Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Youtube осындай мүмкіндік беріп отыр, ал біз пайдаланбаймыз.

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Ғаламтордың беріп отырған мүмкіндігі, қазіргі уақытта өте зор. Солардың бірі – Youtube. Шамасы бұры бәріміз білетін шығарсыз, иә дұрыс айтасыз: ішінен кино, жайдарман, прикол қарауға жақсы. Сіздің ойыңызша осылай ғой, солай емес пе?

Әлем бойынша Youtube танымал деген сайттардың ішінде, 2 – ші сайт. Күн сайын 1000 000 000 – тан астам адам қарайды. Бұл дегеніміз енді, сұмдық рейтинг және осындай сервистен әркім өз каналын ашып, видеоларымен бөлісе алады.

Бірақ қазіргі уақытта Youtube – ті тек, қызықты дүниелер қарау үшін пайдалану, онша дұрыс емес. Қазақ тілді ақпараттар саны аз, сондықтан осы қателіктің орнын толтырып, әрқайсымыз канал ашып, әрі қарай дами түсуіміз керек.

Сонымен бұл арқылы не істеуге болады?

Видео блогингпен айналысуға, тиімді мүмкіндік. Мысалы мен солай жасаймын.

Танымал деген көптеген видеоблогерлер бар. Олардың көбі осы Youtube – арқылы, өз жұмысын бастаған болатын, ал қазіргі уақытта, кейбіреулерінде миллионға жуық аудитория бар. Жаман емес.

Менің Youtube – каналыма қосылыңыз.

Тауарыңызды немесе қызмет түріңізді жарнамалауға, үлкен мүмкіндік.

Әртүрлі тауарларға шолу жасайтын, көптеген каналдар бар. Мысалы тауар сатумен айналысатын болсаңыз, оған шолу жасап, каналыңызға салып қоюға болады. Бұл өз кезегінде, клиенттер санын арттырады. Кейбір осындай видеолар, миллионнан астам қаралым жинайды, енді осынша қарағандардың ішінде, ешкім сатып алмайды – деп айтып көріңіз!

Сонымен қатар қызмет түрін жарнамалауға да болады, бірақ бұл сәл басқашалау болады. Мысалы қызмет түрімен айналысатын көптеген компаниялар, өздерінің саласы бойынша, пайдалы видеолармен бөлісіп отырады. Мысалы сайт жасау қызметі болатын болса, сол туралы пайдалы роликтер жасап, каналына орналастырады.

Басқа да, көптеген мақсаттарда қолданылады, мен ірі деген екеуін атып кеттім. Себебі қалғандары осылардың, бір бөлігі болып есептеледі.

Youtube – ақша төлейді дей ме?

Иә, онысы рас енді. Яғни  — монетизация бар. Бірақ сіздің табысыңыз, жазылушылар санына немесе қаралым санына байланысты болмайды. Ал былай тиын – тебен жасап алуға болады, егер жаңадан бастаушы болсаңыз.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін, міндетті түрде канал ашасыз және жазылушылар саны, аз дегенде – 100 адам болуы керек, сонымен қатар барлық қаралым саны 10 мыңнан аз болмау қажет.

Соңғы уақытта, осы сервиске қатты көңіл бөліп жүрмін, себебі бұл өте тиімді.

Ең тиімді жақтарының бірі, артық жарнама жасамай жазылушылар санын арттыруға болады, пайдалы видеолар салып отырасыз.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar