Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Күндік жоспарды қалай құрамыз немесе менің 1,5 жылдық тәжірибем

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Сіздермен, әдеттегідей Ертай Қуанышов. Бүгін күндік жоспар құру бойынша өзімнің жеке тәжірибеммен бөлісемін. Бұл сізге пайдалы да, құнды кеңес болмақ.

Тайм-менеджмент деген де, үлкен бір тақырып және әркім әртүрлі тәсілдерді қолданады, яғни өзіне ыңғайлы етіп жоспар құрады. Бұл туралы жазылған кітаптар мен мақалалар және видеолар өте көп. Сонымен қатар олардан да, өте көп ақпаратты алуға болады.

Мүмкін сіз де, өз уақытыңызды белгілі бір тәсілдер арқылы жоспарлайтын шығарсыз. Қазір көбі бұған мән бере бермейді, сондықтан осы жазбадан кейін көзқарасымыз өзгереді деген ойдамын.

Мен де бұл туралы көптеген, ақпараттар жинадым, оның ішінде кітаптар бар, видеолар бар, әртүрлі мақалалар да бар. Түсінгенім мынада: белгілі бір кітапта немесе сол сияқты дүниеде көрсетілген ақпараттың бәрін біз, өзімізге қолдана алмаймыз. Кітаптың авторы өзіне ұнаған және ыңғайлы болған, уақытты жоспарлаудың тәсілі туралы жазады, әрине бұл жақсы. Бірақ оған ыңғайлы болған тәсіл бізге қолайсыздау болуы мүмкін. Сондықтан әртүрлі кітаптар мен видео сабақтардан мен өзіме ыңғайлысын жинадым.

Күнді жоспарлап, одан кейін сол бойынша ғана жұмыс істеуді бастағаныма 1,5 жылдан асып кетті, осы аралықта көптеген тәсілді қолданып қарадым.

Тайм – менеджменттің, өте маңызды екенін, Е. Поповтың “Хозяин времени” – видео курсын қарағаннан кейін түсіндім және бұл маған жаңа көзқарас қалыптастырды.

Мен күндік, айлық жоспар үшін Wunderlist деген бағдарламаны қолданамын және онда менің жазған жоспарларым жазылған. Осыған қатысты тағы бір дүниені айта кетейін, көптеген тайм – менеджмент туралы кітапта, жоспарды қағазға жазып қою туралы айтылады, шамасы өзіңіз де талай рет көрген боларсыз? Бірақ қазір бұндай заман емес, осыған қатысты әртүрлі бағдарламалар бар. Мысалы мен жаңа ғана айтып өткен Wunderlist бағдарламасы, жоспармен жұмыс жасауға толық көмектесе алады, мен оны бастапқы уақыттан бері қолданып келемін немесе Evernote бағдарламасы да бар, бірақ ол әртүрлі маңызды ақпараттарды жазып қоюға арналған, танымал софт.

Мен екеуін де қолданамын, Evernoet маңызды ақпаратты сақтап қою үшін.

Сонымен әрі қарай кеттік, мен уақытты мынадай етіп жоспарлаймын. Бірінші міндетті түрде, менің соңғы точкілерім белгіленген, яғни ғаламдық меже, әрі қарай жоспар сол бойынша кетеді. Мысалы айлық меже, міндетті түрде жазылады және сол бойынша күндік жоспар жазылады. Ал жылдық жазбаймын, себебі 1 айдан әрі кететін жоспар құрмаймын. Яғни 500 км жүру үшін, көліктің жарығы алдағы 30 метрге түссе болды, ал қалғаны жүре келе қалыптасады.

Күндік жоспарда, әртүрлі тапсырмалар белгіленген. Бұрын мынадай тәсілді қолданатынмын, мысалы “11:00 / 12:00 – блог жазу” деген сияқты. Бірақ жақында Б.Трейсидің “Зона комфортадан шық” – деген кітабын оқыдым және одан кейін, жаңа тәсілге көштім. Яғни уақыт белгілемейтін болдым, тек орындалуы керек тапсырмаларды ғана жазамын және маңыздылығы бойынша A, B, C, D, E – деп белгілеп қоямын.

Бұл тәсіл туралы кітапта жазылған және ол, дәл маған керегі екенін түсіндім, себебі осы тәсілді қолдана бастағаннан кейін, қойылған тапсырмалар өнімді түрде жасала бастады, маған керегі де осы емес пе?

Бірінші A – деп белгіленген тапсырмаларды орындаймын, оны орындамай тұрып келесіге өтпеймін. Бұл туралы көп айтқым келмейді, одан да, осы кітапты, дәл қазір оқып шығуды ұсынамын.

Ал енді күнге жоспар құрмасақ не болады?

Әрине, күні бойы айтарлықтай жұмысты тындыра алмайсың. Жеке өзімнің тәжірибемнен айтайын, күнге жоспар құрмайтын болсаң, әртүрлі істің басын ұстап, соңында басқа зат істеп кетесің, кеште артыңа қарасаң ештеңе бітірмегенсің. Мысалы белгілі бір видеоны іздеп youtube – те отырсың, бірақ біраз уақыттан кейін қарасаң, басқа бірдеңе қарап отырсың да! Сол сияқты компьютерді ашып, ойыңды бір жұмысқа бағыттайсың, бірақ соңында ойын ойнап, қуып – кетесің.

Ал сіз күніңізді жоспарлайсыз ба?

Бүгінге осы, келесі кездескенше.

4
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
4 Авторы комментариев
СандуғашМаксатЕртай ҚуанышовАйгүл Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Айгүл
Қонақ
Айгүл

Смарт цель болу керек, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді

Максат
Қонақ
Максат

Жарайсын бауырым, маган унады. 2 апта болды жазып бастаганыма, натижесин корип жатырмын. Алгашында киын болганымен казир жазбаса бирдене жетиспей туратын жагдайга жеттик)

Сандуғаш
Қонақ
Сандуғаш

Жарайсың, тек алға