Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Универ оқымай-ақ, меңгеруге болатын, табысы 100 000 — нан жоғары 3 мамандық!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Сіздермен бірге, әдеттегідей – Ертай. Жалпы соңғы уақытта мәтіндік блогтар жазбай кеттім, көбіне сол: фотошоп, сайт жасау, it саласы туралы біраз видео сабақтар ғана жасаған болатынмын, ал бүгін мәтіндік форматта жазғанды дұрыс көрдім.

Енді бүгін, мамандықтар туралы блог болады. Мамандық болғанда қалай? Дәл қазіргі уақытта Университеттің көмегінсіз-ақ өзіңіз меңгеруге болатын, керемет салалар.

Қазіргі заманда бәрінің бірдей, жылына 500-600 мың тұратын мамандыққа оқуға жағдайы жете бермейді. Ну енді, өзіңіз де білетін шығарсыз.

Сондықтан мен, сізге осындай 3 мамандықты атап көрсетейін:

Веб – дизайнер

Дизайнердің қандай қызмет атқаратынын сіз де жақсы білетін боларсыз? Ал веб — дизайнер болса, әртүрлі сайттарды сәндеумен айналысатын маман. Яғни Adobe Photoshop сияқты бағдарламаның көмегі арқылы, қажет сайттың дизайнын, әдемілеп жасап береді.

Сайттың дизайны өте маңызды рөл атқарады. Мысалы тауар сатумен айналысатын ландинг сайттың дизайны көрікті болса, оның конверсиясы, яғни көрсетілген тауарды сатып алатын адамдар саны да жақсара түседі. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Екіншіден қазір ғаламтор дамыған заман, жалғыз Қазақстанның өзінде апта сайын, мыңдаған сайттар ашылады, мүмкін одан да көп шығар. Ал ол сайттарға да дизайн қажет, әрине!

Үшінші бір артықшылығы, бұл саланы меңгеру үшін, көп құралдың керегі жоқ. Компьютер, интернет болса жеткілікті.

Әрине көптеген веб — дизайнерлер фотошоп бағдарламасын қолданады, сондықтан осыны бірінші үйреніп алуыңыз керек.

Осы бойынша менің: Фотошоп – нөлден бастап деген курсым бар. Соны қарауды ұсынамын.

Бағдарламашы

Негізі шыны керек, егер бағдарламашы десе көз алдымызға, компьютерге: windows, антивирус сияқты программаларды 2000 мың теңгеге орнатып беретін адам елестейді 🙂

Ал шындығында, Бағдарламашының жұмысы қазіргі уақытта, өте сұранысқа ие, бізде Қазақстан, мамандар жетіспей жатыр, оны президентіміз де айтқан болатын, егер тыңдаған болсаңыз.

Бұл сала мамандары да, біраз санаттарға бөлінеді. Бағдарламашы деген жалпы атау, “Адамдар” – деген сияқты. 🙂 Оның ішінде: орысы бар, қазағы бар, немісі бар, еркегі бар, әйелі бар – деген сияқты да, жалпы!

Мысалы веб-бағдарламашы сайттармен, ғаламтор сервистерін жасаумен айналысады. Сонымен қатар, компьютерге бағдарлама жазумен айналысатындар бар, мобильді қосымша жасайтындары бар, жасанды сана жағы және үйдегі теледидар, тоңазытқыш сияқты құрылғылардың бағдарламасы болады, олардың жасайтын тағы басқа саласы бар. Осылай атай берсек көп. Біздің елімізге осылардың қай-қайсысы болсын жетіспейді.

Менің веб-бағдарламашы жолын бастауға көмектесетін html бойынша сабақтарым бар. Әлі тағы да жасаймын. Осылардан бастап үйренсеңіз болады.

Копирайтер

Әлемде – Ден Кеннеди деген кісі бар. Ол кісінің жетістіктері енді, көп, кезінде Денге мынадай сұрақ қояды: “Осы кезге дейін меңгергендеріңіздің ішінде, біреуін ғана қалдыруға мүмкіндік берсе, нені қалдырар едіңіз?” – деп. Сол кезде – копирайтинг деп жауап берген. Олай айтуы да тегін емес. Себебі копирайтердің негізгі қызметі – сатылым әкелетін жарнамалық жазу.

Ал мықты копирайтер болсақ, кез-келген тауарды немесе қызметін түрін сата алатындай дәрежеде жарнамалық мәтіндер жаза аласың деген сөз. Ал бұл күшті ғо! Жарнама жаздың, өтіп кетті, жарнама жаздың өтіп кетті!

Қазақстанда қаншама тауар сатумен немесе қызмет түрін ұсынатын компания бар. Бұл сала мамандары, бизнес бар жерге өте қажет.

Мен де осы саланы қазір қарап жатырмын. Біраз кітаптар оқып дегендей.

Бүгінгі ше осы, келесі жазбаларда кездескенше. Ал сіз енді, қандай саланы меңгергіңіз келеді? Постты жәй ғана оқып: “ааа – жақсы екен“  – деп ертеңіне ұмытып кету дұрыс емес. 🙂

10
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
8 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
9 Авторы комментариев
Даулет ҚадырұлыЖвауде НурдаулетАбдуNurbolНұрпейіс Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Zaman
Қонақ
Zaman

Керемет Отандық бастама! Ісің ілгері бассын!

Берік
Қонақ
Берік

А деп ұмытпай енді не істейміз

Ертай Қуанышов
Қонақ
Ертай Қуанышов

🙂 🙂 🙂

Базаркүл
Қонақ
Базаркүл

Мен іздегенімді таптым. Рах ет тағы терең сабақ алғым келеді

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Уағалаейкум ассалам Ертай алдымен саған көп көп алғысымды білдіріемін. Жазғандарың да видео сабақтарың да үнайды. Жалпы өз стиліңды қалыптастырып келесің. Оған әрине риза болғаннан басқа айьарым жоқ. Сайт жасап үйреніп жүрмін бұрын қарапайым кқрінгенмен өзің айтқандай дизайн жағы онша оңай шару емес екен. Негізі копирайтинг деген де жақсы мамандық сол жағын үйренгім келеді. Қандай кітпатар матнриалдар қарауға ұсыныс бересің?

Nurbol
Қонақ
Nurbol

Ассаламуалейкум Ертай өте жаксы менде өз іздегені таптым саған көп рахмет тағы да ары қарай дамыта бер.менде енді осы сенің видеоңды қарап үйренетін боламын.Жұмыстарыңа Аллаһ сәттілік берсін.

Абду
Қонақ
Абду

Маған қатты ұнады. Өзім осы салаға қатты қызығамын. Қайдан қалай оқуға болады?

Жвауде Нурдаулет
Қонақ
Жвауде Нурдаулет

бауырееем менде копирайтер болам бұйырса

Даулет Қадырұлы
Қонақ
Даулет Қадырұлы

Рахмет Бауырым.Казирги жастарга сабагын оте кажет.Исин илгерлей берсин.Бакытты бол.