Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Таргетингтік жарнама туралы немесе ол туралы қызықты ақпарат

Сәлем, достар. Бүгінгі тақырыпта таргетингтік жарнама және оның тиімді жақтары мен тиімсіз жақтары туралы сөз қозғайтын боламыз. Әр қарай өтпес бұрын бірінші “таргетингтік жарнама” деген сөздің мағынасын түсініп алайық.

Таргетингтік жарнама дегеніміз – белгілі бір аудитория бойынша ғана сіздің жарнамаңызды көрсету. Мысал ретінде, сіз ерлерге арналған қол сағат сатасыз деп алайық. Ол үшін бірінші не істейсіз? Әрине тауардың аудиториясын зерттеп аласыз, себебі кез-келген таргетингтік жарнаманың сәтті шығуы негізгі аудиторияға қаншалықты дәл түскеніңізге байланысты болады.

Сіздің сататын тауарыңызды алатындар мынадай аудиторияда тұрады деп болжап қарайық:

— Сатып алатындардың көбі ер адамдар

— Жас шамасы 18 бен 25 аралығы

— Үйленбеген

— Тұратын елі — Қазақстан

— Тұратын қаласы — Астана

Осылай 5 қана, критерий арқылы аудиторияны алып қарайық. Негізі мысал болғандықтан аз қылып алып тұрмыз, бұдан да басқа 10-20 — сын қосуға болады.

Келесі кезекте таргетингтік жарнаманы, біз жазған критерийлер бойынша жасаймыз. Яғни сатып алатындар ер адамдар, жасы осындай — осындай деген сияқты.

Таргетингтік жарнаманы іске қосқан кезде, сіздің жарнамаңызды тек осындай адамдар көреді. Яғни ер адамдар, жасы 18-25, қалай деп белгілесеңіз сондай аудитория ғана сіздің жарнамаңызды қарайды.

Бұл дегеніміз – таргетинг.

Таргетингтік жарнаманы қай жерге жасауға болады?

Таргетингтік жарнаманың негізгі көздері, қазіргі уақытта ол – әлеуметтік желілер. Кез-келген танымал деген әлеуметтік желіде жарнама беруге болады. Соның ішінде біздің елімізде ең көп қолданылатын: Вконтакте, Facebook, Instagram желілері де бар.

Бұның тиімді жақтары

Егер сіз тауар сатумен немесе сол сияқты жарнаманы қажет ететін істермен айналысатын болсаңыз, бұл сіз үшін тиімді шешім болмақ.

Екінші тиімді жағы, бұған аз шығын шығарып, көп қылып алуға болады. Мысал ретінде алатын болсақ, Вконтакте әлеуметтік желісінде таргетингтік жарнама жасау үшін, минимум, қазіргі курспен алатын болсақ 2800 теңгедей саласыз. Ал жарнама максималды тиімді етіп жасай алсаңыз, 1000 000 тіпті, одан да көп етіп шығарып алуға болады, бұндай жағдайлар тәжірибеде кездеседі.

Таргетингтік жарнаманың тиімсіз жақтары

Таргетингтік жарнамамен айналысу үшін, белгілі бір деңгейде білім қажет. Егер оңай тәсіл қажет болса, осы саланың маманын жалдасаңыз болады. Айта кетейін, қазіргі уақытта таргетингтік жарнама жасаудың шеберлері сұранысқа ие және табысы кейбір бизнесмендерден де көп. Сондықтан бұл тәсіл сізге тиімсіз болады деп айта алмаймын.

Егер жарнаманы дұрыс жасамайтын болсаңыз, сізге ешқандай клиент келмей қалуы мүмкін немесе сол сияқты жағдайлар.

Таргетингтік жарнам тиімсіз емес, егер оның тиімді немесе тиімсіз нәтиже беруі оның қалай жасалуына баланысты. Яғни жасаған адамға да байланысы болады. Мысалы сіз бір жерден екінші бір орынға, жылдам бару үшін, көлік айдадыңыз деп алайық, оны тасқа соғып алатын болсаңыз, оған көлік емес, сіз себепші боласыз, таргетингтік жарнама да солай жұмыс істейді.

Егер тауар сатумен айналысатын болсаңыз Instagram – ды қолдануды ұсынамын, себебі сарапшылардың зерттеуі бойынша, бұл әлеуметтік желіде, қандай да бір қызмет үшін немесе тауар үшін төлеуге дайын адамдар, қалғандарымен салыстырғанда көбірек.

Ал сіз қандай жарнаманы қолданасыз?

5
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
5 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
GulzhanканшайымСалтанатБерекеАденова Аккруш Онайбаевна Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Аденова Аккруш Онайбаевна
Қонақ
Аденова Аккруш Онайбаевна

Таргетинг жарнамасын ,көрнекті мысал келтіре отырып, практика жузінде жасауды уйретсеңіз,

Береке
Қонақ
Береке

Рахмет жақсы мәлімдеме алдым.

Салтанат
Қонақ
Салтанат

Мақалаңыз керемет.маған ұнады.Таргетингке сала алмай жүрмін товарды.Сіз көмектесе аласыз ба?

каншайым
Қонақ
каншайым

оте керемет

Gulzhan
Қонақ
Gulzhan

Оте кызыкты акпарат. Осы сала туралы коп билгим келеди.кандай адебиеттер усынасыз.