Рубрика: Сайт жасау

Мен видеоларды қалай монтаждаймын? Camtasia Studio арқылы видео монтаж жасау сабағы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Кез – келген видеоны түсіргеннен кейін, оны әртүрлі тәсілдер арқылы монтаждауға болады. Бірақ қазіргі уақытта видео монтаж жасаудың көптеген жолдары бар.

Мен әрине өзім қолданатын тәсілді ғана көрсетемін, егер мен сияқты экран арқылы қазақша немесе басқа тілдерде видео сабақтар түсірумен айналысатын болсаңыз, бұл сізге де қажет болады.

Видео монтаж жасауға арналған программалардың көптеген түрлері бар. Менің қолданатыным Camtasia Studio деп аталады. Бұл бағдарлама негізі видеоны түсіруге арналған, бірақ монтаж жасауға мүмкіндік беретін функциялары бар.

Ендеше толығырақ видео монтаж жасау бойынша қазақша сабақтан қараңыз.



 

Скринкаст дегеніміз не және оның түсірудің 3 құпиясы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей – Ертай. Бүгінгі тақырыпта, таза тәжірибеге негізделген ақпараттар беремін. Ол – скринкастинг.

“Бұл не өзі?” – деген сұрақ туындайды, егер батыстан болсаңыз: “Нізат ол?” – деуіңіз мүмкін. :)

Скринкаст дегеніміз – компьютердің экраны арқылы жасалатын видеолар. Мысалы мендегі барлық видеолар осылай істелген. Жәй ғана арнайы бағдарламаны іске қосамын да, компьютердің экраны арқылы, қандай да бір ақпаратпен бөлісемін.

Яғни бұны – скринкастинг дейді. Бұндай видеоларда адамдар өздерін көрсетпейді, тек даусы естіліп тұрады және видеода экран ғана.

Компьютер ғана емес, телефон арқылы да жасалуы мүмкін. Осылай видео түсіретіндер бар.

Скринкаст дегеннің не екенін, түсінген боласыз. Енді бұның қандай пайдасы бар? сол жағына тоқталайық.

Біріншіден, жаңадан видео түсіруді бастағандар, өздерін көрсеткісі келе бермейді, яғни камераны алдыға қойып, соған сөйлеу деген сияқты. Ал скринкастта тек экранды видеоға түсіресіз де, қажет дүниені дауыспен айта бересіз. Ең бастысы бұл, кейінірек камера арқылы видеолар түсіргенде көмегін тигізеді, осы арқылы біраз тәжірибе жинап аласыз.

Екіншіден, қазіргі уақытта ақпараттық дамыған заман болғандықтан, компьютерлік технологиялар өте сұранысқа ие. Ал ол жағынан біраз дүние білетін болсаңыз, ақпаратты скринкаст арқылы түсіндірген ыңғайлы.

Мысалы мен солай жасаймын, қайсы бір видеомды алсаңыз да, тек экран арқылы түсірілген. Себебі маған оны камера арқылы түсіндірген өте ыңғайсыз.

Бұл аталған дүние компьютердің экранымен байланысты кез-келген видеоны түсіруге ыңғайлы. Мысалы фотошоп, сайт жасау, баннер жасау, таргетинг жасау, smm – маркетинг.

Ал компьютердің ішін ашып, процессорын қалай дұрыс орнату керек деген сияқты видео сабақтар, өзіңіз түсініп тұрғандай, келмейді.

Скринкаст түсірудің 3 құпиясы

Негізі бұлар айтарлықтай құпия емес, бірақ Қазақстандық ютуберлердің видеосын қарап, құпия – ау деген ой кетті. Себебі олардың көпшілігі қолданбайды.


  1. Экранның көлемін дұрыс таңдау. Скринкаст түсіргенде экранның көлемін әртүрлі қылып алуға болады. Мысалы толық көлемді немесе өте кішкентай қылып. Көбі мониторының көлемі қандай, сондай қылып үлкен қылады. Ал оны кішкентай экранмен қараған кезде, дұрыс көрінбейді.


Менің ұсынатыным және өзің әрқашан қолданатыным 1280×768. Осындай жүйеде, видео түсіруге мүмкіндік беретін ең танымал бағдарлама – Camtasia Studio арқылы бұны дұрыстау өте оңай.


  1. Дауыс сапасына мән беру. Мойындау керек, дәл осы пост жазылған уақытта ютубте қазақша каналдар арасында, айтарлықтай бәсеке жоқ, сондықтан техникалық тұрғыда сапасына көңіл бөлетіндер аз, дегенмен бәсеке аз екен деп бұған жәй қарай салуға болмайды. Дыбысқа мән беру керек. Егер осындай видеолар түсіргіңіз келсе, өзіңізге бір микрофон алып алыңыз. Жаңадан бастаушыларға әрі кетсе 10 мың теңгеліктері жарайды.


  2. Сөйлеу мәнері төмендеу. Бірден айтып қояйын, бұл жаңадан бастаушылардың 90% — дан астамында болады. Яғни сөйлеу мәнері нақтылау емес және кейбіреулері өте жәй сөйледі. Басында менде де осындай болған. Бірақ тәжірибе жинай келе, бұл қателіктер жойылуда.


Ең басында түсірген видеоларымды көрсем, өшіріп тастағың келіп тұрады. Уақыт жұмсап, монтаждап күш жұмсағасын қимайсың.

Бірақ мен нашар сөлейді екенмін деп, видеоны түсіргеннен кейін жәй жоя салу дұрыс емес. Осылай жасайтындар да бар. Жеке тәжірибемнен айтатын болсам, пікірге сөйлеу манераң нашар деп ешкім жазбапты. Сондықтан осыған бола қысылудың қажеті жоқ. “Көп жүре түзеледі” – деген бар. Қайта біз қазақ тілінде ақпараттар санын арттыруымыз керек, қашанғы орысша не ағылшынша қараймыз?

Есте ұстау керек: “1% талант, 99% еңбек.

Бүгінше осы, келесі жазбаларда кездескенше. Сізге сәттілік тілеймін. Тек алға.

Tilda сервисімен сайт ашамыз. Қалай сайт жасауға болады?



Сайтты қалай жасауға болады?

Тида сервисі арқылы сайт жасауды үйренетін боламыз. Бұл арқылы сайт жасау үшін, артық білімнің қажеті жоқ, тек азырақ уақытыңызды бөлсеңіз болады, бәрін қолжетімді.

Тилда бұл — сайт жасауға арналған платформа. Ал платформада сайт жасау, қазіргі уақытта ең оңай жол және көп уақытты үнемдейді.

Сондықтан бұл аталған сервисте сайт ашу өте оңай. Толығырақ видеодан қараңыз.

Тилда сервисіне тіркелу: http://bit.ly/2A0faAr

Универ оқымай-ақ, меңгеруге болатын, табысы 100 000 — нан жоғары 3 мамандық!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Сіздермен бірге, әдеттегідей – Ертай. Жалпы соңғы уақытта мәтіндік блогтар жазбай кеттім, көбіне сол: фотошоп, сайт жасау, it саласы туралы біраз видео сабақтар ғана жасаған болатынмын, ал бүгін мәтіндік форматта жазғанды дұрыс көрдім.

Енді бүгін, мамандықтар туралы блог болады. Мамандық болғанда қалай? Дәл қазіргі уақытта Университеттің көмегінсіз-ақ өзіңіз меңгеруге болатын, керемет салалар.

Қазіргі заманда бәрінің бірдей, жылына 500-600 мың тұратын мамандыққа оқуға жағдайы жете бермейді. Ну енді, өзіңіз де білетін шығарсыз.

Сондықтан мен, сізге осындай 3 мамандықты атап көрсетейін:

Веб – дизайнер

Дизайнердің қандай қызмет атқаратынын сіз де жақсы білетін боларсыз? Ал веб — дизайнер болса, әртүрлі сайттарды сәндеумен айналысатын маман. Яғни Adobe Photoshop сияқты бағдарламаның көмегі арқылы, қажет сайттың дизайнын, әдемілеп жасап береді.

Сайттың дизайны өте маңызды рөл атқарады. Мысалы тауар сатумен айналысатын ландинг сайттың дизайны көрікті болса, оның конверсиясы, яғни көрсетілген тауарды сатып алатын адамдар саны да жақсара түседі. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Екіншіден қазір ғаламтор дамыған заман, жалғыз Қазақстанның өзінде апта сайын, мыңдаған сайттар ашылады, мүмкін одан да көп шығар. Ал ол сайттарға да дизайн қажет, әрине!

Үшінші бір артықшылығы, бұл саланы меңгеру үшін, көп құралдың керегі жоқ. Компьютер, интернет болса жеткілікті.

Әрине көптеген веб — дизайнерлер фотошоп бағдарламасын қолданады, сондықтан осыны бірінші үйреніп алуыңыз керек.

Осы бойынша менің: Фотошоп – нөлден бастап деген курсым бар. Соны қарауды ұсынамын.

Бағдарламашы

Негізі шыны керек, егер бағдарламашы десе көз алдымызға, компьютерге: windows, антивирус сияқты программаларды 2000 мың теңгеге орнатып беретін адам елестейді :)

Ал шындығында, Бағдарламашының жұмысы қазіргі уақытта, өте сұранысқа ие, бізде Қазақстан, мамандар жетіспей жатыр, оны президентіміз де айтқан болатын, егер тыңдаған болсаңыз.

Бұл сала мамандары да, біраз санаттарға бөлінеді. Бағдарламашы деген жалпы атау, “Адамдар” – деген сияқты. 🙂 Оның ішінде: орысы бар, қазағы бар, немісі бар, еркегі бар, әйелі бар – деген сияқты да, жалпы!

Мысалы веб-бағдарламашы сайттармен, ғаламтор сервистерін жасаумен айналысады. Сонымен қатар, компьютерге бағдарлама жазумен айналысатындар бар, мобильді қосымша жасайтындары бар, жасанды сана жағы және үйдегі теледидар, тоңазытқыш сияқты құрылғылардың бағдарламасы болады, олардың жасайтын тағы басқа саласы бар. Осылай атай берсек көп. Біздің елімізге осылардың қай-қайсысы болсын жетіспейді.

Менің веб-бағдарламашы жолын бастауға көмектесетін html бойынша сабақтарым бар. Әлі тағы да жасаймын. Осылардан бастап үйренсеңіз болады.

Копирайтер

Әлемде – Ден Кеннеди деген кісі бар. Ол кісінің жетістіктері енді, көп, кезінде Денге мынадай сұрақ қояды: “Осы кезге дейін меңгергендеріңіздің ішінде, біреуін ғана қалдыруға мүмкіндік берсе, нені қалдырар едіңіз?” – деп. Сол кезде – копирайтинг деп жауап берген. Олай айтуы да тегін емес. Себебі копирайтердің негізгі қызметі – сатылым әкелетін жарнамалық жазу.

Ал мықты копирайтер болсақ, кез-келген тауарды немесе қызметін түрін сата алатындай дәрежеде жарнамалық мәтіндер жаза аласың деген сөз. Ал бұл күшті ғо! Жарнама жаздың, өтіп кетті, жарнама жаздың өтіп кетті!

Қазақстанда қаншама тауар сатумен немесе қызмет түрін ұсынатын компания бар. Бұл сала мамандары, бизнес бар жерге өте қажет.

Мен де осы саланы қазір қарап жатырмын. Біраз кітаптар оқып дегендей.

Бүгінгі ше осы, келесі жазбаларда кездескенше. Ал сіз енді, қандай саланы меңгергіңіз келеді? Постты жәй ғана оқып: “ааа – жақсы екен“  – деп ертеңіне ұмытып кету дұрыс емес. 🙂

HTML жаңадан бастаушыларға — #5 — Форма жасауды үйренеміз! 1 — бөлім



Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Сіздермен бірге әдеттегідей — Ертай Қуанышов. HTML сабақтар сериясын жалғастырамыз. Бүгінгі сабақта форманы қалай жасауға болатынын көрсетемін.

Өзіңіз де білетін шығарсыз, көптеген сайттарда тіркелу жолақтары немесе белгілі бір жерге хабарлама жазуға арналған жолақтар бар, форма деп отырғанымыз осы.

Фотошоп сабақтары: Операциямен қалай жұмыс жасаймын? Ештеңені қолмен жасаудың керегі жоқ!



Ассалаумағалейкум

Менің атым — Ертай Қуанышов.
Фотошоп сабақтарының бұл сериясында — операциямен жұмыс жасауды үйренетін боламыз.

«Фотошоп — нөлден бастап» видео курсы туралы.

Color Mania — бағдарламасымен жұмыс. Түстермен жұмыс жасау оңай!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым — Ертай Қуанышов.

Бүгінгі видео сабақта мен, Color Mania — деп аталатын түстермен жұмыс жасауға көмектесетін шағын бағдарлама туралы айтамын.

Фотошоппен жұмыс жасайтындарға, көп пайдасын тигізеді.

Сайт жасауға арналған платформалар. Қай платформа сайт жасауға тиімді?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі видео сабақта: сайт жасау жолдарының ішіндегі, қазіргі уақытта ең оңай болып есептелетін конструкторларға шолу жасаймын. Толығырақ айтсам сайт жасау үшін, қайсысы тиімдірек Lpgenerator ма әлде, Platformalp – ма?

Бұлар арқылы сайт жасауды үйрену өте оңай, сондықтан жаңадан бастаушыларға, конструкторлар өте қолайлы.

Сайт жасау, сіз ойлағаннан да жеңіл бола түседі.


Platfromlp — ге тіркелу және 14 күн тегін қолдану: https://platformalp.ru/reg/VEIXEETH


Lpgenerator — ға тіркелу және 7 күн тегін қолдану: https://lpgenerator.ru/?partner_id=7ygsmcmr9y

ToDoist – өте пайдалы сервис. Мен уақытты жоспарлау үшін, осыны не үшін қолданамын?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов.

Бүгінгі өте пайдалы видео сабақта, мен уақытты жоспарлауға көмектесетін ToDoist деп аталатын сервиспен таныстырамын. Мүмкін бұны сіз де білетін шығарсыз.

Тайм-менеджмент өте маңызды дүние, сондықтан заманауи мүмкіндіктерімен қоса пайдалануымыз керек, бүгінгі істейтін шаруаларымызды қағазға жазу деген бұрынғы ескі тәсіл. Бұл аталған сервис арқылы, бәрін жаңа технологиялар арқылы істеуге болады.

Сонымен уақытты қалай жоспарлауға болады? Аталған сервис туралы видеодан қараңыз.

ToDoist — ке тіркелу: https://todoist.com

Aliexpress — тан тауарды қалай таңдауға болады? Қытайдан тауар алу

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым — Ертай Қуанышов.

Қытайдан көптеген тауарды, арзан бағада алуға мүмкіндік бар. Бірақ, алданып қалуыңыз да мүмкін, әрине жеке өз басымда ондай оқиға болған жоқ. Бірақ сізге осындай жағдайлардан қорғану үшін, тауарды қалай таңдау керек? — сол жағынан біраз, пайдалы кеңес берейін.

Сонымен Aliexpress — тан тауарды қалай таңдауға болады?