген компаниялар табыс санын еселеп отыр.

SEO(Search Engine Optimization) – іздеу жүйесінде алға жылжыту деген мағынаны білдіреді.

Ал енді осы мамандықты меңгеру үшін, неден бастау керек деген сұрақ туындайды. Иә, ол да оңай дүние емес, қарайтын болсақ, кез-келген мамандықтың қызығы мен шыжығы бар.

Егер осы саланың маманы болғыңыз келсе, бірінші сайттармен жақсы жұмыс жасай алуыңыз керек. Жәй ғана сайттар емес, соның ішінде HTML – ді міндетті түрде білуіңіз керек, оны білмей үйреніп алам деу, әріп жаттамай кітап жазамын дегенмен бірдей.

Айтпақшы мен, осы HTML туралы видео сабақтар сериясын бастадым. Халық тарапынан, маған келесі бөлімдерін жасау туралы өтініштер келіп жатыр, сондықтан толыға береміз, әрине.

Ендеше бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar