Без рубрики

Evernote – ақпаратты сақтауға ыңғайлы бағдарлама

Қажетті ақпаратты сақтау көбіне бірнеше мәселе туғызады. Біз оны ұмытып қалуымыз мүмкін немесе бір қағазға жызып қойып оны да жоғалтып алуымыз да мүмкін. Мыслы: бір маңызды адамның аты жөні. Көбі оны миында сақтап алдым деп ойлап біраз уақыттан кейін ұмытып кетеді. Себебі мұндай ақпараттар уақыташа сақталады. Екеніші бірі оны өзінің блакнотына жазып қоюы да мүмкін, бұл жақсы, бірақ ол да жоғалып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан басқа тәсілге көшу керек.

Қазір замануй тәсілдер өте көп. Соның бірі Evernote бағдарламасы. Бұл да блакнот сияқты жұмыс істейді, қажетті ақпаратты жазып қоясыз. Ол тікелей серверде сақталып қалады. Яғни сіз бағдарлама орнатылған құрылғыны жоғалтып немесе зақымдап алатын болсаңыз тез қалпына келтіре аласыз, логи мен паролды жазсаңыз болды.

Evernote – тің негізгі қызыметі ақпаратты сақтау.

Артықшылығы:

Кросплатформалы – бағдарламаның әр-түрлі құрылғыға арналған нұсқалары бар. Қажетті ақпаратты компьютер арқылы жазатын болсаңыз басқа құрылғыдан да көре аласыз. Мысалы: телефон. Бұл өте ыңғайлы, себебі компьютерді барлық жерге алып жүре аламайсыз, бірақ телефонға Evernote бағдарламасын орнатып кез-келген ақпаратты жазып қоя аласыз. Барлық ақпараттар серверге синхрондалады.

Интерфеис. Бағдарлама интерфейсі ыңғайлы етіп жасалған және қолдануға ыңғайлы.

Веб-нұсқа. Егер ешқандай бағдарламаны құрылғыға орнатқыңыз келмесе онда веб нұсқасын пайдалана аласыз. Тек сайтына кіріп логин мен паролді жазсаңыз болды.

Қол жетімді. Evernote-ті тегін түрде қолдануға болады. Ақпарат сақтауға осы да жетеді.

Медиа-файлдар. Бұл жерде тек мәтіндік ақпарат сақтап қана қоймай фото, айдио және тағы басқа да файлдарды қоса аласыз. Бірақ мен бұны файл сақтау үшін қолдануды ұсынбаймын, оған арнайы бұлтты серверлерді қолданған дұрыс.

Пайдалануды бастау үшін бірінші сайтқа тіркелесіз кейін логин мен пароль арқылы аккаунтқа өтіп қолдана аласыз.