Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Тауарды, тегін алаңдар арқылы сатуға бола ма?

Сәлем, құрметті оқырман. Сіздермен бірге әдеттегідей – Ертай Қуанышов.

Соңғы уақытта, әртүрлі тауар сатып, бизнес жасайтындар, көбейді. Яғни бұларға басты керек дүниенің бірі ол – жарнама. Жарнаманы жақсылап жасайтын болса, сапасы төмен тауарды да сатуға болады.

Жарнама жасаудың да көптеген түрлері бар: хабарландыру сайттары, таргетинг, ақылы топтар және басқалары.

Бірақ тегін алаңдар арқылы, клиент тартуға бола ма? Басында мен бұл жұмыс жасамайды деп есептейтінмін. Бірақ бәрі басқаша болып шықты, тегін алаңдар арқылы да клиенттер келеді.

Мысалы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тегін топтар арқылы жарнама жасап, клиент тарта алдық. Яғни бұл жұмыс жасайды деген сөз.

Егер тауар сатумен айналысатын болсаңыз, сізге де пайдаланып көру керек. Мен былай істедім, арнайы программа жаздым да, жарнаманы күн сайын тегін топтарға, автоматты түрде тарататын етіп қойдым, тіпті мен ұйықтап жатқанда да.

Бұл арқылы, клиенттер келді және сатылым да болды. Әсіресе осы Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебінде оқитындар, тауарға жарнаманың қандай маңызды екенін жақсы түсінеді және бұл аталған тәсілді де қолданады.

Жеке тәжірибеме сүйене отырып, тегін алаңдар арқылы да клиенттер тартуға болатынын растаймын. Бұрындарды офферлік тауарларды сатқан кезде де, тегін алаңдар арқылы клиенттер келді. Бұл сізге де қызықты болар деп есептеймін.

Бұл жерде мен тегін алаңдар деп – әлеуметтік желідегі топтарды айтып отырмын. Мысалы ВКонтакте әлеуметтік желісінде және Facebook – та осындай топтар — өте көп, әрине ақылы түрде де шығаруға болады, бірақ тегін тәсілдерді де қолданып клиент тартуға мүмкіндік бар.

Бүгінше осы келесі, кездескенше.

4
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
4 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовЕртайМахмутМаңғыстау Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Маңғыстау
Қонақ
Маңғыстау

Арнайы программа деп қандай программаны айттыңыз? Атын айтып кетіп сол туралы да мақала жазсаңыз?

Махмут
Қонақ
Махмут

Менің Трафарет для садовых дарожек деген тауарым бар еді.Соны жарнамалап бересіз бе?

Ертай
Қонақ
Ертай

Ол бағдарламаны мен өзім, жаздым, арнайы скрипт.