Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Копирайтинг: жеңілдік жасау үшін себеп керек!

Ассалаумағалейкум, қазақ жұрты.

Копирайтинг туралы жазбалар сериясын жалғастырамыз. Бүгін қандай да бір өнімге жеңілдік жасаудың бірнеше ережесі туралы айтатын боламыз, ендеше кеттік.

Көптеген жарнамалардан байқаймын, әртүрлі деңгейде жеңілдіктер туралы айтып қояды, тіпті көшелерден де бұндайды көп байқаймыз, дүкендердің сыртында 70-80% дегенге көз үйреніп қалды. Ал олар бұл әдістерін дұрыс қолданып жатыр деп ойлайсыз ба? Мен олай ойламаймын! Себебін қарастырайық.

Жеңілдікті дым көп қылып қояды. Бұл сірә көп жерде бар, тіпті 90% жеңілдік деп жазатындар да бар, бірақ мен сізге айтайын, кез-келген бұл жағынан сауаты бар адам, бұның астында үлкен қулық жатырғанын түсінеді. Өзіңіз ойлап көріңіз ші? Бұндай болуы мүмкін бе? Мүмкін егер, тауар бағасын осынша өсіріп, ал кейін осынша жеңілдік деп жазып қоятын болса. Әрине шынайы түрде бұндай жеңілдік болуы мүмкін, көбіне өндіріс саласында.

Ал енді негізгі тақырыпқа оралайық, копирайтингте қандай да бір жарнамалық мәтінге, сол жарнамаланған тауарға немесе қандай бір қызмет түріне арнайы жеңілдік жасайтын болса, ол жақсы жұмыс жасайды. Бірақ оны жасағанда белгілі бір ережелерді ұстанған дұрыс болады.

Мысалы ол жеңілдік не үшін жасалып жатыр? Оған себеп бар ма? Әлде жасай салайын деген ой болды ма?

Негізі жеңілдіктің себебін жазған дұрыстау және бұл жазылмағанына қарағанда жақсырақ жұмыс жасайды. Мысалы былай істеуге болады: “Білім күніне орай, барлық мектеп формаларына 30 тамыз бен 3 қыркүйек арасында 36% жеңілдік”;

Бұл жерде жеңілдіктің себебі түсінікті және тауардың да сол күнге қатысы бар, яғни ол кезде оқушылар мектепке барады сондықтан осындай тауарларға сұраныс артады, сондықтан жеңілдіктің себебін түсіну қиын емес.

Жеңілдік жасау үшін, қандай да бір мерекені ғана пайдалану керек деген сөз жоқ, басқа да себептер табуға болады. Мысалы мұсылман тауарларын сатумен айналысатын болсаңыз, жұма күні жеңілдік жасауға болады, бұдан басқа да көптеген мысалдар бар.

Ал белгілі бір мереке қажет болса, оны да табуға болады. Егер іздейтін болсақ 365 күннің бәрінен де белгілі бір мерекені табуға мүмкіндік бар. Мысалы: халықаралық мынадай күн, халықаралық анандай күн деген сияқты. Google – ден іздесеңіз болады.

Сосын жеңілдікке дедлайын белгілеу керек, бұл міндетті, себебі жыл он екі ай бойы, осынша жеңілдік деп жазып қоятындар да бар. Бұл басында жұмыс жасағанымен соңына қарай, адамдардың көзі үйренеді, сондықтан нәтиже төмендейді. Ал бұндайды болдырмау үшін, жеңілдікке белгілі бір уақыт ғана белгілеп қойыңыз және оны бір аптадан асырмаған дұрыс.

Тағы бір ескере кететін жайт, жеңілдік акцияларын жиі-жиі өткізбеген тиімдірек, бұл қайырымдылық акциясы емес, максимум айына бір реттен көп жасамауды ұсынамын.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Гульзат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Гульзат
Қонақ
Гульзат

Сәлем, Қуаныш! Маған таргетинг жөнінде ақпарат керек еді. Сізде бар ма?!