Электронды сауданың болашағы туралы не айта аламыз?

Ассалаумағалейкум құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгін электронды сауда туралы сөз қозғайтын боламыз.

Менің айтқым келіп тұрған электронды сауда дегеніміз, ғаламтор арқылы сатып алынатын және сатылатын барлық тауарлар мен қызметтер. Қазір ғаламтордың мүмкіндігі, сонау Агент заманына қарағанда, әлдеқайда алға жылжыды және біз де бұған барған сайын бейімделіп жатырмыз. Соңғы статистикаға қарайтын болсақ, Қазақстанда ғаламтор арқылы сауда жасайтындар саны әлдеқайда жоғары қарай өскен.

Біз ғаламтор арқылы көбіне не сатып аламыз? Әрине ол – билет. Яғни теміржол билеттері. Қазақстанда ғаламтор арқылы ең көп сатып алынатын тауарлардың бірі ол, осы – темір жол билеттері екен.

Ғаламторда сауда жасау сонау 1995 жылдан кейін, шыға бастады. Шамамен сол кезде, қазіргі Amazon ғаламтор дүкені пайда болған еді және оның тиімді екенін түсінгендер, өздері де ашып жатты.

Электронды сауда барған сайын даму үстінде. Тіпті мен алдында оқып қалдым, біраз уақыттан кейін адамдар, интернет арқылы тағамға тапсырыс беріп, одан кейін оны жүктеп алады екен. Бұл мүмкін, бірақ күлкілі болып көрінеді. Кезінде адамдар, ауа арқылы адам даусын таратуға болады деген кездегі әңгіме де осыған ұқсап еді, бірақ қазір ол – шындық.

Әлемдік деңгейде ғаламтор саудасының көлемі артып, бұл барған сайын тиімді бола түсуде, сондықтан болашақта көше саудагерлерін мүлде көрмеуміз де мүмкін.

P.S Ал бұл туралы не ойлайсыз?