Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Тайм – менеджмент: жоспарды орындағанда кедергі болатын дүниелерді, шектеудің құпиясы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгін қазақша тайм — менеджмент тақырыбын жалғастырамыз. Сонымен қатар бүгін, тағы бір пайдалы кеңес болады. Жұмыс жасап отырғанда кедергі келтіретін дүниелерден құтылудың, тиімді жолдары.

Егер жұмыс жасап жатырған кезде, бір зат бізге кедергі келтіретін болса, оймыз бөлініп, өнімділігіміз шектеліп қалады, сондықтан барлық алаңдататын дүниелерден құтылу керек. Мысалы алатын болсақ, ұшақтың аспанға көтерілу үшін, біраз күш пен жанармай жұмсайды, сосын әуеге көтерілгеннен кейін, бірқалыпты жүріп, көп күш жұмсамайды. Адам да дәл, солай, жұмыс жасап жатырған кезде, белгілі бір зат бізді тоқтататын болса, ұшақтың қайта қонып, қайта көтерілгенімен бірдей болады.

Бізге кедергі келтіретін дүниелер өте көп. Ең қарапайым телефон. Жұмыс жасап отырған кезде, біреу телефон соғуы мүмкін немесе хабарлама келуі мүмкін, оның үстіне қазір WhatsApp сияқты мессенджерлер көп қолданылады. Біреу сол арқылы: “Не хабар?” – жазып жіберетін болса, жауып тастамай әрі қарай 1-2 сағат әңгіме айтып кетуіміз мүмкін, ал одан кейін жұмыс жасап көр. Мысалы қазір мен осы блогты жазып отырмын, телефон – дыбыссыз және теріс қарап тұр, себебі менің ештеңеге алаңдамауым керек.

Сондықтан біз максималды түрде бір жұмысты аяқтау үшін, барлық кедергі келтіретін дүниелерден арылуымыз керек. Кітап оқып отырсыз ба? телефонды өшіріп қойыңыз.

Компьютермен жұмыс жасап отырғанда, әртүрлі ескертулер де адамға кедергі келтіреді, одан құтылудың ең оңай жолы, интернеттен ажыратып тастау.

Бүгінше осы, келесі кездескенше, құрметті достар.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовМусабекДанагүл. Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Данагүл.
Қонақ
Данагүл.

өте дұрыс!

Мусабек
Қонақ
Мусабек

күшті негып Ертай жауапты кеш жазады десем