Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

UTM-метка дегеніміз не және қандай пайдасы бар?

Барлық оқырмандарға сәлем, блог жазбағалы бірнеше апта болды, бүгін мен сіздерге бір пайдалы құрал туралы айтамын. Ол utm метка деп аталады.

Сонымен utm дегеніміз не? Бұл басқа қолданушылардың сайтқа қайдан келгенін білуге мүмкіндік беретін құрал десе де болады.

Айтып отырғанымыздай осы айтылған құрал блогы немесе жеке сайты бар адамдарға статистика жүргізіп отыруға өте қолайлы және тиімді. Әдеттегідей қарапайым мысал келтірейік.

Мынау қарапайым сілтеме:  http://ertai.kz ал мен осы сілтемені басқа әлеуметтік желілерге қойып сол арқылы статистика жүргізіп отыруым керек. Бұны бірнеше тәсіл арқылы істеуге болады, ал utm болса осыған арналып жасалған.

Utm – метка көбіне ғаламтордағы жарнама ресурстарында қолданылады арнай сілтемеге utm – қолдану арқылы аналитика жүргізіп отырады. Жарнама ресурстары деп отырғанымыз сайттағы баннерлер, сілтемелер, таргетингтік жарнама, директ, тизер тағы басқа да ресурстар. Осылардың бәрінде utm қолдануға болады.

Егер сілтемені http://ertai.kz деп қойсам бұл арқылы қанша адам келгенін көре алмаймын. Ал utm арқылы http://ertai.kz?utm_source=vk&utm_medium=cpc&utm_term=vk_header&utm_content=text&utm_campaign=blog деп қойсам оны көре алам. Ал бұл utm – ге жалғанған арайы жалғаулар арқылы жүзеге асады. Осы жалғаулар арқылы қай жерден келгенін білуге болады.

Бұл жерде:

utm_source – негізгі сайт. Яғни осы метка қойылған негізгі ресурс жазылады. Мысалы: мен оны вконтакте әлеуметтік желісіне қоятын болсам, оған vk деп жаза аламын. Бұл шар емесе өзіңіздің қалаған нұсқаңызды жаза аласыз.

utm_medium – трафик түрі. Біз жоғарыда ғана айтып өттік осы айтылған техналогияны жарнама ресурстарында көп қолданады. Ал бұл жерде сол жарнаманың немесе қандай да бір трафик типі жазылады. Мысалы: cpc(әр-бір басылымға), cpm(1000 көрсетілімге).

utm_campaign – жарнама беруге арналған сервистерде компания деген термин бар. Бұл белігілі бір жарнаманың тобы. Мысалы Яндекс Директте бар. Бір типке жататын жарнамаларды белгілі бір компанияға топтап қоюға болады. Ал оның аты utm – нің осы жеріне жазылады. Мысал ретінде utm_campaign=arzan_tauarlar.

Бұл айтылғандары негізгілері ал енді қосымшалары:

utm_term  — кілтсөздер жазылады. Егер жарнама іздеу жүйелері арқылы берілген болса, бұл жолақ маңызды себебі бұл жерде қолданушы келуі мүмкін кілт сөздер жазылады.

utm_content  — жаранам түрі. Ғаламторда жарнаманың көптеген түрлері бар. Баннер, сілтеме, email, таргетинг тағы басқа түрлері. Осы жолаққа жарнаманың түрі жазылады. utm_content=banner.

Utm – көріп отырғыныңыздай барлығына қажет бола бермейді. Көбіне: ғаламтордағы жарнамаларда қолданылып осы арқылы бақылау жүргізіліп отырады. Канша адам кірді, қанша адам қайдан кірді, қандай жерден кірді деген сияқты мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал бұл тікелей Yandex Metrika немесе Google Analytic арқылы жүргізіледі, бұдан басқа да сераистер бар, тек бұлар ең көп қолданылатындары және қолдануға жеңіл. Қысқасы utm арнайы бір селтемеге бақылау жасауға арналған.

Сіздің сілтемеңізге utm метка қосып беретін сервистер көп. Мысалы мынау. http://utmurl.ru

Осы жерге кез-келген сілтемені енгізіп, арнайы жолақтарды толтырғаннан кейін сізге сілтемені жасап береді. Тағы бір ескеретін жайт кейбір сілтемелер тым ұзын болып келеді, ал оған utm қосқаннан кейін одан сайын ұзара түседі. Бірақ оның да шешімі оңай оны қысқартуға болады. Жоғарыда мен көрсеткен сервисте utm жасалғаннан кейін ол автоматты түрде google – дің сілтемелерді қысқарту сервисі арқылы қысқарады. Осындай форматта қысқарады: goo.gl/hfGefb.

Бұл бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы сіз өз тауарыңызды сатуға арналған сайтты жарнамалаған болсаңыз немесе соған ұқсас бідеңе болса осы арқылы қанша адамның сіздің жарнамаңызды басқанын тексеріп отыруға болады. Ал кейбірулер оны тексермей тиімсіз жарнамаға көп шығын шығарып табысынан асып кетіп жатады. Бұл әрине үлкен қателік. Сондықтан utm арқылы оны бақылап отырып шығынды ақтады ма, ақтамады ма аналитика жүргізіп отыру сіз ойлағаннан да маңызды және қажетсіз шығыннан қорғайды.

Қорыта айтатын болсақ, егер сіздің ғаламторда блогыңыз немесе сайтыңыз болса, ғаламтор жарнамасымен айналысатын болсаңыз бұның сізге көмегі жақсы. Сондықтан қажет кезінде қолдануды ұсынымын.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar