Без рубрики

Хостинг пен Домен дегеніміз не?

Бағдарламашылар көп қолданатын терминдердің бірі ол хостинг пен домен, сонымен бұл не болды екен?

Әсіресе web-бағдарламашыларға хостинг пен домен қажет себебі олар сайт жасаумен айналысады. Жасалған сайттың файлдары хостингте сақталады, яғни хостинг дегеніміз сайттың файлдарын сақтайтын жер.

Мысалы: сайттағы суреттер, видеолар хостингте сақталады. Ал домен дегеніміз сайттың аты. Мысалы: massaget.kz немесе facebook.com. Домен арқылы қолданушы сайтқа өтеді. Домендердің де көптеген түрлері бар: .kz, .com, .ru т.б. Бұл жерде kz дегеніміз ұлттық домен болып есептеледі,  себебі kz Қазақстандікі, ал ru Ресейдікі, com – халықаралық домен.

Хостинг тек шағын немесе орташа деңгейдегі жобаларға арналған ғана қолданылады. Мысалы сіздің жеке блогыңыз болса оны хостингкке орната аласыз. Егер ірі жоба болса оған сервер қажет болады.

Қазіргі кезде хостинг немесе домен сататын интернет компаниялар көптеп кездеседі.

Бұл мен ұсынатын компаниялар:

Beget

Beget.ru – хостинг сатып алуға болады, интерфейсі ыңғайлы етіп жасалған. Қажет болса доменді де сатып алуыңызға болады.

reg.ru

Reg.ru – домен сатып алуға арналған ең мықты компаниялардың бірі, дегенмен хостингті де сатып алуға болады.