Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Upsell сатылым қалай жұмыс істейді?

Бизнестің 90% сатылымға тәуелді. Сондықтан сауда-саттық әрқашан маңызды рөл алады. Көшеде және сауда орталықтары тағы басқа да орындар тауарды сату арқылы табыс алып отырады. Егер ол тақтаса табыс да жоқ және барған сайын бәсеке де қыза түсуде бұл жағдайда кәсіпкерлер қызымет сапасы бойынша немесе тауар бағасы бойынша даралана алады. Бірақ қазіргі уақытта тек тұтынушы саны көп болғандықтан ғана емес әр-түрлі сатылым трюктері арқылы табысты бірнеше есе арттыруға болады. Ендеше кеттік!

Мен өткен блогта crossel сатылым жүйесі туралы айтқан болатынмын. Бүгін де соған ұқсас бірақ айырмашалығы бар upsell сатылым туралы сөз қозғаймыз.

Upsell – дегеніміз сатып алынған тауарға басқа да түрін ұсыну арқылы сату. Мысалы сіз сөмке сатып алатын болсаңыз сатушы сізге тағы да бір түрін ұсынуы мүмкін бұл upsell жүйесі. Егер 10 адамға осындай ұсыныс жасаса кем дегенде 3-і оны сатып алады. Ал бұл дегеніміз кірісті көбейтеді.

Upsell – де екінші тауарды жеңілдікпен ұсынаған тиімді. Себебі тұтынушы біледі, егер бас тартатын болса келесіде сондай бағаға ала-аламауы мүмкін.

Мысалы: тұтынушы бір киім сатып алса оған екінші түрін 5-10% жеңілдікпен ұсынатын болсаңыз, ол оны да сатып алуы мүмкін.

Cros-sell мен Upsell-дің айырмашылығы  бар. Cross-ell –де сатып алынған тауарға соған ұқсас тауар түрі ұсыналады. Егер телефон сатып алса оған телефон аксесуарларын ұсынуға болады. Мысалы: құлаққап, телефон қап. Ал осы сатылымға  Upsell ретінде қарайтын болсақ, оған қосымша тауарлар емес дәл сондай тағы да бір тауар ұсыну. Телефон сатып алса тағы бір телефонды жеңілдікпен сатып алуға ұсыныс жасау. Бұл көп жағдайда жүзеге асады.

Upsell стылым жүйесін қолдануда басты ескерілетін жайт ол ұсынылатын тауар сатып алынғанына ұқсас болуы керек. Мысалы: телефонға планшет немесе компьютер.

Upsell арқылы табыс деңгейін 20-30% дейін кейде одан көбірек қылып арттыруға болады.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar