Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Веб — бағдарламашылар нені білуі керек немесе осы саланың маманы болу үшін нелерді үйренуім керек?

Ассалаумағалейкум құрметті достар.

Жалпы алатын болсақ, Қазақстанның IT нарығы барған сайын жақсара түседі, әрине болашақта бұл жағынан да алда боламыз деп есептеймін. Жарайды, негізгі темаға оралайын. Бүгін “веб-бағдарламашылар нені білуі керек?” – деген сұраққа жауап беремін. Менің жазған жауабын қазіргі уақытқа арналған. Себебі ақпараттық технология күн сайын жетіледі, жаңа дүниелер пайда болады.

Веб — бағдарламашының негізгі қызметіне ғаламтордағы сайттардан бастар, әртүрлі сервистерге дейін жасау кіреді. Өзім осы саламен айналысқандықтан, толық жауап бере аламын деп есептеймін. Айтпақшы, мен осы жерде, өзімнің қалай 1,5 жылдың ішінде бағдарламашы болғанымды айтып кеткен болатынмын.

Сонымен осы саланың маманы болғыңыз келсе, мыналардың білуіңіз керек немесе осыларды үйренесіз:

HTML – гипертексттік белгілеу тілі. Кез-келген сайтты алатын болсақ, осы айтылған дүниесіз жұмыс жасап тұрғаны жоқ, себебі бұл барлық сайттар бар. Бұны, былай өмірде үйдің кірпішімен салыстыруға болады. Үйді салу үшін, бірінші кірпіш қалады, бұл да дәл сол сияқты, яғни HTML – дегеніміз кез-келген сайттың кірпіші дей аламын. Осы туралы жазылған кітапты, мына жерден жүктей аласыз.

Мен рет-ретімен жазып жатырмын, яғни қайсысы жоғарыда тұрса бірінші содан бастап үйренесіз деген сөз. Яғни бірінші HTML – тілінен бастайсыз.

CSS – стильдер қатары. Бұл кез-келген сайттың дизайнын әдемі етіп жасау үшін қолданылады. Ал бұны кез-келген ғаламторда тұрған сайттан алып тастайтын болсақ, түк әдемі емес бір дүние шығады. Мысалы сайттағы батырманың түсі қандай болады, ішіндегі жазуының көлемі қандай?, оның түсі қандай? Осының бәрін CSS – арқылы жасайды. Енді бұны үй салумен салыстыратын болсақ, үйдің кірпішін қалап болғаннан кейін, оны сыбаймыз, ішіне обой жапсырамыз, бояу жағамыз, обшем барынша ішін әдемілеуге тырысамыз емес пе? Бұның бәрін осы  CSS – пен салыстыруға болады.

JavaScript тілі. Бұл арқылы сайттарды барынша ыңғайлы және жылдам етіп қоюға болады. Мысалы сайттағы кез-келген батырманы басқан кезде, қандай да бір жазу шығып кетеді немесе көптеген сайттарда слайд бар. Оның бәрі осы JavaScript арқылы жасалады. Жалпы үйренетін болса өте қызықты.

Сонымен қатар, бұның көмегі арқылы, онлайн ойындар жасауға да болады. Ғаламторда ақтарып қарайтын болсақ, JavaScript арқылы жасалған ойындар көп. Бұның тағы бір пайдалы жағы, осымен айналысқаннан кейін бағдарламалау алгоритмдерін түсіне бастайсың, бұл дегенім басқа бағдарламалау тілдерін үйрену барысында қатты қиындық туындамайды деген сөз.

Осы аталған тілді, ақылды үйлермен салыстыруға болады. Мысалға шапалақ ұрған кезде, шам жағылады немесе есікті саусақ іздері арқылы ашады, мысал көп қарастыратын болса.

PHP – серверлік скриптілеу тілі. Бұны үйреніп алатын болса, динамикалық сайттарды жасауға болады. Динамикалық сайт дегеніміз енді, қарапайым тілмен айтатын болсақ, посттар салып отыратын немесе ішіне жаңалықтар енгізіп күн сайын толықтырып отыратын веб-сайттар. Сондықтан бұны 20% үйреніп алатын болса, 80% тапсырманы шешуге болады.

Айта кетейін, бұдан да басқа серверлік бағдарламалау тілдері бар. Мысалы python, ruby, asp.net – деген сияқты, әркім өз талғамына қарайды. Мен php – ді білетін болғандықтан, осыны ұсынып отырмын.

MySQL – деректер базасы. Кейбір сайттарда мыңдаған жазбалар бар немесе көптеген сайттарда тіркелу функциясы бар. Осы жерде, сұрақ туындайды, осыншама жазбалар немесе біздің тіркелген кездегі ақпараттарымыздың бәрі қайда сақталады? – деген. Әрине деректер базасында. Бұның біздің миымызбен салыстыруға болады. Біздің де кез-келген ақпаратты сақтайтын жеріміз бар. Ал веб — сайтттардың ақпарат сақтайтын жері: деректер базасы.

Мен өзім деректер базасының ішінде MySQL – ді қолданамын.

Ең негізі деп атап өтетіндерім осы, әрине басқа веб-технологиялар да жетерлік, оларды мен де айналыстым. Олардың бәрін жаза алмаймын, себебі адам бірінші рет бұларды қараған кезде миы ашып, қиын болып көрінеді, ал көп болатын болса, одан сайын қиын болып көрінеді.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

 

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
БақытбекСандуғаш Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Сандуғаш
Қонақ
Сандуғаш

Анық жазғансың, керемет, жарайсың

Бақытбек
Қонақ
Бақытбек

HTML туралы жазылған кітапты жүктей аламызба?