Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Yandex Metrika мен Google Analytic — тік дегеніміз не?

Барлық оқырмандарға менен сәлем, бүгінгі  тақырып қызықты және пйдалы құрал туралы  ол – Google Analytic және Yandex Metrika туралы, сонымен қатар оның пайдасы. Осы арқылы сіз көптген ақпаратты біле аласыз, толығырақ білгіңіз келсе әрі қарай оқыңыз. Кеттік…

Бұл екі сервис те бір-біріне ұқсас және бір мақсатта қолданылады. Негізгі атқаратын қызыметі – сайт статистикасын жинау, түсінгеніңіздей бұл сайты бар адамдарға өте қолайлы және пайдалы құрал.

Yandex Metrika және Google Analytic – тің көмегімен сайтқа қанша адам кірді, қашан, қандай құрылғымен, жас шамасы қандай, қай елден кірді деген көптеген сұрақтарды бірден шешуге болады.

Бұл не үшін маңызды?

Себеп өте қарапайым ол — аудиторияны бақылап отыру. Осы арқылы сіз негізгі өзіңіздің негізгі аудиторияңызға бақылау жасай аласыз. Мысалы сізде сайт болатын болса, оған қанша адам кіретіні саяқты ақпараттар өте маңызды екенін айтқым келеді.

Осы айтылған сервистер арқылы сайтқа қанша адам кертінін біліп қана қоймай сайт туралы да ақпарат аласыз. Мысалы: сайттың қай жері жәй жүктеліп тұр немесе сайтты жұмыс істемей қалған жағдайда сізге SMS арқылы ескерту жіберетін мүмкіндігі бар. Егер ол ғаламтор дүкені болса, сайт жұмыс жасамай қалса үлкен шығынға ұшырауыңыз мүмкін.

UTM – метканы бақылап отыруға болады. Айтпақшы мен utm – туралы блог жазғанмын, оқып шығыңыз. Utm – ді осы аталған сервистер арқылы бақылап отыруға болады. Бұл өте пайдалы.

Екі аталған сервистің қайсысы тиімді ?

Бұл жерде мен екеуін де ұсынамын. Себебі жұмыс жасау жүйесі бірдей болғанымен бір-бірінен артықшылығы бар. Мысалы: Google Analitic – те вебизор қызметі жоқ.

Қалай қосылуға болады?

Аталған сервистерді қолдану үшін сізде сайт болуы керек, кез-келген көлемдегі веб-парақшаға қоя аласыз.

Yandex Metrika мен Google Analytic  — ті сайтқа қосу үшін тек google мен yandex  — те аккаунт болса жеткілікті. Сосын төмендегі сілтемелер арқылы сайтты қоса аласыз.

https://metrika.yandex.kz

https://www.google.com/analytics/

Блог соңында тағы бір айтатын жаңалық мен келесі блогтарда сізге арнап логикалық қиын жұмбақ жасырамын. Соны тауып көріңіз. Ендеше келесі блогты күтіңіз.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Нұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Сайты бар адамдарға керемет функция екен. Бұны қолдану оңай шығар. Рахмет