Рубрика: Сайт жасау

SMM мамандарына арналған 7 сервис

Smmplanner

Әртүрлі әлеуметтік желілерге автопостинг сервистері
арқылы бір жерден пост жариялауға болады. Әр қайсына жеке жеке жіберіп қажет
емес. 

Smmplanner – ді өзім қолданып
көрдім. Осы сілтеме арқылы тіркеліңіз.

Spamguardapp

Инстаграм парақшаны қажет емес боттар мен әртүрлі
заттарды сатумен айналысатын парақшалардан тазалайды.

Инстаграмдағы интернет дүкендер мен боттар жазылушылар
тізімінде болса, қаралым санына кері әсер етеді. Оларды жойып тастау керек.

Қолмен жасау, ұзақ уақыт алады. Осы сервиспен
автоматты түрде жасаңыз.

InstaMatin

Мәтінге дұрыс абзац қойып береді. Қалай қылып жазасыз,
инстаграмда солай көрінеді.

Crello

Фотошопсыз, әлеуметтік желіге посттар жасаңыз.
Видеоролиік түріндегі посттарды жасауға болады.

Pixabay

Сапалы картинкаларды жүктеп алыңыз. Қолдануға
лицензиялық шектеу жоқ.

Supa.ru

Анимациялық роликтер жасаңыз. Сервис қарапайым,
қолдануға жеңіл. Тегін бастай аласыз.

Behance

Дизайнға идеяны осы сайттан іздеңіз. Басқа да
дизайнерлердің жұмыстары жарияланған. Шабыт алуға жақсы сервис.

Онлайн Курс Жасауға Арналған Платформалар

Сайт жасау курсы туралы толығырақ: http://sait-zhasau.mailerpage.com


Онлайн куср өтуге арналған платформалар:


1https://www.udemy.com/

2. https://getcourse.ru/

3. https://monecle.com/cabinet/register?rid=5180

Сайт жасауға арналған CMS жүйелер

Сайт жасауда CMS деген түсінік бар. Бұл сайтты басқаруға арналған дайын жүйелер. Программистің комегінсіз, сайт жасауға болады.

Танымал WordPress, Joomla, OpenCard деген түрлері бар. Әр қайсы белгілі бір сайттарды жасауға арналған. Мысалы Open Card арқылы интернет дүкен жасауға болады. WordPress көбіне блог ашу үшін қолданылады. Дегенмен онымен де интернет дүкеннен бастап, порталға дейін істеуге болады.

CMS конструктормен сайт жасауға қарағанда күрделі және мүмкіндігі жақсы.

Телеграм каналға жазылыңыз: https://t.me/ertaikuanyshovdotcom

Скринкаст түсіруге не қажет?

Компьютердің экараны арқылы жасалатын видеолар, скринкаст деп аталады. Камера арқылы түсіруге қарағанда жеңіл түрі.

Скринкаст видео түсіріп жүргеніме 2 жыл болды. Өзімнің тәжірибеммен бөлісемін. Бірнеше жыл бұрынғы видео мен қазір түсірген видеоларымның сапасы әртүрлі.

Микрофон

Міндетті түрде, тыңдаған жақсы дыбыс жазатын микрофон алыңыз. Алиэкпресстен 10 мың теңгеге алып бастауға болады. Видеоңыз сапалы болып, дыбыс нашар болса, қаралым аз болады.

Компьютер

Скринкастты телефонмен де жасауға болады. Ыңғайлы болуы үшін, компьютер алыңыз. Телефонмен кейбір программалар туралы айтқанда жазуға болады. Кейін компьютермен монтаж жасайсыз.

Скринкаст жасайтын программа

Профессионалды Camtasia Studio программасы бар. Ақылы программа. Қарапайым iSptring Free Cam – нан бастасаңыз болады. Тегін программа. Программаның өзімен аудио өңдеп, монтаж жасауға болады.

Мен Mavavi Screen Recorder – ді қолданамын.

Аудиоредактер

Қандай сапалсы микрофонмен дыбыс жазатын болсаңыз да, өңдеуді талап етеді. Кейбір жерлері жәй шығады немесе қатты шығып кетеді. Шумды жою керек. Дауысты әдемілеу үшін аудиоредактор арқылы, өңдейсіз.

Дыбыс өңдеуге арналған 2 танымал бағдарлама бар:

Audacity – тегін және қарапайым. Өзім осыны қолданамын. Негізгі функциялары бар.

Adobe Audition – профессионалды бағдарлама. Көбіне дыбыс жазатын студиялар қолданады. Ақылы.

Видеоредактор

Видеоға монтаж жасау арқылы, сапасын арттырамыз. Қажет емес жерлерін жоясыз.

Программалар:

Movavi Video Editor – қарапайым бағдарлама. Мен осыны қолданамын.

Видеоларды қиюдан бастап, әртүрлі эффектілер қосуға дейін бар.

Davinsi Resolve – профессионалды бағдарлам. Тегін. Мүмкіндігі жоғары. Қазір осыны үйреніп жүрмін. Мүмкіндік болса, осыны да қарап көруді ұсынамын.

ЭЦП кілтін қалай ашуға болады?

ЭЦП кілт арқылы, қажет құжаттарды үйрде отырып алуға болады. Ол үшін ЭЦП кілт ашу керек. Кілт ашудың 2 жолы бар. Екі тәсілде де СОН — ға барасыз.

Флешка арқылы

Минимум 1 GB – тық флешка алып, сонға барасыз. Кілтті флешкаға жазып, қағазға пароль жазып береді. Алғаннан кейін, паролін кейін өзгертіп. Оңайп қылып, стандартты қылып жазып береді. Мен алғаш рет кілт ашқан кезде, оны білген жоқпын және парол өзгерту туралы да маған айтқан жоқ. Мынадай оқиға болды. Біреуге кілтті жібердім, бірақ сон жазып берген паролді айтқан жоқпын. Кейін отырғанын көргенде таң қалғанмын. Таныстардың арасында да осындай оқиға болған. Сөйтсем стандартты паролді арқылы кірген екен. Мен болса, бұндай пролді ешкімде жоқ, менде ғана деп ойлағанмын. Кілттің паролін осы жер арқылы өзгерте аласыз.

Сайт арқылы, флешкасыз

Екінші рет кілт ашқан кезде, осы тәсілді қолдандым. Бірінші осы сайтқа өтіп, “Өтінім беру” дегенді басасыз. Әрі қарай кілтті сақтайтын жерді таңдауыңыз керек. Арнайы қағаз береді. Соны шығарып алып, СОН — ға барасыз. Жұмыс аяқталғаннан кейн, осы жердегі өтінімнің статусын тексеру дегенді басып, өтінім номерін жазасыз. Әрі қарай, жаз деген ақпараттарды жазып, компьютерге жүктеп аласыз. Кілтті жүктейтін жерді таңдаған кезде, өтінім берген кездегі папканы таңдауыңыз керек. Жүктеп алғаннан кейін, бұлтты сервиске сақтап қойыңыз. Кез-келген жерде қол жетімді болады. ЭЦП кілт 1 жылға дейін жарамды. Бір рет алғаннан кейін, жеке кабинет арқылы сонға бармай жаңасын алуға болады.

Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? 5 сұрақ арқылы анықтаңыз

Ассалаумағалейкум.

Менің таныстарымның арасында, оқу бітіргенімен өз саласын түсінбейтіндер бар. Қалай мамандық таңдау туралы жаздым. Мамандықты дұрыс не бұрыс таңдағаныңызды 5 сұрақ арқылы біле аласыз:

Жұмыстан кейін де, осымен айналысасыз ба?

Ерікті түрде салаңызбен айналыссаңыз, тамаша!

Бос уақытта айналысасыз ба?
Жұмысында басқа, бос уақытында басқа іспен айналысатындар көп. Айталық аспаз болып жасайды, бос уақытында тігінмен айналысады. Онда тігінші болуы керек еді.

Мамандық бойынша қосымша ізденесіз бе?
Нағыз мамандар, қосымша ізденетіндер. Егер универден кейін, өз қалауыңызбен жаңа дүниелер үйренбесеңіз, артта қалып қоясыз. Қосымша ізденбеу сізге ұнамағаннан.

Демалыс күндері айналысасыз ба? Кейбір мамандар, күнде демалыс болса да өз саласымен айналысады.

Салаңыз бойынша, аз дегенде 2 сағат айта аласыз ба? Қанша көп айта алсаңыз, сонша жақсы.

Қанша»Иә» — деп жауап берсеңіз, мамандықты сонша дұрыс таңдағансыз. Ал керісінше болса, таңдаған мамандығыңыз дұрыс емес. Басқа салаға ауысуды ойлаңыз.

Мектеп оқып жүргенде, «мұғалім болмаң» — дейтін ұстаздарымыз болды. Дәл осылай айтатын ұстаздардан, қандай оқушы шығатынын ойлап көріңіз.

Универ бітірейін деп тұрса да, маған дипломдық жұмыс жазу туралы ұсыныс жасағандар да 4-5 рет кездесті. Дипломдық жұмысты қарасаң, қиын жұмыс емес. Әрине диплом жазып беретіндей ақымақ емеспіз.

Қарапайым жұмысты жасай алмаса, дипломмен не істемек деген сұрақ туындайды. Бәрі дұрыс таңдалмаған мамандықтан.

Қазірден бастап, қызықты мамандық таңдаңыз.

Сайт жасаудың 4 жолы


Сайт жасау туралы сұрақтарға жауап беремін. Сайт жасаудың ыңғайлы 4 жолын біліңіз.


Пайдалы сілтемелер:

IT саласы туралы каналым: https://bit.ly/2xHaviU

GUM: https://bit.ly/2YHXFwF

Tilda: http://bit.ly/2A0faAr

PlatformaLp: http://bit.ly/2xVl1S7

Блог жазуға арналған 10 сала. Егер идеяңыз жоқ бола…

Ассалаумағалейкум.

Блог жазумен айналысқыңыз келеді. Қандай салада жазуды білмейсіз. Осыған арналған 10 саланы ұсынамын. Халыққа пайдалы және қызықты.

Мынаны ескеріңіз. Өзіңіздің тәжірибеңіз бар саланы таңдауды ұсынамын. Орналасу ретіне мән бермеңіз. Есіме түскені бойынша жаздым.


Жаңа технологиялар

Жаңа компьютерлер, телефондар. Жасанды сана, робототехника секілді тақырыптар. Тұрақты түрде блог жүргізетін адамды көрмедім.


Отбасылық тақырып | Ерлерге арналған

Америка, Ресей секілді елдерде ерлерге отбасылық кеңестер жазатын блогерлер бар. Бізге де керек.

Айталық әйеліңе қандай сыйлық жасауға болады? Ренжіскен жағдайда не істеймін? Қандай мерекеде қалай құттықтау керек? Әйелдер психологиясы.



Интернет маркетинг

Маркетинг бұрыннан бар, интернет – маркетингсіз бизнес болмайды. Тәжірибесімен қазақша пайдалы ақпараттар беретін адамдар жетіспейді.


Заңгерлік кеңестер

Қазақ тілінде заңгерлік блог жазатын адамды көрмеппін. Егер шығатын болса, оқимын. Заңгер болсаңыз, жазып көріңіз.


Бизнес блог

Кәсіп туралы жазатын болса, адамдарға қызықты. Нені қалай жасау керек, не істеу керек? Осылардың бәрі. Аталған тақырыпта жазатындар бар, бірақ көп емес.

 


Жеке даму

Жеке даму бойынша жазатын кісілер бар. Дегенмен көбірек ақпарат керек. Жеке дамусыз, ойлағаныңа жету қиындау.


Саясат қарапайым тілмен

Саясатты сынайтындар, facebook – та мыңдап отыр. Керегі қарапайым тілмен, не бұрыс. Дұрыстау үшін не істеген дұрыстау. Осы туралы жататын блогер керек.

 


Отбасылық тақырып | Әйелдерге арналған

Жоғарыда айтылған ерлердікімен бірдей. Айталық күйеуіңіздің көңілінен қалай шығуға болады? Қандай тағамдар жасаған дұрыс? Жүктілік, Ақшаны дұрыс жұмсау, әртүрлі рецепттер, бала тәрбиесі.

 


Саяхат

Шет ел болуы шарт емес, Қазақстанның өзінде саяхат жасайтын болсаңыз, жазуға болады. Барған жеріңіздің туралы ақпарат, қонақ үйлері, мейрамханасы. Егер шет ел болса, халқы, мәдениеті, қызықты жерлері, тағамдары.

 


Ұстаз блогы

Тәжірибелі ұстаздар бар. Өз тәжірибесімен блог арқылы бөліссе, қалғандарына да пайдалы. Ұстаздар көп, бірақ блог жазып жүргенін білмейді екенмін.

 

Қандай тақырып болсын, өзіңіз түсінетін және тәжірибеңіз бар сала болсын. Әрине тақырып ұнамаса жазу керек емес.

Инстаграмда ақша табудың ТОП-4 жолы

Инстаграмда ақшатабудың 4 жолын айтамын. Инстаграмда қалай ақша табуға болады?

Тауар немесе қызмет түрін сату

Тауар сатумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын болсаңыз, жеке парақша ашып дамытасыз.

Айталық дүкеніңіз бар:

  • Жеке парақша ашасыз
  • Профилге мекен-жайыңызды, телефон номер секілді ақпараттарды жазасыз.
  • Тауарлардың суреттерін саласыз
  • Видеолар саласыз
  • Клиенттердің пікірлерін салыңыз
  • Мерекелік жеңілдіктер туралы ақпарат
  • Таргетингтік жарнамаға жіберуге болады

Бұлар бәрі емес, тағы 20 фишка қосуға болады. Бұл туралы жеке пост жазу керек.

Сәтті жұмыс жасауы үшін, инстаграм туралы көбірек біліңіз. 

Жарнама сату

Көп оқырман жиналған парақшалар бар. Әзілдер, пайдалы кеңестер, асхана, әйелдерге арналған, мотивациялықафоризмдер.

Парақшада оқырман көп. Демек ақылы жарнама бергісі келетіндер хабарласады. Табыс осылай келеді.Көп оқырман жинау үшін, бірнеше жылға дейін уақыт кетеді.

Дәл қазір бастайтын болсаңыз, 1 жылдан кейін нәтиже көруге болады.  

Контенттік жоба бастау бойынша PDF кітапты жүктеп алыңыз >>>

Админ қызметін атқару

Instagram парақшасы бар, бірақ дұрыс жүргізе алмайтын немесе уақыты жоқ адамдар бар. Егер Instagram жағын жақсы білетін болсаңыз, ақшасына келісіп парақшасын дамытуға көмектесесіз.

Админ қызметіне кіру мүмкін жұмыстар

Парақшаға посттар салып отыру

Директ хабарламаға жауап беру

Қажетті аудиторияны жинау

Жазылған пікірлерге жауап қайтару

Парақшаның белсенділігін арттыру

Сториске пост салып отыру

Парақша статистикасымен жұмыс

Посттарға арналған мақсатты хештег жинау

Контент — жоспар жасау

Пост салатын ыңғайлы уақытты болжау

Тәжірибеңіз болмаса, оқып алуға болады. Қажетті ақпараттарды Youtube – тен таба аласыз.

Бұлардың ешқайсы қолымнан келмейді деп ойламаңыз. Кез-келген дүниені меңгеруге болады. Жақсы тәжірибе жинағыңыз келсе, контенттік жоба бастаңыз.

Instagram фишкалары. Боттар мен коммерциялық аккаунттардан тазалауға арналған 3 сервис



Инстаграмдағы оқырмандарыңыздың 30% — ы сізге қажет емес, боттар мен коммерциялық аккаунттар. Олардан құтылу арқылы сіз, парақшаңыздың белсенділігін арттырасыз және бұл сізге инстаграмды алға жылжытуға үлкен көмегін тигізеді.

Көп оқырман жинау жақсы болып көрінгенімен оның сапалы болуы маңызды. Белсенді аудитория арқылы ғана біз жақсы жетістікке жете аламыз. Саны бар сапасы жоқ, оқырмандар керек емес.

Инстаграм парақшаңызды қалай боттар мен коммерциялық аккаунттардан тазалауға болатындығын білмесеңіз, осы видеода көрсетілген сервистер мен программаларды қолданып көріңіз. Бұл ең мықты деген инстаграм фишкаларына жатады, егер дұрыс қолданатын болсаңыз, нәтижесін айтарлықтай байқайсыз.

Сервистер:

1. Leongram бағдарламасы: http://leongram.com
2. Zengram сервисі: http://bit.ly/2phpFaA
3. Spam Guard сервисі: http://bit.ly/2xqTNUr