Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Жеке даму қаншалықты маңызды? Неге 100 — ден 1 — і ғана бұны түсінеді?

Ассалаумағалейкум.

Өздігінен даму дейді, жеке даму деп жатады, айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Бұл қазіргі уақытта қаншалықты маңызды? Бүгінгі жазбада осындай өзекті тақырыпта жазғанды дұрыс көрдім, себебі бұл өте маңызды. Егер сіз: оқушы болсаңыз да, студент болсаңыз да, ата-ана болсаңыз да маңызы бірдей.

Жеке даму дегеніміз не екенін анықтап алайық. Бұл — қажет деген білімді өмір бойы өздігінен ізденіп игеру және оны қолдана білу.

Адамдардың 100 – лен 1 – і ғана қиын деген тақырыптарда әңгіме қозғай алады, біраз аспапта ойнауды біледі, заманауй технологияларды озық меңгерген, кез-келген істе жеке ой қалыптастыра біледі тағы да осы сияқты дүниелерге ие. Ал дәл осы жастағы келесі бір кісі, заманауй технологияларды білмейді, мүлде кітап оқымайды, жеке ой қалыптастыра алмайды тағы осы сияқты жағымсыз жақтары бар.

Бұлардағы айырмашылық жеке дамуда. Өзіңізбен құрдас қанша танысыңыз бар? Ал енді солардың ішінен салыстырмалы түрде, білімдісін еске түсіріп көріңіз. Ондай болу себебі, жеке дамудың барында.

Қазір кітапхана қарағанда, компьютерлік клубтарда адам көп. Темекі мен арақтың сатылымына қарағанда, кітаптың сатылым өте аз. Қазақстан ресми статистика бойынша, ішу жағынан 5 — ші орында тұр, кітап оқу жағынан дәл осылай айта алмаймын.

Өзіне бейтаныс дүниелерді мектеп кезінде үйренуі мүмкін немесе колледж, университет қабырғасында. Ал одан кейін жаңа бір дүниені меңгеру дегенді 100 ден 1- і ғана ойына алуы мүмкін.

Егер осының қатарында болсаңыз, бұны қалай түзете алатыныңызды ойланыңыз.

Жеке даму барлық маман иелеріне керек. Айталық веб – бағдарламашылар жаңа трендпен тең өспейтін болса, баяғы заманда қалып қояды.

Енді не істеуіміз керек?

Өзіңізге қызықты немесе айналысқыңыз келетін дүниелерді алыңыз да, сол бойынша дами беріңіз және бұның көбірек болғаны дұрыс. Аспаз болатын болсаңыз, көпшілік жасай алмайтын тағамдарды жасауды үйреніңіз, ғаламторда бәрі бар. Домбырашы болсаңыз, жаңа күйлерді меңгеріңіз.

Айына жоқ деген бірнеше кітап оқып, білім көкжиегіңізді кеңейтіңіз.

Өзіңізге ұнайтын аспапта ойнауды үйреніп қараңыз.

Жаңа бір дүниелерді жасауды үйреніңіз. Айталық блог жазу, видео түсіру.

Сенімді деген көздерден, ақпараттар қарап діни сауатыңызды кеңейтіңіз.

Тіл маманы болсаңыз, жаңа шет тілдерін қарап көріңіз.

Бағдарламашы болсаңыз, жаңа программалау тілдерін меңгеріңіз. Мен осы жылда Python мен Kotlin тілін меңгеріп жүрмін. 🙂

Photoshop, Adobe After Effect, Audition сияқты көпшілік біле бермеймін бағдарламалармен жұмыс жасауды меңгеріп қараңыз.

Айтарлықтай мысал көп. Осыларды ғана істеу керек деп тұрған жоқпын, бұл тек мысал.

Сіздің осы кезге дейін, жеке дамуыңыз дұрыс болды ма? Соны тексеріп көрейік. Айтыңызшы адамдар сізден көбірек сұрай ма? Әлде сіз олардан көбірек сұрайсыз ба? Егер біріншісі болса, демек сіздің белгілі бір бағыттар бойынша дамуыңыз жақсы.

Одан қиынырақ түрін ұсынып көрейін. Егер мыңдаған адам білмейді — ау дейтін, оларға үйрететін біліміңіз болса, бұл әлдеқайда жақсы. 🙂

Қай заманда болсын, көптің бірі болу сізге де мемлекетке де пайда әкелмейді.

Сондықтан біз жеке тұлға ретінде, өмір бойы белгілі бір мақсаттар бойынша білім ізденіп өтуіміз керек, ең бастысы бұны қажет кезінде жағымды дүниелер үшін қолдану.

Жеке дамудың маңызды екенін неге түсінбейміз?

Адамдардың санаулы түрі ғана, бұның маңызды екенін ерте жастан түсінеді, қалғандары орта жаста немесе қартайғанда ғана түсініп өсиет айтып кететіндер бар. Қартайған кісілердің, егер жас болғанымда осыларды істер едім немесе осындайды үйренер едім дегенін естіген боларсыз? Осыдан-ақ түсіне беріңіз.

Бізге керегі адамның ертерек бұны түсінгені, ол оған ықпал етуші ата-анасы, жақындары. Ата – аналар болса қазір, мектептегі сабағын қадағалауы мүмкін, ал оны қандай істеуге баулыған дұрыс, оған мән беретіндері шамалы.

Оқушылар үшін кектеп оқулықтары, іш пыстыратын қызықсыз. Сондықтан баланың қызығушылығын анықтап, соған қарай бейімдеген, әлдеқайда дұрыс шешім.

Мектеп бағдарламасынан тыс, жеке дамуына көмектесетін кітаптар оқуын қадағалау.

Түсіне білген адамға, мектеп көзі ашық, көкірегі ояу жастарды дайындап шығармайды. Білімнің негізгі күші — ізденісте жатыр.

Ал сіз жеке даму үстіндемін деп есептейсіз бе?

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Гулнар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Гулнар
Қонақ
Гулнар

я 100% қосыламын. Балам математикаға жақын, бірақ сол қызыққан сабағын тереңдетіп оқытатын курстарға беруге жағдайым келми жатыр.