Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Тегін дүние арқылы да табыс табуға болады

Сіз ойлап көрдіңіз бе? Тегін дүние арқылы да табыс табуға болады.

Бір жағынан затты тегін беріп табыс табу миға қонымсыз болып көрінеді, бірақ бұл сізге табысты еселеуге көмектеседі. Мысал келтірейік кейбір тамақтану орындарында көрген де боларсыз олар сусындарды немесе басқа бір тағам түрін тегін ұсынып жатады. Осыны көрген тұтынушының одан бас тартуы екіталай, сондықтан сол жерге барады. Ол жерден тегін сусынды алғаннан кейін басқа да зат сатып алуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлерге табыс әкеледі, ал тамақтану орындарының сусынды тегін бергенінен оларға ешқандай шығын келмейді, оның үстіне сусынар ең арзан түрге жатады. Бұл жерде тұтынушыға маңыздысы оның бағасы емес бастысы ол тегін.

Тағы бір мысал ретінде электроника сататын дүкендерді алайық. Бір тауар сатып алатын болсаңыз үстіне бір затты тегін береді. Бұл да басқа тұтынушылардың келуіне себеп болады.

Бұл жерде тек белгілі бір тауарды беру туралы айтылған, одан басқа мысалы сіз ақылы түрде кеңес берумен айналысатын болсаңыз оған бірінші телефон арқылы тегін кеңес беру қызыметін қосып көріңіз, сонда адамдардың сізге деген сенімі арта түседі және ақылы қызыметке де жүгінеді. Бұған мысал ретінде тренингтерді арайық, олар бірінші тегін түрде өтеді. Тегін тренинг барысында ақылы түрінің де болатыны айтылады. Ал ол жерде 50 адам отырса 10 – ы ақылы тренингкке қатысады. Бұл да бизнестің бір моделі.

Егер сіз бизнеспен айналысатын болсаңыз бұл моделді қолданып көріңіз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar