Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Видеомонтаж жасауға арналған, ең тиімді 3 бағдарлама

Сәлем, құрметті достар!

Кейбір жағдайда, белгілі бір видеоға өзгертулер енгізіп, қажет емес жерін алып тастауға тура келеді, яғни монтаж жасау керек. Бұл қазіргі уақытта, үлкен мәселе емес, себебі оған арналған көптеген бағдарламалар бар. Солардың ішіндегі ең тиімді деген 3 түріне тоқталайық.

AVS Video Editor – әртүрлі видеоларға өзгерістер енгізіп, монтажын жасауға арналған, өте ыңғайлы бағдарлама.

Дизайны өте ыңғайлы және ең керекті деген функциялары бар. Кез-келген адам бұны тез меңгере алады.

Жеке өзім бұны, тәжірибе жүзіне қолданамын және бұл маған біраз тапсырманы шешуге көмектеседі.

Жүктеп алу

 

Adobe Premiere Pro – видеомонтаж жасайтын, профессионалдардың арасында өте танымал. Бұл бірінші атап өткен бағдарламаға қарағанда күрделі, дегенмен өте бай функционалды, осы мүмкіндігінің арқасында әртүрлі фильмдерден бастап, видеоларға монтаж жасау үшін кеңінен қолданылады.

Жүктеп алу

 

Sony Vegas Pro – қалаған аталған бағдарламалардан асып түспесе кем түспейтін, өте танымал видеоредакторларың бірі. Интерфейсі өте ыңғайлы етіп жасалған, соның арқасында, қажетті құрал-жабдықтармен оңай жұмыс жасауға болады.

Жүктеп алу

 

Бүгінге осы, келесі кездескенше.

P.S Менің Youtube – каналыма қосылыңыздар.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Заманбек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Заманбек
Қонақ
Заманбек

Sony Vegas — пен жумыс жасап көрдім, ал қалғандарын енді үйренемін, өте тамаша программалар.