Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Желілік маркетинг туралы шындық #2. Оларға табыс қалай түседі?

Сәлем, достар!

Желілік маркетинг туралы бірнеше мақала жаздым және соңғы жазғанымнан кейін, біраз ойлар айтылды. Алдыңғы жазған постта мен, желілік маркетингпен айналысатын көптеген компаниялар шет елдік болғандықтан, ақшаның бәрі сол жаққа кетеді, Қазақстан экономикасына жұмсалмайды деген ой білдерген болатынмын. Кейін мынадай пікірлер айтылды және ол маған ұнады: “Ақша шет елге кеткенімен, одан түскен пайданы, өз елімізге жұмсаймыз” – деген. Бұл маған неге ұнады деп ойлайсыз? Себебі ол өте – күлкілі.

Шыныңызды айтыңызшы, сіз де солай ойлайсыз ба?

Дұрыс, шет елге ақша кеткенімен, одан пайда түсіруге болады. Бірақ бұл менің айтқан ойымның мәнін жоймайды, себебі кірістен шығыс көп, ал бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына жұмсалған болып есептелмейді.

Егер сіздің экономика жағынан хабарыңыз болса, не үшін екенін бірден түсінген боласыз. Бірақ көпшілігі бұны түсінбейді. Қазір соны түсіндіре кетейін.

Кез-келген шет елдік болсын, басқа болсын, mlm компаниялардан 1000$ табыс алу үшін, сіз оларға одан да көп пайда әкелуіңіз керек. Мысалы 5000$ доллар, олар сізге тек белгілі бір пайызын ғана төлейді.

Бірақ сіз ойлауыңыз мүмкін: “Мен осынша табыс таптым, бірақ одан көп шығарған жоқпын” – деп. Бұл да дұрыс. Бұл жерде кететін шығын дегеніміз, сізге тіркелген адамдардың шығыны. Егер солардың және сіздің шығарған шығыныңызды есептеп алатын болсақ, сіздің табысыңыздан әлдеқайда жоғары, мен оған 100% кепілдік беремін.

Кез-келген желілік маркетингтен, негізгі табыс сіз шақырған адамдардан түсетіні белгілі. Осыны есепке алатын болсақ, ақша шет елге кеткенімен, одан түсетін табыс өз елімізге жұмсалады дегені – тіпті күлкілі.

Егер де сол айтылған пікір дұрыс болатын болса, онда кез-келген желілік маркетингпен айналысатын компания банкрот болады, оған да 100% кепілдік беремін.

Дегенмен жоғарыдағы пікірді де дұрыс пайдалануға болады: мысалы экономистердің арасында, жақсы өтетін прикол.

Желілік маркетингтің системасы, өте мықты ойластырылған. Әңгеме жоқ, онымен дұрыстап айналысса, екі жаққа да пайдалы. Бірақ шет елге кететін ақшадан, келетін ақша аз болады.

Ал сіздің ойыңыз қандай?

Бүгінше осы келесі, кездескенше.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовАлмазWalterCally Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
WalterCally
Қонақ
WalterCally

<a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/utyagivayushiy-poyas-hot-sheypers-hot-shapers-otzivi-tyumen.html>утягивающий пояс хот шейперс hot shapers отзывы тюмень</a>

Усиливают потоотделение в 4 раза
У вас уменьшатся объемы в ненужных местах, а мышцы станут более рельефными.

Изготовлены из ткани NEOTEX
Её внутренний слой усиливает работу потовых желез, наружный — впитывает пот, не давая ткани промокать.

Комфортны в повседневной жизни
Они не заметны под одеждой, не пропускают пот и не оставляют следов на теле.

Читать полностью <a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/losini-hot-shapers-volgograd.html>лосины hot shapers волгоград</a>

http://dom-48.ru/hot-shapers/shorti-dlya-pohudeniya-hot-shapers-kupit-novosibirsk.html
<a href="http://dom-48.ru/hot-shapers/top-hot-shapers-tula.html">топ hot shapers тула</a>

Алмаз
Қонақ
Алмаз

дурыс айттыныз!сетевой маркетингтын харам екендiгiн Ислам галымдары да айтады.осындай пiкiрлердi кобiрек таратсаныз жаксы болар едi?айтпесе шетелдiктер шет елде отырып алып казактарды алдап акшаларын алып жур.