Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Үйренуге тұрарлық 5 компьютерлік бағдарлама

Сәлем, достар.

Компьютер пайда болғаннан бері, адамзаттың жұмыс істеу жүйесі өзгеріп мен жаңа технология дүр сілкінді. Осы аталған құрылғыға арналған бағдарламалар көптеп жасалды және жасалып жатыр. Сондықтан бізде таңдау көп, қандай жұмысқа болса да, оны жеңілдетуге көмектесетін бағдарлама бар. Мысалы Word, мен осы бағдарламаны қазір қолданып отырмын, не істеп отырғанымды өзіңізде сезіп отырған шығарсыз!

Бірақ осыншама көптеген бағдарламалардың ішінен ерекше танымал және бізге өте пайдалы болып келетін түрлері бар. Оның көбі сізге де таныс болар. Сондықтан біз үйренуге тұрарлық 5 компьютерлік бағдарламаны топтастырып қарайық.

Adobe Phototshop – әртүрлі графикалық элементтермен жұмыс жасауға арналған, керемет бағдарлама және қазіргі уақытқа дейін маңызы мен атағын жоғалтқан жоқ. Кез-келген дизайнерді алып қараңыз, олардың бәрі графикамен жұмыс жасау үшін міндетті түрде фотошоп бағдарламасын қолданады.

Мен өзім де осы бағдарламаны көп қолданамын, себебі әртүрлі суреттерді өңдеп, сонымен қоса жаңа жазбаларға арналған суреттерді дайындау үшін осы бағдарлама аса қажет.

Adobe After Effect – видеоэффектілер жасауға арналған әмбебап бағдарлама. Теледидар көріп отырғанда байқайсыз ба? әртүрлі эффектілер арқылы жарнама немесе қандай да бір ақпарат көрсетіледі. Бұның бәрін осындай бағдарлама арқылы жасауға болады. Жалпы мен өзім әзірше бұның қолданбаймын, бірақ видео блогингпен айналысқан кезде, фотошоп сияқты қажетті бағдарламаға айналары сөзсіз.

Power Point – презентациялар мен слайдшоулар жасаушы алдыңғы қатарлы бағдарлама. Офистік бағдарламалар санатына жататын Power Point – ты қолданатындар өте көп. Ұстаздардан бастап, ірі компанияларға дейін осы бағдарламаны өз қажетіне жаратады. Сондықтан үйреніп алғаныңыз артық болмайды және бұл жоғарыда аталған екеуіне қарағанда жеңілдеу.

Adobe Premiere Pro – видеомонтаж жасағыңыз келе ме? онда осы бағдарлама сізге арналған. Кәсіби түрде видео монтаж жасаумен айналысатын адамдар осы бағдарламамен тікелей жұмыс жасайды. Себебі бұл қазіргі уақытта бірінші орында тұр. Әрине басқа да көптеген бағдарламалар бар, дегенмен бұл бастысы және көп функционалды, таза профессионалдарға жараса кетеді.

Cinema 4D – нағыз 3D элементтерді жасау және өңдеу үшін қолданылатын бірегей бағдарламалардың бірі. Бұның да қолданылу аясы өте кең. Көптеген мүмкіндігінің арқасында, әртүрлі жарнамалық видеоларда және де фильмдердегі кейбір элементтерді жасауда осы бағдарлама қолданылады.

Жоғарыдан байқаған болсаңыз, көпшілігін Adobe компаниясы жасап шығарған, жалпы алатын болсақ осы компанияның басқа да пайдалы бағдарламалары бар, біз тек қолданыс аясына қарай бірнешеуін ғана айтып кеттік.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

4
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
4 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
4 Авторы комментариев
НурболКуралГүльмирасерікхан Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
серікхан
Қонақ
серікхан

ickeсәт!

Гүльмира
Қонақ
Гүльмира

Кереммет

Курал
Қонақ
Курал

өте керемет жарайсың, керек программалар

Нурбол
Қонақ
Нурбол

Өте керемет екен әр қашан пайдалы ақпараттарың мен қуанта бер